- Учителю
- «Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»
«Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»
</<font color="#000000">Сабақтың тақырыбы: «Қыздың
шебер боларын бармағынан танырсың»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін,
эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, игі салт, озық дәстүрді
білу, әдептілік, инабаттылық, өнер секілді асыл қасиетттерді бойға
сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері,
валеология.
Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар,
қоржын, суреттер.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Сайыс сабақтың тақырыбымен таныстыру.
- Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.
- Әділқазылар алқаларымен таныстыру.
- Өнер көрсету сайысының шарттарымен таныстыру.
2. Сайыстың барысы.
3. Сайыс қорытындысы.
Сабақтың барысы.
- Армысыздар қадірменді көрермен қауым!
Бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбы: «Қыздың шебер боларын
бармағынан танырсың». Бұл сайысқа 6 «А» сыныптың «Өнерлі қыздары»
және «Сымбатты қыздар» тобы өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.
«Ұзақ ғұмыр», «қуаныш», «нұр» сыйласын
Өмірдің тыншымайтын ағыстары
- дей отырып, ақ маңдай, ашаң жүзді, аққу мойын, бота көз ару
қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың
өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош
келдіңіздер!
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып
өтейін.
1 - шарт «Сәлем - сөздің атасы» - деп аталады, әр топ атымен,
ұранымен, эмблемасымен таныстырады.
2 - шарт «Ана көрген тон пішер», қолөнер бұйымдарын көрсету.
3 - шарт Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.
4 - шарт «Білектей арқасында өрген бұрым», шаш үлгісін көрсету.
5 - шарт «Ою ойғанның ойы ұшқыр», текемет оюын ояды.
6 - шарт Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп беру.
7 - шарт « Ас адамның арқауы», салат дайындау.
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын
- Бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1. Технология пәнінің мұғалімі: Жұбатқанова Гүлнар
2. Технология пәнінің мұғалімі: Жолдыбаева Гүлжан
Балдық жүйе 5тең - 10ға дейін беріледі.
Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын
Өзімізше өзгеріп сән құрамыз
Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде
Таныстырсын өздерін топ аруларым.
1 - топ «Өнерлі қыздар» тобының басшысы: Аман Аида
2 - топ «Сымбатты қыздар» тобының басшысы: Маратқызы Ұлдана
Сайысымыздың 1 - шарты бойынша топтың атымен, ұранымен,
эмблемасымен таныстыру. «Сәлем - сөздің атасы», кезекті « Өнерлі
қыздар» тобына берейік.
Қандай жақсы майысып тұрғандарың
Бойыңа жиғандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын
- демекші, келесі кезекті «Ана көрген тон пішер» деп аталатын
сайсымыздың күрделі шарттарының бірі - қолөнер бұйымдарын көрсету.
Екі топ өз қолөнерін көрсетеді.
Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
Ақылына көркі сай арулардың
Сыналар білімі мен парасаты
- дей отырып, келесі кезекте салт - дәстүрге байланысты қоржыннан
сұрақтарды алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Ұлттық киімдер түрлері. (көйлек, бешпент, қамзол, шапан,
сәукеле, тақия)
2. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. (сырмақ)
3. Ең көне ою. (қошқар)
4. Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)
5. Зергелік бұйымдарды ата. (алқа білезік, сақина, сырға,
шолпы)
6. Қазақтың ұлттық бас киімі. (бөрік)
7. Ыдыс - аяқ салатын киізден жасалған әшекейлі дорба. (аяққап)
8. Баланың тұсауын қандай жіппен кескен. (ала)
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін
- деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті шаш үлгісіне
берейік.
« Ою ойғаның ойы ұшқыр» деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша екі
топтың қыздары текемет оюын оюды. Екі топқа қағаз беріледі. Сол
қағаздың бетіне түрлі - түсті қағаздан ою - өрнек ойып, түс
үйлесіміне қарай жарасымды етіп орналастыруыңыз қажет.
Сіздерге тұрақты сөз тіркесін оқимын мағынасын түсіндіріп
беріңіздер.
1 - топ сіздерге
1. Қыздың жиған жүгіндей (тиянақты, әдемі, тазалық, ұқыптыл
2. Үріп ауызға салғандай (сұлу, әдемі)
3. Түн ұйқысын төрт бөлу (баласын мәпелеген анаға ғана
айтылады)
4. Ауызы жеңіл (өсекшіл, аузында сөз тұрмайтын адам)
2 - топ сіздерге
1. Қатықсыз қара суға семіру ( уайымсыздық, тыныштық)
2. аспен көздің арасы (тез жылдам)
3. Ауыз буған өгіздей (үндемеу)
4. тқан (батыр, ержүрек)
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген күнім
Жақсы ғой тағамның да білген сырын
Көрсетсің келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Салат жасау уақыты да келді. Ортаға салат жасаушы қыздарды
шақырамыз.
Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,
Қазақтың қара көзі аруларым.
Тәмамдайық осы кешті әсем әнмен,
Өнеріне табынып арулардың
- дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқалары
шығарғанша кезекті әнге берейік.
«Туған жер» Орындайтын: Арыстанбекова Әдема.
Сапарбаева Назерке.
Әділқазылар алқасы, екі топтың бағасын қорытындылап, жеңген топқа
марапаттау қағазын табыс етеді.
Жүргізуші:
Иә, қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағаныңызға
көп - көп рақмет. Сіздердің өмірлеріңізге қуаныш, шаттық тілей
отырып жүректеріңіз қартаймасын, көңілдеріңіз ортаймасын демекпіз.