7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан ыдыс - аяқ жасау

Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан ыдыс - аяқ жасау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Білімділік мақсаты: Ыдыстарды таныстыра отырып, оларды сомдап үйрету, Дамытушылық мақсаты: Шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.Сабақ түрі: жаңа сабақ.Барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ.
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан ыдыс - аяқ жасау

Білімділік мақсаты: Ыдыстарды таныстыра отырып, оларды сомдап үйрету,
Дамытушылық мақсаты: Шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.


Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үйге тапсырма беру
VI. Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Ермексаздан құлынды мүсіндеу.
Балалар біз құлынды тұтас ермексаздан жасап, оның құйрығымен жалын жеке жапсырдық. Балалар сендерге жеке жапсырған ба, әлде тұтас жасаған ба, қайсысы ұнады?
Бір - екі бала қалай жасағаны туралы айтады.
Туған баласын түліктің төліне теңеу қазаққа тән қасиет. Ата - ана баласын құлыным, құлыншағым деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнелеген.
- Құлын ненің төлі?
- Жылқының төлі.
- Жылқының бізге қандай пайдасы бар?
Еті - жесең тамақ, қазы - қарта, жал - жая тәрізді ұлттық тағамдарымыз әзірленеді. Қымызы ішсең шипалы сусын. Ол өкпе ауруына ем. Жылқыны жасына қарай: 1 жаста - құлын, 2 жаста - тай, 3 жаста - құнан, 4 жаста - дөнен, 5 жаста - бесті деп атайды екенбіз.
Балалар енді, мына сөз жұмбаққа назар аударып шешіп көрелік.
1. Биеден алынатын сусын қалай аталады?
2. Жылқының жасына қарай аталуының бірі.
3. Ата - ананың баласын еркелетуі.
4. Қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс.
Балалар ортада қандай сөз шықты?
- Ыдыс
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз ыдыс жайында болмақ.
III. Жаңа сабақ
Ата - бабалар мен шеберлер асқа пайдаланатын ыдысты тек таза заттардан, яғни емен, қайың, арша, алтын, күміс сияқты металдардан ғана жасаған. Ағаш ұсталары ыдыс - аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді?
Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таң қалдырып, қуаныш сыйлайды..
Көне ыдыстар олар: тостағандар, табақтар, астаулар, ожаулар, қасықтар болатын, сонымен қатар жез құмғандар, терілерден жасалған торсықтар.
Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған, себебі азық салуға және ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды. Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтар жасалған. Торсық тек қымызды құю үшін ғана емес, оны бабында ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз қашанда бабында сақталады.
Саба - қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс. Ол тұтас теріден (екіден бес теріге дейін) тігіледі.. Мес - емдік қасиеті бар, алысқа апарылатын ақты ешкінің тұтас терісінен жасалған.
Жылқы және ірі қара терісінен шелек, басқа да ыдыстар жасалған. Ата - әжелеріміздің ауылында осы көне ыдыстардың сирек түрі ғана сақталып, қолданылуда. Балалар мына менің қолымда сондай ағаштан жасалған табақ тұр, ұстап көрулеріңе болады.
Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан, қыштан, қағаздан, пластмассадан және т. б. материалдардан жасай бастады. Оған дәлел мына суреттегі ыдыстар.
- Балалар ыдыс - аяқтардың өмірде қандай пайдасы бар?
- Табаққа ет салып жейміз.
- Кесеге шәй, сүт құйып ішеміз
- Стакандарға түрлі сусындар құйып ішіміз
- Тостақ пен тәрелкелерге тамақтар салып жейміз
- Қасық, шанышқыларды да тамақ жеу үшін пайдаланады екенбіз.
Балалар бүгін біз ермексаздан ыдыс - аяқ сомдап үйренеміз. Ол үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.
Балалар алдымен мына «Ермексазбен жұмыс» бейнебаянына назар аударыңдар.

Оқушыларға ыдыстың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі.









Балалар шаршаған боларсыңдар, барлығымыз бірге сергіту сәтін жасап жіберейік.




Жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз.








5. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы тексеру.
- Ыдыс - аяқтарға нелер жатады?
- Адам өмірінде ыдыс - аяқтардың қандай пайдасы бар?
- Ермексаздан не жасап үйрендік?
- Қалай жасадық?
- Мүсіндеу мен сомдаудың бір - бірінен қандай айырмашылығы бар?

6. Үйге тапсырма: Ермексаздан ыдыс - аяқты сомдауды аяқтап келу.
7. Оқушылардың өзін - өзі бағалауы.

















«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Ермексазбен ыдыс-аяқ жасау

/ашық сабақ 2ә сынып/

















Технология пәнінің мұғалімі Бейсембаева М.А.













2014-2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал