7


Жол тәртібің жадыңда ұста!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жол тәртібің жадыңда ұста!

Тәрбие сағатының мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.

Көрнекілігі: Бағдаршам, көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан кестелер. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан кескіні Жол белгілері.



I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар музыка әуені арқылы кіреді.

II.Негізгі кезең

Сөз кезегі жүргізушілерге беріледі.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол тәртібін жадыңда ұста» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол журу ережесін білмей тұрып.



1-жүргізуші:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп -

Ол ортақ

Үлкен кіші баршамызға!



2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады гой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Жиынымыз басталсын сәлемменен.

1-жүргізуші: Енді сөз кезегін оқушыларға берейік









1.Даниал Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Басталсын жолда жүру ертеңгілік.

2.Айсу: Мен білем бәрін, мен-деме

Отырған жоқсың бөлмеде.

Машина өтіп кеткен соң,

Жолаушы алға беттесін.

3.Жанель: Даңғыл жолдың өзін де

Деме ойын алаңы.

Оған көңіл бөлмесе,

Аяқсыз да қалады.





4.Мерейлім: Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

5.Амина: Бейғам кісі-бейбақ,

Былжыр, бейғам болма.

Бас, аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда.

6.Санжар: Қай көше, қалаға қай барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп.

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

7.Ерсұлтан:Үйрен таппай тыныш бір

Бегілердің тілін біл

Егер тілін білмесең

Тартар жолың бұлыңғыр.

8.Замира: Жаяу ғана жүреді

Мұны бәрі біледі

Осы белгі түрғанда

Қауыпсіз саған жол енді.

9.Данияр: Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жан сілтер өзіңе.

Кідірме абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

10. Алина И Жолдар қиылысында

Қалтарысып қысылма

Көлденеңнен жол болса,

Кібіртіктеп тоспа оны.



11. Ахмет Бос болмаса алайда,

Сақтық жаса абайла

Қалмас үшін соқытығып,

Ол өткенше томс тұрып



12. Илияс: Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң.

Мойның бұр сол жақтан, оң жаққа.

Белгілерге сөз беріледі.

1.Анель: Сақтандыру белгісі.

Қып-қызыл үшбұрыш-

Ескерту белгісі мен боламын.

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт-сапар жолдаған,

Аман-сау жүреді, жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

2.Ажар: Тыйым салу белгісі.

Қызылмен болған шеңберім аумақты

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жақты.

3.Нурасыл: Міндеттеу белгісі.

Белгімін көрсетер, жылдамдық бағытты

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,



4.Томирис: Нұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндізде де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.















Көрініс: «Жол ережесі!»

Бас көшеде қырағы

Үш көзі дәу тұрады

Ашса кезік үш көзін

Айтып берді үш сөзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда

Сабыр сақта баспа алға,

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Жүре бергін жасқанба



Вокалл «Бағдаршам» әні



Өлеңдер жалғастырылады:

1.Арлан: Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.

2.Роза: Көлік, көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.

3. Аруна: Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз.

МАИ қызметкерлерінен

Сан кешірім сұраймыз.

4.Алихан: Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден

Сау- саламат жүреміз.

5.Салтанат Ш: Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер түрі бар.

Бағдаршам дегеннің

Сырын жақсы біліп ал.

6. Айдос: Қызыл көз жанарда

Тоқтай қал әманда.

Сары түс ескерту,

Дайын бол табанда.

7.Абилмансур: Жасыл көз жарасты,

Алдыңнан жол ашты.

Өте бер асықпай

Жолыңмен қарасты.

8.Румина: Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау - саламат жүреміз.

9.Бекзат: Есігінен артқы,

Көлікке сен мінгін.

Дәл осы бір салтты,

Құлағыңа ілгін.



10.Салтанат Ж. Кезекте сен әлгі,

Артқы есіктен кіргін.

Енді есіктен алғы,

Түсеріңді білгін.



Ойын: «Бағдаршам»

Шарты: Қызыл сигнал жанғанда оқушылар тік тұрады. Сары сигнал жанғанда қол шапалақтайды. Жасыл сигнал жанғанда аяқтарын жерге бір соғады.



Хор «Бағдаршам»



Белгілер:

. Ескерту белгілері.

1.Айдос: Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).

• жаяу жүргінші өтпесі

• балалар

• тайғақ жол

• жол жөндеу жұмыстары

• екі жақты қозғалыс

• велосипед жолымен қиылыс

• шлагбаумы бар темір жол

• шлагбаумы жоқ темір жол

2.Айсу: Басымдылық белгілері - бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.

• басты жол

• басты жолдың аяқталуы

• жол беріңіз

• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.

. Тыйым салатын белгілер.

3.Замира: Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).

• кіруге тыйым салынады

• қозғалысқа тыйым салынады

• велосипедпен жүруге тыйым салынады

• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады

• аялдауға тыйым салынады

4.Томирис: Нұсқау белгілері - бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.

• түзу қозғалыс

• оңға қозғалыс

• айналма жол

• велосипед жолы

• жаяу жүргінші жолы

• ең төменгі қозғалысты шектеу



  • Енді сөз кезегі мектеп директоры Каримова Сәуле Елеусизқызына беріледі.

  • Мектеп инспекторы Закира Асылбекқызы бүгінгі біздің қонағымыздың бірі сол кісіне сөз береміз.



-Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Жол тәртібің жадыңда ұста!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.



3 сынып оқушылары бізге өз өнерлерін тамашалауға келіп тұр. «Жаяу» әнін қабыл алыңыздар.



























</









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал