7


  • Учителю
  • Темір жолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу пәнінен ашық сабақ

Темір жолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу пәнінен ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Пән аты: «Темір жолға техникалық қызмет көрсету және

жөндеу»

3 курс, 1 тоқсан, М-31 тобы

Тақырыбы: «Қарапайым бағыттама бұрма құрылымы

және оны күтіп ұстау»

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- қарапайым бағыттама бұрманың констркциясы;

- ерекшелігі мен кемшілігі;

- күтіп үстау тәртібі;

Дамытушылық:

- кәсіптік қызығушылығын дамыту;

- өзінің ойын нақты тұжырымдауға уйрету;

- ақыл - ойын жан- жақты жетілдіруге дағдыландыру;

- есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелілігі:

- техникалық маман ретінде істелетін жұмыстарға деген

жауапкершілік сезімін ояту;

- өз беттерімен ойын тұжырымдап және дамыта білуді

қалыптастыру.

  • Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Оқыту әдістері :

- интарактивтік әдіс, өткен тақырыптарды жүйелі түрде қайталау, іздену және сараптау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:

- «ТПЕ және ҚҚ»;

- «Темір жолдың жалпы курсы»

- «Материалтану»

Сабақтың материалды - техникалық жабдықталуы:

Көрнекілік құралдар:

- интерактивті тақта;

- компьютер;

- бейне материал;

- слайдтық мтериал



Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру бөлімі (2-3)

2. Үй тапсырмасын тексеру (25-30)

3. Жаңа тақырып (25-30)

4. Оқу алаңына баруға (3-4)

5. Жаңа тақырыпты бекіту (5-10)

6. Қорытынды бөлім, бағалау (3-4)



Сабақтың барысы мен мазмұны

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын тексеру;

- сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру;

- оқушыларды екі топқа бөлу;

- сабаққа кіріспе (оқушыларға қарапайым бағыттама бұрма А4 фарматтағы қиындысы таратылады, қиындыға оқушылар сабақтан не күтетіндігін жазады, сабақ соңында ойлаған мақсатына жетсе суреті құрастырады)

2.Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар топтарға бөлініп ойын түрде қойылған сұрақтарға бәсекелестікте жауап беру арқылы үй тапсырмасына қаншалықты дайын екендігі тексеріледі.

Ойын төмендгі бөлімдерден тұрады:



1 - бөлім

Үйге берілген тапсырма бойынша әр командадан бір оқушы еркін тақырыпта баяндама оқиды.

2 - бөлім

« Топтастыру» ойыны

Бол ойында оқушылар берілген тақырыпты мағынасына қарай топтастыру керек

Темір жолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу пәнінен ашық сабақ

3 - бөлім

«Бағалы сұрақ» ойыны

Ұяшықта төрт түрлі тақырыпта сұрақтар жасырылған, екі топ кезекпен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинауы қажет.





Жол шаруашылығын басқару структурасы

10-Жол айналымын (околотка) кім басқарады?

Ж/бы: Жол шебері

20- Жол дистанциясының келтірілген ұзындығы қанша?

Ж/бы: Қос жолда 200-300 км, ал дара жолда 150-200 км;

30- Жол дистанциясы айналымдарға (околотка) бөлінеді оның

ұзындықтары қанша болады?

Ж/бы: Қос жолда 22-30 км, ал дара жолда 20-25 км;

40-Жол дистанциясының басқару структурасын көрсет

Ж/бы: Темір жолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу пәнінен ашық сабақ

Жол шаруашылығын жүргізу негізі

10-Жолды күнделікті күтудің мақсаты мен міндеті

Ж/бы: Жылжымалы құрамның белгіленген жылдамдықта қауіпсіз қозғалысын қамтамассыз ету және жолдағы дұрыссыздықты тауып, себебін анықтап дер кезінде жою;

20- Жолды көтерме жөндеуде қандай жұмыстар орындалады?

Ж/бы: Шпалдарды қағып, жолы белгілі деңгейге дейін көтеріп, балласт төсейді, шпалдарды, рельстерді және бекітпелерді жекелеп ауыстырады

30- Тосын сый

40- Жолды орташа жөндеуде қандай жұмыстар орындалады?

Ж/бы: щебень қабатын тазартып, таза щебень балластын төсеп, жарамсыз шпалдарды ауыстырады, жөндеуге жарайтын ағаш шпалдарды жөндейді және жер төсемі мен су бұру құрылғыларын жөндейді.



Түйіспесіз жол күтімі

10- Жылдың қай мезгілінде түйіспесіз жолдың кернеуі алынады?

Ж/бы: күзде және көктемде

20- Теңгергіш рельстер қайда орналасады және не үшін қажет?

Ж/бы: түйіспесіз плеттің екі жағында үш қатардан

дейміз және плет созылғанда не тартылғанда ауыстырып отырады.

30- Тосын сый

40- Түйіспесіз жолдың кернеуін алу жұмысының ретін айтып бер

Ж/бы: плеттің дәл ортасынан 50м жолдың (блок телім) аралық байланысы қаттылап бекітіліп, плеттің екі басынан аралық байланысы кезепен босатылады, ал бекіткенде ортадағы блок телімнен шетіне қарай бекітеді.



Әр-түрлі сұрақтар

10- Біздің колледжіміздің ірге тасы қай жылы қаланды?

Ж/бы: 1932 жылы

20- Өзіңіздің оқып жатқан мамандығыңыздын толық атауын шифрымен қосып айтып бер?

Ж/бы: №1107000 Теміржол көлігіндегі көтергіш көліктік құрылыс машиналары мен қондырғыларын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

30- Тоғыздың көбейту кестесін ешқандай көбейтусіз, косусыз, алусыз, бөлусіз Қожанасырша дұрыс шешімін жазып бер

Ж/бы:

9 х 1=09 9 х 6=54

9 х 2=18 9 х 7=63

9 х 3=27 9 х 8=72

9 х 4=36 9 х 9=81

9 х 5=45 9 х10=90

40- Еліміздің ән ұранының бір шумағы мен қайырмасын айтып бер

Ж/бы: сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңкымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:



4 - бөлім

Бұл бөлімде оқушылар жолдың үстінгі бөлігінің элементтерінің артықшылығы мен кемшілігін айту арқылы салыстырады.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Қарапайым бағыттама бұрма құрылымы

2. Күтіп ұстау ерекшелігі

Бейнеролик: Бағыттама бұрманың рельс табаны енін өлшеу тәсілі

5. Жаңа тақырыпты бекіту.

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында екі топ колледждің оқу жаттығу алаңында бірінші команданың оқушысы бағыттама бұрманы өлшейді екіншісі дұрыс өлшемі қанша болатындығын айтып салыстырады.

6.Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма беру

- Екі топтың ұпай саны саналып, жеңімпаз топ анықталады;

- Оқушылар үй тапсырмасын орындағаны үшін, сабақ барысында белсене араласқаны үшін бағаланады;

Үй тапсырмасы: Темі ржол көлігіндегі соңғы жаңалықтарға баяндама дайындау, жаңа тақырып бойынша қосымша мәлімет әкелу.

Әдебиеттер:

«Темір жолға техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

В. И. Тихомиров

«Темір жолды күту және жөндеу» часть 1, М., Т. 1982 Крейнис В.

Қазақстан темір жолын техникалық пайдалану ережелері



Оқытушы: ____________Бурамбаева Б. Б.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал