7


  • Учителю
  • Бастауыш 'Толағай' эстафеталық сайыс

Бастауыш 'Толағай' эстафеталық сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Толағай» эстафеталық сайыс

Мақсаты:

Оқушыларға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Эстефеталық ойын

Көрнекілік: шеңбер, картоп, қап, алма


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті мұғалімдер және оқушылар бүгінгі «Толағай» сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

«Қайсар» және «Барыс» тобын шақырамыз.

(әр топ орындарына келіп, ұрандарын айтады)


«Қайсар»тобы

Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!


«Барыс» тобы

Топтың ұраны: Бізшымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер,

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.


Спорттық сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

  1. кезең. «Поровоз» ойыны

  2. кезең. «Есекпен жарыс» ойыны

  3. кезең. «Картоп жинау» ойыны.

  4. кезең. «Қаппен жарыс» ойыны.

  5. кезең. «Түйе мен қасқыр» ойыны

  6. кезең. «Алма жеп жарысу» ойыны

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар тілеймін!

Сайысымызды бастаймыз. Сайысымыздың


1- кезең «Паравоз» ойыны.

Мақсаты: Топ басшысы шеңберді алып кедергілерден айналып келіп, келесі адамын шеңберге кіргізіп қайтадан жүгіру. Сөйтіп барлық адамдарын шеңберге жинау керек.

-Балалар, түсіндікпе?

- Олай болса ойнымызды бастаймыз.

Әділ қазылардан бағаларын сұрау.


2- кезең. «Есекпен жарыс» ойыны

Мақсаты: Топ басшысы есекпен кедергілерден өтіп тапсырманы орындап, кедергімен келіп келесі оқушыға беру керек.

Тапсырма: Мақалдардың жалғасын табу.

  1. Жауға жаныңды берсеңде,

Сырыңды (берме)

  1. Болат қайнауда шынығады,

Батыр (майданда ) шынығады.

  1. Ашу - дұшпан, ақыл - дос,

Ақылыңа (ақыл ) қос.

  1. Оқу инемен құдық (қазғандай).

  2. Отан (үшін) отқа түс - күймейсің.

  3. Оқу - білім (бұлағы)

  4. Жаңбырменен жер (көгерер),

Батамен ер көгерер.

  1. Ерді намыс өлтіреді,

(Қоянды) қамыс өлтіреді.

  1. Ырыс алды - (ынтымақ)

  2. Өнер алды -(қызыл) тіл.

  3. Біліп тұрсаң да, (сұрап) ал.

  4. Қына тасқа бітеді,

(Білім) басқа бітеді.

3 - кезең. «Картоп жинау» ойыны

Мақсаты: Жерде төрт дөңгелек сызулы тұр. Сол дөңгелекке бірінші адам картопты салып шығады да, тапсырманы орындайды. Ал екінші адам картопты жинауы керек.


Тапсырма. Есеп шығару

1. 113 • 3 < 340 321 • 3 < 1000

222 • 4 > 880 402 • 2 > 600

2. 356 + 421 = 777 412 + 279 = 681

689 - 235 = 454 600 - 350 = 250

3. (14+6) + 25 = 45 42 - (20 + 10) = 12

(80 + 20) - 50 = 50 60 - (20 + 15) = 25

4 - кезең. «Қаппен жарыс» ойыны

Мақсаты: Қапты аяққа кие отырып, кедергілерден өтіп тапсырманы орындау керек. Тапсырманы орындап болғасын, кедергіден қайта өтіп келесі адамға беруіміз керек.

Тапсырма: Дүниетанудан сұрақтар

  1. Бос жынысқа не жатады? (құм және саз)

  2. Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді?

(3 - ке. Жанғыш, кенді кенге жатпайтын )

  1. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесін не дейді? (географиялық карта)

  2. Табиғаттағы өзгерістердің барлығы не деп аталады? (табиғат құбылыстары)

  3. Сезім мүшелеріне не жатады?

(көз, құлақ, мұрын, тіл, тері)

  1. Адамның еңбек ету мүшесі? (қол)

  2. Табиғи денелерді ата. (күн, ай, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс)

  3. Жасанды денелерді ата. (үй, машина, үстел, орындық)

  4. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)

  5. Дәм сезу мүшесі? (тіл)

  6. Ауаны неге көрмейміз? (Өйткені мөлдір, түссіз)

  7. Табиғатта су қандай күйде кездеседі? (сұйық, қатты, газ)

5 - кезең. «Түйе мен қасқыр»

Мақсаты: Бірінші топ түйе, екінші топ қасқыр болады. Түйе тобы боталарын қасқырдан қорғау керек. Ал қасқыр боталарды жеуге тырысады.

  1. кезең. «Алма жеп жарысу» ойыны

Мақсаты: Су құйылған ыдыс тұрады. Судың ішінде алма бар. Сол алманы екі топтың топ басшылары келіп жеп жарысу керек.

Қорытынды бөлім.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол -

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлыАбай данамызда.


Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Көп уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал