7


  • Учителю
  • Ағаш дінінен алынатын өнім түрлері (6 сынып)

Ағаш дінінен алынатын өнім түрлері (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6 сынып

Пән: Технология

Сабақ №4

Тақырып: Ағаш діңінен алынатын өнім түрлері

Сабақтың мақсаты білімділік: Ағаш діңінен өңделетін материалдармен олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.

Дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі болатынын, оның қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып, оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу

ә) тізім бойынша оқушыларды түгендеу

б) оқушының сабаққа дайындығын тексеру


IІ. Жаңа білімдерді қалыптастыру:

Тақырып: «Ағаш діңінен алынатын өнім түрлері»

Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері өңделеді. Олар ағаш ұсталығының барлық өңірінде де кең көлемде қолданылады. Ағаш дегеніміз - өсіп тұрған тығыз материал. Ол тамырдан, діңінен, бұтақтарынан тұрады.

Ағаштың негізгі бөлігі-діңі. Халық шаруашылығында ағашты пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Ағаш әсіресе құрылыс ісінде аса көп қажет. Ағаштан есік, терезе блоктары, еден, түрлі жақтаулар мен таяныштар жасалады. Олар өлшемдеріне, жан-жағының кесілуіне қарай әртүрлі материалдарға бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыстағы ағаш шеберлігі жұмыстары кең көлемде механикаландырылған. Ағашты алғаш ұқсату кезінде электр арасының көмегімен тіледі. Бұтақ өңдеуші оператор бұтақтарда кесіп, ағаштың қабығын тазартып, көлденеңінен кесу станогынан өткізеді.

Кесілген ағаштардан еден тақтайларын, керегекөз (50х50), белағаш (50х200), шпал (200х200), шпон (1х1,5) горбыль т.б. материалдар дайындайды.

Ағаштың кесілген ұнтағынан қағаз, ДВП, ДСП бұйымдарын шығарады.

Ағаш кесінделерінің өлшемі туралы кесте толтыру

р/с

Ағаш кесінділерінің түрлері

Ағаш кесінділерінің өлшемі

1

Діңгектер

100 мм жоғары

2

Стропила

50х150, 50х200 мм

3

Шпал

150х200 мм

4

Обрешетка

50х50 мм

5

Шпон

0,5х3 мм



III. Жаңа білімді бекіту:

1.Шпон дегеніміз не?

2.Ағаш ұнтағынан алынатын өнімдерді ата?

3.Ұшқат дегеніміз не?

4.Діңгектер дегеніміз не?

5.ДСП қандай материал.

iV. Сабақты қорыту:

Қорытынды Бүгінгі өткен сабағымызда ағаш діңінен алынатын өнім түрлерімен таныса отырып, ағашты кесінділерге бөлу, олардан бұйымдар жасау, оқушылардың шығармашылық қиялын дамытып, шеберлігін арттыру.



VII. Үйге тапсырма беру:

Бұранда түрлері мен оның оймаларын ажырату, бұрама шегетүрлерін қолданатын жерлерін қарастыру

VIII. Оқушыларды бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал