7


  • Учителю
  • Урок, Робочие программы 'Сандық жасау технологиясы'

Урок, Робочие программы 'Сандық жасау технологиясы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сандық жасау технологиясы


Ағашты қолмен өңдеу кезіндегітехника қауіпсіздігі ережелері:
1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп,мұқият тексеру керек(верстактың қысқыш қораптары т.б.)
2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама.
3. Кесу,сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.
4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды,материалынды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Металмен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі ережелері:
1. Қаңылтырдың бетін,жиегін саусағыңмен сипама.
2. Қаңылтырменжұмысістегенде,міндеттітүрдеқолғап кию қажет.
3. Сымтемірменжұмысжасағанда,оныңекіншіұшынасақболғанжөн.
Сарамандық жұмыста сынып оқушыларын 2 топқа бөліп әр топтың тапсырмаларын түсіндіру.Алдымен қорабы мен қақпағын жинап,шегелеп,содан кейін қораптың бет жағына чеканка орнатады.Сарамандық жұмыс
Оқушылардың жұмыс жасауы үшін құрал-жабдықтарды,халаттарды үлестіреді.Әр топтың жетекшілеріне тапсырылады.
Қорытынды бөлім
Сонымен , сандық дегеніміз не?
Сандықтың қандай түрі бар? Сабақтың тақырыбы: Сандық жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларды сандық жасауға қажетті материалдарды таңдай білуге және оны жасап, көркемдеп өңдей білуге үйрету. Қажетті құрал саймандармен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушыларды еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелігі:оқушыларды халқымыздың ұлттық өнеріне деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін тудыру.
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақты оқыту әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,сарамандық және өз бетімен жұмыс
Қолданылған көрнекіліктер:интерактивті тақта,дайын жасалған сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, "Ағашты қолмен өңдеу және металмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі" плакаты,чеканка,буклет,тірек сызба.
Керекті құрал-саймандар: ағаш,қол арасы,сүргі,егеу түрлері,жұқа қаңылтыр, шекімелеу құралдары, балға,қарындаш,сызғыш т.б.
Пәнаралық байланыс:сызу,тарих,биология,экономика,бейнелеу өнері.

Сабақтыңбарысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Өткенсабақтықайталау.
1)Ағаштықолараменкесудіңқандайжолдары мен тәсілдері бар?
2)Ағаштысүргілейтінаспаптардыңқандай түрлері бар?
3)Сүргінікеріқозғалтқанда,қалыптыңартқыжағын неге көтереді?

ІІІ.Жаңа сабақ /түсіндіру/
Теория бөлімі:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сандық жасау технологиясы»
Сандық-киім кешек және т.б. заттарды салып сақтауға арналған үй жиһаздарының бірі.Сандықтың бірнеше түрі бар. Олар: жағдан, абажа, әбдіре, қобдиша. Бұл бұйымдардың жасалу тәсілдері бірдей. Сондықтан олар жеңіл әрі тұрмыста қолдануға ыңғайлы.Сандықтың қақпағы тұтас ашылады.
Әр халық сандықты өзінің ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлейді.

Орыс сандыгы
Қазақтың бірнеше ұлттық ою-өрнектері бар. Мысалы:
қошқармүйіз түйетабан
қосалқа құсқанаты
су өрнегі, т.б

Біз бүгінгі сабақта жағдан сандығын жасауды үйренеміз.Жағдан- азық-түлік не киім-кешек салуға арналған үй жиһаздардың бірі. Сандықты жасаудың мынадай әдістері бар:

Ежелден қазақ халқы үй жиһазын ағаштан жасаған.Қазақстанның мына аймақтарында ағаштың түрлері бар:Солтүстік Шығыста,Алтай төңірегін-де қайың,шырша,қарағай; Оңтүстікте терек, жеміс ағаштары; Батыста қарағай,қайың,жөке.
Жағдан сандығын жасауды нұсқау картасына сүйене отырып дайындаймыз.Әрі қарай ендігі жұмысты техника қауіпсіздігі ережелерін есте сақтай отырып, сарамандық жұмысты жүргіземіз.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағаштарды халық шеберлері дұрыс таңдай білген. Оған майқарағай, үйеңкі, терек секілді жұмсақ ағаштарды пайдаланған. Олар жұмсақ болғандықтан, шытынап жарылмайды. Мұндай материалдың тілініп алынған бетіне өте нәзік ою-өрнектерді салуға болады және оны орындау мен әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Көркемдеп өңдеу жұмыстарына бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажеттіөлшеммен кесіп, сүргілеп, өңдегеннен кейін тақтай бетіне өрнек бейнесін көшіреді. Өрнекті қашаудың немесе пышақтың арнаулы түрлерімен ояды. Өрнекті қандай түрде орындау үлгіге байланысты. Қажетті бұйымды жасауға әбден кепкен ағаш материалдарын таңдап алады. Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар. Оларды негізінен екі түрге бөлінеді: бедерлеп ою және жұмырлап ою. Бедерлеп ою деп тегіс тақтайдың бетіне өрнек салып, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлеммен мүсіндеуді айтамыз. Енді сандыққа келетін болсақ, алдымен сандықтың қандай көлемде болуы керектігін анықтап алу керек. Ұзындығын, енін, биіктігін анықтап алғаннан кейін оның эскизін қағаз бетіне түсіріп, үш жағынан қарағандағы көріністерін салу керек және оның бетіне қандай ою-өрнек салу керектігін анықтап алу керек. Яғни оның технологиялық картасын сызып, орындау. Сонан соң келісілген өлшемдер бойынша тақтайларды кесіп, оларды құмқағазбен өте таза, тегіс қылып өңдеу керек. Бұдан кейін бетіне, бүйір беттеріне оятын өрнектерді қара қағаз арқылы тақтай беттеріне түсіреді. Өрнектерді талапқа сай кесіп, ойып болған соң, құрастарып, шегелейді. Бұдан кейін топсаларын, тұтқаларын, ілгішегін орнына шегелейді. Құрап болған соң сандықты құм қағазбен қайтара ысқылап, тазалап шығып, лактайды. Лакты кептіріп отырып, бірнеше рет жағады. Ойылған өрнектің фонын, әркімнің қалауы бойынша қоңырлатуға немесе бедерлі қылуға болады. Жұмыс барысында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап отырулары үнемі ескертіліп отырады.
Сандықтар қандай әдіс-тәсілдерімен жасалады?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Сандықтың түрлері туралы мәнжазба жазып келу. Топтыңжетекшісі еңбек құралдарын жинап мұғалімге тапсырып,кезекші шеберхананы жинастырады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал