7


ҰЛыстың ұлы күні наурыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні наурыз».

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: мерекеге сай безендіру, қабырға газеттері, нақыл сөздер.

Түрі: Мерекелік ойын-сауық кеші

Іс- шараның барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1-Қонақтарды қарсы алу

2- Ұлттық дастархан мәзірін дайындау

3- Іс-шараның барысымен таныстыру

4- Әділ- қазылар алқасын сайлау

ІІ. Негізгі бөлім.

1 жүргізуші

Қадірлі жиналған қауым! Ата- бабамыздан келе жатқан Наурыз- мерекесі өте ерте кездерден бастап тойланып келе жатқан халықтың тұрмыс - тіршілігімен тікелей байланысты бірте- бірте қалыптасқан мейрам. Бұл мереке көптеген шығыс халықтарының көне күнтізбесінде «Жаңа жыл басы » деп саналады. Наурыз мерекесі табиғатта болатын ұлы маусымдық өзгеріспен, күн мен түннің көктемгі теңесуімен тікелей сәйкес келеді.

Наурыз мейрам жүректерге гүл сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр Күн көктен.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн- Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.-деп, алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры беріледі.

2-жүргізуші Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың Ұлы күні келді достар! Мерекеміз құтты болсын!

Бірге: Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!- дей келе бүгінгі «Тойлатайық,халық тойын Наурызымның» атты Наурыз мерекесіне арналған кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Алдымен бүгінгі кешіміздің жоспарымен таныстырып өтейік.

2-жүргізуші:


1.Ұлтық өнер (Әр сынып ата- аналарымен оқушылары өз өнерлерін көрсетіп өтеді).

2.Ұлттық ойын.


4.Ұлттық тағамдар байқауы

5.Қорытындылау.

2-жүргізуші: Келді Наурыз гүлімен, тасқынмен

Құлпырып, қайта өзгеріп жастығымен

Бұл мереке ән- жырдың мерекесі,

Қуантатын ауылды шаттығымен

1- жүргізуші:Бауырласқан тәнтіміз

Бұзылмаған салтымыз

Өзге ұлттай біздіңде

Бар дәстүрменен салтымыз - дей келе бүгінгі мерекеміздің қадірлі қонақтары әділ - қазылар алқасын сайлап алайық

1. Әділ- қазылар алқасының төрағасы мектеп директоры

Құрметті! әділ- қазылар алқасы өз орындарыңызға келіп отыруларыңызды сұраймыз.

1-жүргізуші:Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарап алайық

Досқа құшақашайық

Өлең-жырға басайық,

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық,- дей

келе мерекемізді бастаймыз. (Би Шашу шашылады)

2-жүргізушіҚазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күңде шаруадан босап еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Сол күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

1-Жүргізуші: Уа ағайын! «Наурызым - бабамның сөзі», « Наурызым анамның сөзі» ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» - демекші үш биімізден бата сұрап алайық.

Төле бидің батасы

Қазыбек бидің батасы

Әйтеке бидің батасы(Үш би ортада отырады да, бата береді)

Баталарыңыз қабыл болсын!

2.жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке

Қастерледік, қадіріңді білдікте,

Құтты болсын, ұлы күн жұмылдыр

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке- дей отырып ортаға 5 «а» сынып оқушыларымен ата- аналарының өнерін тамашалауға шақырамыз.

1.ән-би

2.көрініс«Тұсау кесер» ата -аналардың қатысуымен

1жүргізуші: Шыға келер сыланып сылаң келер

Қияңдағы қиялды қыранға ерлер

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында .

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер, -дей келе, ортаға 6 А сынып оқушыларымен ата- аналарын шақырамыз.

1. Ән - би

2.Көрініс (Қыдыр ата, күн, Наурыз ата)

2-жүргізуші: Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа кеңеледі.

Наурыз тойы салтымыз,

Тойлап жатыр халқымыз - дей отырып кезекті ойынға берейік ( әр сыныптан бір ата - анадан ортаға шығып сұраққа жауап береді)

1.Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыз?

2. Биыл 2015 жылы қандай тарихи маңызды мерекелер елімізде тойланғалы жатыр?

3.Наурыз көжені қалай дайындайсыз оның құрамын атап беріңіз?

4.Нәресте дүниеге келгеннен бастап салт- дәстүрге байланысты тойланатын мерекелік тойларды атаңыз?

5. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз?

6.Ұлттық ойындарды ата?

7.Алғашқы көктем келісімен шығатын гүлдерді атап беріңіз?

8.Қазақтың ұлттық биін билеңіз?

9.Қазақ әнін орындаңыз?

1-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі - жас ,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Аталар бата беріскен- дей келе кезек 6 Б сынып оқушылары мен ата-аналарына беріледі.

  1. Ән- би

Көрініс ( Төс қағыстыру )

2-жүргізуші: Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді,

Суық сорған жаныма шуақ құйған

Осы еді ғой күткенім көптен бері - дей отырып ортаға сынып ата- аналарымен шақырамыз.

Ән- би

  1. Көрініс ( Бата беру)

  1. жүргізуші: Сәлем бердік! Жас наурыз- жылдың басы!

Жұрттың күткен мінекей ықыласы!

Көжесін қып, Күйбеңдеп, басын асып,

Бермек әркім барынша қонақасы - дей отырып,әділ-қазылар алқасынан бүгінгі Наурыз мерекесіне арнап дайындалған наурыз көжеден дәм татып,әділ бағасын беруді сұраймыз. Әділ - қазылар дастарханнан дәм татып болғанша,«Арқантартпақ» ойынын тамашалайық.Ортаға 5А және 6А сынып оқушыларын шақырамыз.

Жеңген сынып келесі сыныппен тартысқа түседі.

2.жүргізуші:Келесі ойынымыз « Жұмбақтар шешу»Кім шапшаң тез шешеді.


Ана ауылдың бурасы,

Мына ауылдың бурасы,

Желкілдейді шудасы. Ол не?(түтін)


6 «а» Аспаннан күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. Ол не? (Күннің күркіреуі)

1.жүргізуші:

6 «б» Жабық астында жарты күлше. Ол не? (ай)


7 «б» Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. Ол не? (Түйе)

2-жүргізуші:

Кең жайылып Наурыздың дастарханы,

Алдымызға ақ жеңге ас тартады .

Жаса , жаса Ұлыстың Ұлы күні

Бар әлемге береке шашқан таңы!

1- жүргізуші:

Көктемнің жан сергітер самалы есіп.

Келіп тұр Наурыз тойы қағып есік,

Қырандай қиырға қанат сермеп,

Жасай бер туған елім - алтын бесік - дей келе осымен Наурыз мерекесіне арналған мерекелік кешіміз аяқталды.

Бірге: Ұлыс оң болсын ! Ақ мол болсын!

2-жүргізуші: Осымен қорытындылау сөзді мектеп директоры Бозов Шынарбек Қасымұлына беріледі.


Бүгінгі мерекелік кешімізге ат салысып қатысқандарыңызға көп рахмет!


Технология кабинетінің 2015-2016 оқу жылына жұмыс жоспары

Жұмыстың мазмұны

Уақыты

Жауапты





1

Кабинетті жаңа оқу жылына әзірлеу.Кабинетті көгалдандыру.

тамыз

Қ. А. Даутбекова

2

Сынып белсенділерін сайлау Технология кабинетін құрал - жабдықтарды , толықтыру

қыркүйек

Қ. А. Даутбекова

3

Әдістемелік газет- журналдарға жазылу

қазан

Қ. А. Даутбекова

4

Әдістемелік әдебиеттер қатарын толықтыру

қараша

Қ. А. Даутбекова

5

Үлестірмелі дидактикалық материалдарды толықтыру.

желтоқсан

Қ. А. Даутбекова

6

Оқушылар шығармашылық папкасын дайындау

қаңтар

Қ. А. Даутбекова

7

Кабинетке буклеттер жасау

ақпан

Қ. А. Даутбекова

8

Техникалық құралдармен жабдықтау

наурыз

Қ.А. Даутбекова

9

Бөлме гүлдерін өсіріп, күту

сәуір

Қ. А. Даутбекова

10

Кабинетті ағымдық жөндеуден өткізу.

мамыр

Қ. А. Даутбекова

Кабинет меңгерушісі: Қ. А. Даутбекова.


.





№ 21 кабинет еден жууға арналған



№ 21 кабинет парта жууға арналған



№ 21 кабинет тақтаға арналған



Оқу кабинетінің жабдықталу критерию



1. Кабинет паспорты

  1. Сабақ кестесі

  2. Даму жоспары

  3. Қазіргі оқу әдістемелік жабдықтар

  4. Әдістемелік құралдар, әдістемелік журналдар, балдырған, қазақстан әйелдері, мектептегі технологиясы,Ұстаз әдістемесі, Білім шапағаты, Ізгілік,

  5. Сөздіктер, сыныптан тыс оқулықтар

  6. Лексикалық, грамматикалық, сызба нұсқалар, үлестірме материалдар

  7. Т.С О. Дискет. Магнитофон

9. Кабинеттің санитарлық - гигиеналық жағдайы. Мектеп мүлкінің сақталуы

10. Техника қауіпсіздігі мен адам өмірінің қауіпсіздігі туралы ереже

11. Кабинеттің эстетикалық жағдайлары



Технология кабинетінің атқаратын міндеті

  1. Мектептің пән бірлестігінің әдістемелік жұмысты ұйымдастыруы мен тәжірибе жинақтау жұмысына көмек көрсету.

  2. Кабинетті ғылыми - әдістемелік оқу- құралдарымен қамтамасыз ету.

  3. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне қажетті әдебиеттердің іріктеу.

  4. Оқушылардың шығармашылығын ұйымдастыру.

  5. Үйірме жұмыстарымен оқушылар конференциясын ұйымдастыру.

  6. Мектепшілік кабинеттерімен тәжірибе алмасып отыру.

  7. Кабинеттегі барлық оқу- құрал жабдықтауы және басқа мүліктер картатекалық және инвентарлық журналға.

  8. Сынақ жүргізу кезеңінде дайындық жұмыстарын жүргізу, кеңестер ұйымдастыру.

  9. Кабинеттің сақталуына кабинет меңгерушісі мен кабинеттің кеңес мүшелері жауап береді.

№ 21 Технология кабинетінің жоспары:

  1. Кабинеттегі стенділер мен сынып бұрышын жаңалап отыру.



  1. Дидактикалық, үлестірмелі құрал жабдықтарды толықтыру.

  1. Методикалық папкалар және методикалық әдебиеттер қатарын толықтыру.



  1. Кабинет жабдықтардың (парта, шкафт, убор, инвентарь) жағдайын қадағалап, таза ұстау.

Технология кабинетінде жасалатын жұмыстың жылдық жоспары.

  1. Оқушыларды кабинетте жұмыс істеу ережелерімен таныстыру. (қыркүйек)

  2. Кабинетті күрделі жөндеуден өткізу. (мамыр, маусым)

  3. Жиһаздарды құрал жабдықтарды күтіп ұстау, жөндеп отыру. (жыл бойы)

  4. Көрнекіліктерді толықтыру. (жыл бойы)

  5. Технологияның барлық бөлімдері бойынша дидактикалық материалдар жинақтау. (жыл бойы)

  6. Білімдерін тексеретін карточкаларға картатека жасау. (жыл бойы)

  7. Кабинеттегі өсімдіктерді көбейту, күтіп баптау. (жыл бойы)

  8. Практикалық, зертханалық жұмыстарға қажетті заттарды жинақтау.

  9. Еңбек қауіпсіздік бұрышын жасау.

  10. Техникалық құралды , көрнекіліктерін жасау.

Технология кабинетінің перспективалық жоспар 2015 - 2020 оқу жылдары.

р\с

Кабинеті ретке келтіру.

Дидактикалық материалдар

Әдістемелік әдебиеттер

Кабинет стендер

Кабинет папкаларын реттеу


2014-2015 ж.

2015-2016 ж.

2016-2017 ж.

2018-2019ж.

2020ж

1

Кабинет жиһаздарын ретке келтіру

Үлестірмелі карточкаларды толықтыру. 5-11сынып

Әдебиеттер әдістемелік журналдар

Жаңа техникалық құралдары мен толықтыру

Тақырып бойынша көрнекілік папкасын реттеу

2

Интерактивт-ік тақта, электрондықоқыулар

Дидактикалық материалдарды толықтыру 5,6 сыныптар

Технология пәні әдістемелік газеттер

Кабинетке аудио-видео кассеталар толықтыру

Дарынды оқушылардың папкасы

3

Техникаалы-қ қауіпсіздік бұрышы

Үлестірмелі карточкалар 5,6,7 сыныптар

Әдістемелік нұсқауларды толықтыру

5-11 сынып аралық тесті толықтыру

Көрнекілі-ктерді толықтыу

4

Іс машиналарын іске қосыу.

Үлестірмелі карточкалар 8,9 сыныптар

Әдістемелік жаңа технологиясы-н толықтыру

Заман талабына сай стендтер дайындау

Өз білімін көтеру папкасын дайындау

5

Кабинет папкасын реттеп жасау

Дидактикалық материалдарды толықтыру 7,8 сыныптар

Сыныптан тыс оқуға әдебиеттер жинақтау

Буклеттер жинағын толықтыру

Жаңа технологи-я папкасы

6

Кабинеттің ішкі құжаттарын толықтыру

Үлестірмелі карточкалар 10-11 сыныптар

Әдістемелік журналдар мен газеттерді (жыл бойы) толықтыру

Тірек- сызба, суреттер дайындап жинақтау

Тәрбие жұмысын толықтырып реттеу



Кабинет меңгерушісі Қ. А. Даутбекова.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал