7


  • Учителю
  • 5 сыныпка арналган конспект 'Кол тигистерин уйрену'

5 сыныпка арналган конспект 'Кол тигистерин уйрену'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қол тігістері

Матаға жіпті бекіту әдістерінің бірі - түйіншек. Бірақ ол матадан өлшеп көрген кезде немесе киіп жүрген кезде шығып кету жағдайлары болады. Сондықтан бір орында бір неше рет тепшіп тігімдер жасауға болады. Үнемі тігістер үшін 3 - 4 тігімдер жасайды, ал уақытша тігістер үшін 2 - 3 тігімдер жасалынады.

Оймақ туралы да айтқым келеді. Оны оң қолдың ортанғы саусаққа киіледі (солақайларға сол қолға). Оймақпен матаға өтпеген кезде иненің құлағынан итереді.

Көктеу тігістері бөлшектерді уақытша біріктірген кезде бор сызығы және бүрмелер үшін қолданады. Ондай тігістердің ұзындығы 0,5 тен 3 см ге дейін болады.

Бөлшектер қозғалып кетпеу үшін қиғай көктеу тігісін қолданады. Олар өңдеу процесінде бөлшектерді қозғалтпайды.



Көктеп жүргізу тігісі - көктеу тігісі сияқты орындалады. Бірақ ол пішу кезінде бөлшектерді белгілегенге және өлшеп көргенде қолданады. Оларды, мысалы бұйымның ортасын белгілейді.

Көктеу тігісінің негізінде матаны жиырады. Ол үшін екі қатар көктеу тігісін орындайды, содан кейін бір ұшынан ұстап тартып керекті ұзындығына дейін жиырады. Керекті ұзындығын түйреуішпен түйреп бекітуге болады.



Көшіру тігістері бір бөлшектен екінші бөлшекке сызығын көшірген кезде қолданады. Олар көктеу тігісі секілді, бірақ тігіп жатқан матаның бетінде тігістер ілмектеніп қалу керек. Ол екі мата бір бірінен бостау болу қажет. Содан кейін екі матаның арасын қайшымен ақырындап бөліп қиып тастайды. Нәтижесінде матада қалған жіптер бойымен сызықтың белгісі болып келеді. Тігімдерінің ара қашықтығы 0,3-0,5 см.

Бұл тігіспен бөлшектерді пішкеннен кейін өңдейді.


Инені артқа тігісі - бөлшектерді үнемі қосқанға пайдаланатын тігіс. Бұл тігіс кәзіргі кезде сирек қолданады. Өйткені машина тігісі орындайды. Көбінесе машина тігісі орандай алмаған кезде қолданады. Тігімдердің ұзындығы 0,1 ден 0,7см. ге дейін.


Шет тігістері екі жиекті біріктірген кезде қолданатын тігістер. Көмкеру тігістеріне ұқсайды (төменде қара).

Көмкеру тігістері

Тігістің қосымшаларының шеттері сетінеп кетпеу үшін қолданады.

Қиғай көмкеру тігісі. Тігімдерді тартпайды. Тігімдердің арасы 1 см де 3 - 4 тігім болу керек. Тігімдердің ұзындығы 0,5-0,7 см.



Майда қиғаш тігісі алдындағы тігіс сияқты бір жаққа орындалады екіші жағынанан қиғаштап керсінше тігіледі. Мата бұл жағдайда аударылмайды.



Тор тігісі сетінегіш маталарды өңдегенге қолданады. Нұсқаудың орындалуының бірі: Инені үстіден астыға жүргізеді. Алдынғы тігімнің жібі иненің астында. Тігіс солдан оңға қарай орындалады. Тігістің қалыңдығы 1 см де 2-3 тігімдер орындалады. Ұзындығы 0,4-0,6 см. Екінші нұсқасы машинаның жөрмеу тігісіне ұқсайды. Орындаған кезде ілмек тігісіне ұқсайды. Тек ине ұш бұрыштың үстінгінүктелері арқылы ілмектеп орындайды.



Қосымшаларын қайып тігу тігістері.

Жалпы қосымшаларын қайып тігу тігістері: оларды орындау алдында қайырып алғаннан кейін керекті қайыру тігістерін орындап бастырып үтіктеп алады. Бұйымды қайырып тіккен кезде столдың үстіне орналастырып тігу қажет. матаны керіп тігуге болмайды, өйткені тартып тұру мүмкін. Қайырып тіккен кезде жіптің түсі матаның түсіне сай болу керек.


Жасырын тігісі. Жіп еш қай жерде көрінбеуі тиіс: матаның қайырылған жағын және негіз матаның 1-3 жібін іліп алып жасырып тігеді. Тігістер оң жақтан бастап солға қарай тігіледі. Тігістің тығыздығы - 1 см де 2-3 тігімдер болады. Алдымен қайырмасын бор сызығымен белгілеп аламыз: біріншісін - 0,5-1см, екіншісін 3-4 см. Екі қайырмасында көктеу тігісімен өңдейміз.



Содан кейін қайырмамыз негіз матадан 1-2 мм шығарыпқайырмасынан да негізінен де кезектеп 1-2 жіптен іліп алып тігеді.


Жіп қайырманың ішінен жүріп өтеді 1-2 жіпті матаның жартылай қалындығына іліп алады


Қарапайым (ашық) қиғай көмкеру тігісі. Инені қайырмасынан шығарып негізгі бөлшектен 1-3 жіпті іліп алып тігеді. Тігістер оң жақтан бастап сол жаққа қарай жүргізіледі. Тігістің тығыздығы 1 см де 2-3 тігімдер. Жіпті қатты тартпаймыз.



Бұндай тігіс бұйымды қайырып жөрмеу машинасымен өңделгенде қолдану мүмкін.

«Айқыш» тігісі - бұйымның ашық қиындының қайырмасында қолданады. Ереже бойынша қалың маталы бұйымдарда қолданады. Тігіс кері қайтқанда сол жақтан бастап оң жаққа қарай жүргізіледі. Ине шаншымдар кезектеп қайырмасынан және негізгі бөлшектен өткізеді. Қайырмасынан барлық қалындық бойымен ал негізгі бөлшектен жартылай қалындығынан өткізіледі. Тігімдерді қатты тартпай тігеді. Тігістің тығыздығы 1 см де 2-3 тігімдер, ұзындығы 0,4-0,7см.



Жіңішке матадан (бүрмелер, бүкпелер, т.б.) тігілген бұйымдардың шетін домалатып өңделеді. Қыйындыны теріс жағына 0,3-0,5 см дей қайырылады. Жіпті қайырмада бекітіледі. Тігістің тығыздығы 1 см де 3 тігімдер жасалынады.



Бекітпелер.

Бүндай тігіс ілмектің ұштары, жапсырма қалтаның кіреберісіне, шлицада, бүкпелерде қолданады.

Қарапайым бекітпе: ең алдымен бір орында бір неше рет ине шаншымдар жасалынады, тігісті сегіздеп те суретте көрсетілгендей тігуге болады. Содан кейін бұл тігісті «жауып» жазықтық тігісімен тігіледі.



Бұдан басқа әшекейлі бекітпелер болады. Мысалы, «кимешек» тігісінің схемасы астыда көрсетіліп тұр.



Жіпті бекітпенің орнына теріден ұшбұрыштап қоюға болады. Тек терінің түсі бұйымның түсіне сай болуы тиіс.


Ілмектер

Алдымен ілмектің орнын белгілеп аламыз. Оның ұзындығы түйменің диаметрінен 1-2 мм дей үлкендеу болу керек. Содан кейін жүзді кескішпен тіліп аламыз. Ол ілмекті тігіспен өңделеді (жоғарыдан қара), тек тігімдер тығыз арасы ашық емес жатқызып тігіледі. Ілмектің екі ұшын бекітпе жасайды.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал