7


  • Учителю
  • урок по технологии на тему 'Алжапқыштың және орамалдың сызбасын есептеу, құрастыру' (6 класс)

урок по технологии на тему 'Алжапқыштың және орамалдың сызбасын есептеу, құрастыру' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету. Оқушыларға сызба құрастырудың маңызын түсіндіру, өлшемдердің мағынасын ашу, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданудағы шығармашылық ой-қиялын дамыту. Әсемділікке, ұқыптылыққа ба
предварительный просмотр материала



АЛЖАПҚЫШТЫҢ ЖӘНЕ БАС ОРАМАЛДЫҢ СЫЗБАСЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ

І. Сабақтың тақырыбы: Алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын
есептеу және құрастыру.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың
сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету
ә) Дамытушылық мақсаты: оқушыларға сызба құрастырудың маңызын
түсіндіру, өлшемдердің мағынасын ашу,
теориялық білімдерін іс жүзінде
қолданудағы шығармашылық ой-қиялын
дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты: әсемділікке, ұқыптылыққа баулу, алжапқыш
түрлерінің құрылымын түрлендіру арқылы басқа да
сәнді алжапқыштар жасау дәрежесіне тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың әдісі: нұсқаулық, сарамандық, сұрақ- жауап.
ІҮ. Сабақтың түрі: аралас
Ү. Сабақтың көрнекілігі: нұсқаулық карта, плакат, компьютер,
ҮІ. Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика, қазақ тілі.
ҮІІ. Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
1. Өлшемді немен алады?
2. Өлшем ұзындығы мен айналымы қалай жазылады?
3. Өлшем алу ережесі
4. Алжапқыш не үшін қажет?
5. Алжапқыш неше бөліктен тұрады?
6. Алжапқыштың қандай түрлері бар?
Жаңа сабақ
Тігін бұйымдарын дайындау - ерте кезден келе жатқан кәсіп, қолөнер сияқты атақты шеберлері мен суретшілері болды. Қазіргі уақытта киім жасау - адамзаттың тұрмыстық сұраныстары мен қажеттіліктерін өтейді.
Киім жасаудың технологиялық процесі үш кезеңнен тұрады: үлгі жасау, құрастыру және үлгі шығару; матаны пішуге дайындау; бұйым тігу және оны өңдеу.
Киім тігу - ұжымдық үрдіс, оған әртүрлі мамандар қатысады. Суретші-модельер эскизін сызады, содан кейін конструктормен бірге киім шығару технологиясын жасайды. Ал өндірістік киім жасауға санитар-дәрігерлер, физиологтар, тоқыма және тігін өнеркәсібі саласындағы ғалымдар, экономистер қатысады. Жұмыс жағдайы мен сипатына байланысты өндірістік киім:
- Адамды зиянды заттардан, өрттен, соққыдан, қызған металл сынығынан немесе қолайсыз табиғи ортадан - суықтан, ыстықтан, судан, т.б. қорғайтын арнайы киім.
- Адам денесі мен киімін ластанудан қорғайтын жалпы типті киім.
- Азық-түлік шикізатын, тамақты, құрал-жабдықтарды, адам денесі мен тұрмыстық киімін қорғайтын санитарлық киім болып бөлінеді.
Үйде, ас үйде жұмыс істеу үшін арнайы киім киеміз. Ол алжапқыш, орамал, қалпақ, халат сияқты алжапқыш және т.б. болуы мүмкін. Тамақ жасау кезінде киімнің сыртынан ластанбау үшін алжапқыш киеді. Азық-түлік пен тамаққа шаш түспеу үшін бас киім киеді. Бас киім мен алжапқышты ашық түсті мақта матадан тігеді, өйткені оларды жиі-жиі жуып, үтіктеу үшін. Фасондары әр түрлі, кеудесі жоқ, кеудесі қиық, кеудесі алынып-салынатын, тұтас пішілген, т.б. болады.
Алжапқыш - «фартук» сөзі ХҮІІІ ғасырда поляк тілінен алынған. Поляк тілінде «fartuck» - алжапқыш сөзі немісше «fоrtuck» -бір нәрсені жауып тұратын қиық материал деген сөзден туындаған.
Әрбір адам үйде және жұмыста барлығы қолайлы және әдемі болуына ұмтылуы керек. Себебі адамның жалпы мәдениеті тек білімі мен мамандығына ғана байланысты емес. Мамандық жұмыс уақытымен шектеледі, ал мәдениет - адамға кез-келген уақытта, кез-келген істе - әр түрлі тұрмыстық жағдаятта қажет білім.
Мәдениет адамды тамақты, дастарқанды жасауынан, үйді жинауынан, т.б. іс-әрекеттерінен көрінеді.
Орыс жазушысы А.П.Чехов «Адамда барлығы, сырт көрінісі, киімі, ойлары да жақсы болуы тиіс» - деген.
Сондықтан оқушылар әдемі алжапқыш тігу үшін шығармашылықпен жұмыс істеуі керек.
Сызба сызу - күрделі жұмыс, бұған назар аудару керек.
Сарамандық жұмыс
Алжапқыш пен бас орамалдың сызбасын құрастыру
Қажетті құрал-жабдықтар: пішу сызғышы, бұрыштама, қалам, өшіргіш,
қатты қағаз.
Жұмыстың орындалысы:
Алжапқыш сызбасы салу
1. Б нүктесінен алжапқыш енін белгілеңдер.
ББ1 = Мжа :2 + 10
2. Б нүктесінен Ұ нүктесіне дейін алжапқыш ұзындығы
КҰ + ТБҰ
3. Б нүктесінен көкірекше ұзындығын қалдырып, көлденең сызық сызыңдар.
БК = КҰ
4. Б нүктесінен бастап көкірекше енін белгілеңдер.
ББ2 = 7 см
5. К нүктесінен бастап бел сызығы бойымен көкірекшенің енін қалдырыңдар.
КК2= 8,5 см.
6. Көкірекшенің бүйір жағын алып, Б2 және К2 нүктелерін қосыңдар.
7. Б нүктесінен бастап қалтаға орын қалдырыңдар.
КҚ = 7 см.
ҚҚ1=7 см.
Қ1Қ2= 14 см.
Қ1Қ3= 15 см.
Үшкіл орамал сызбасын салу
1. Үшкіл орамалдың ұштарының ұзындығы ББ1 = ББ2
2. ББ2Б1 үшбұрыш сызыңдар.
Белбеу сызбасын сызу
1. ББ1 -белбеу ені - 5 см.
2. ББ2 - белбеу ұзындығы - Бжа + 30 см
3. ББ2Б3Б1 тіктөртбұрышын белгілеп сызып шығыңдар.
Аспа бау сызбасын сызу
1. АА1 -аспабау ені - 5 см.
2. АА2 - аспабау ұзындығы - 50 см
3. АА2А3А1 тіктөртбұрышын белгілеп сызып шығыңдар.
Назар аударыңыз!
- Пішу кезінде матаны үнемдеп жұмсау;
- Матаға алдымен үлкен, содан кейін кішкентай бөлшектерді жаю.
Сергіту сәті
Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастырыңыз.
1. Еңбегі аздың өнбегі аз.
2. Көрнекті іс көмілмейді.
Сабақты ине сәтімен.
3. Түсі келіспей, ісі келіспейді.
4. Жалқау жатып бұйырады.
ҮІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Киім тігу үшін юожалауға қандай мамандар қатысады?
2. Алжапқыш сөзі қандай мағына береді?
3. Үлгіні неде орындайды?
4. Алжапқышты қандай матадан тігеді?
ІХ. Сабақты қорытындылау, бағалау
Х. Үйге тапсырма беру.
Төменгі бөлік пен көкірекшенің қиындыларын қайырып тігіп келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал