- Учителю
- Ұлттық ою-өрнектермен жұмыс жасау 6 класс
Ұлттық ою-өрнектермен жұмыс жасау 6 класс
В. И.ПАЦАЕВ АТЫНДАҒЫ №2 АЛҒА ОРТА МЕКТЕБІ
Тақырыбы: «Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау»
Өткізген технология пәні мұғалімі: З.Б.Кашкимбаева
2015-2016оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың ою - өрнек туралы түсініктері мен шеберлік
дағдыларын
қалыптастыру.
Дамытушылығы: Есте сақтау қабілетін дамыту, қолөнерге қызығушылығын
арттыру.
Тәрбиелігі: Шеберлікке, үнемділікке тиянақтылыққа баулу, әдемілікті
сезіне білуге, шебер адамдарын құрметтеуге, олардың еңбектерін
бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Топтық сайыс сабақ.
Сабақ типі: Қорытынды сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, альбом, бағалау парағы, қағазға
жапсырылған оюлар, кесте тігістері, матаға басылған оюлар.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика.
Қажетті құрал - жабдықтар: Ақ, түрлі - түсті қағаз, желім,
қайшы, бір түсті маталар, ине, жіп.
Қауіпсіздік ережесі: Қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс жасау.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: А) оқушыларды түгелдеу.
Б) құрал жабдықтарын тексеру. (2 минут)
2. Сайыс сабақ
Топқа бөлу
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
3 топқа ақ қағаз тартылады.
І. Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер? деген сұраққа әр топ
жауаптарын жазады. (5 минут)
(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ,
бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты,
шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).
ІІ. Түрлі - түсті қағаздан ою қиып, ақ қағазға жапсыру. (5 мин)
Әр топ өздері жасаған ою - өрнектерін ақ қағазға жапсырады.
ІІІ. Қиған оюларын матаға орналастырып тігу. (15 минут)
Әр топ өздері «қошқармүйіз» оюын матаға орналастырып тігеді.
(көктеу)
IV. Сұрақ - жауап. (10 минут) Әр топ сұраққа жауап береді.
І топ:
Қазақ халқы қандай оюды ерекше пайдаланады? (қошқармүйіз)
Симметрия дегеніміз не? (бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін
симметрия дейді).
Ою - өрнектер кімнің қандай бөлшегіне орналасады? (алдыңғы өңір
жиектеріне, жеңіне, етегіне т.б)
ІІ топ.
Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды? (бір бүктеу, екі бүктеу, үш
бүктеу, т.б күрделеніп орындалады)
Ою - өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлейді? (қоржын, түскиіз,
текемет, жүкаяқ, кебеже т.б)
Бұйымға орналасқан оюды уақытша қандай тігіспен орындайды? (көктеу
тігісі).
ІІІ топ:
Ою - өрнек дегеніміз не? (қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі
біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді)
Қандай өрнектер қазақ ою - өрнек өнерінің негізі болып табылады?
(мүйіз бейнелі айшықтар)
Сәукелені кімдер киеді, оны немен әшекейлейді?
(Сәукеле - қалыңдықтың бас киімі. Оны алтын, күміс, маржан
тастармен әшекейлейді)
V. Қорытынды:Бұл бөлімде үйден дайындап келген оюларын
тапсырады. (5 минут)
Тапсырма: Ою - өрнектің күрделі тігу. (1 минут)
Бағалау парағы: Әр топты бағалай отырып, қай топтың жеңіске
жеткенін айтамын. (2 минут)