7


  • Учителю
  • План конспект урока по черчении на тему 'Ажырайтын біріктірулердің түрлері ' (9 класс)

План конспект урока по черчении на тему 'Ажырайтын біріктірулердің түрлері ' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 9

Тақырыбы: 44 Ажырайтын біріктірулердің түрлері

Мақсат: Біріктіретін элементтердің түрлерімен таныстыру

  1. Білімділік: : Жеке тұлғаның инженерлік мәдениетін қалыптастыру, талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.

  2. Дамытушылық: Балаларға сызу тілінің негіздерін түсіндіру, заттың мазмұны мен пішінінің тұтастығын көруге, ажырайтын біріктірулердің әр түрін өз бетінше талдауға үйрету.

  3. Тәрбиелік: Сызба орындауға қызығушылықтарын ояту, сызба кескіндемесін орындауды меңгерту

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, иллюстрация

Құрал-жабдықтар: инженерлік графикалық сызбалар, констуркторлық құжаттаманың түрлері мен жинақтылығы: бөлшектің сызбасы, құрама сызба, жалпы түрдегі сызба, сипат тізімі, сұлба, нобай.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылармен танысу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ барысымен, сабаққа қойылатын талаптармен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

Машиналар мен аспаптар тетікбөлшектері ажыратылатын және ажыратылмайтын біріктірулерінен тұрады. Ажыратылатын біріктірулерді көп мәрте жинап-жіктеуге болады, ажыратылмайтын біріктірулерді жіктеу үшін біріктіруге енетін кейбір тетікбөлшектерді бұзуға тура келеді.Тетікбөлшектердің ажыратылатын біріктірулерін бұрандасы бар бұйымдармен, сұққыштармен, кілтектермен және т.б. жүзеге асырады.

Болт бір ұшында бұрандасы, екінші ұшында батиегі бар цилиндр пішініндегі сырық тәрізді болады. Ең жиі алты жақты бастиегі бар бұрандамалар қолданылады. Олар жогары, қалыпты және тұрпайы дәлдікпен (А, В, С дәлдік кластары бойынша), басы қалыпты немесе кішірейтілген болып, бұраңда қадамы ірі немесе ұсақ болып, бір немесе бірнеше орындау түрінде жасалады. МЕСТ 7198-70 бойынша шығарылатын осындай бұрандама өзінің төрт түрінде берілген. Бұл бұрандаманың бұрандасының қалыпты диаметрі 6...48 мм аралығында, ал ұзындығы - 8...300 мм болады.Бұрандаманың алты жақты басының оқу сызбаларыңда орындалатын кескіні 5.11, ә-суретте келтірілген. Бұрандама басының жақтарыңда пайда болатын гиперболалар (айналу конусы өсіне параллель жазықтықтармен киылысқанда гипербола пайда болатыны белгілі) шеңбер доғаларымен алмастырылады.

Сомын ортасында бұранда ойылған тесігі, конустық қиықжиегі бар, дұрыс, көбіне алты бұрышты призма немесе құлақшалары бар қиық конус, немесе оймакілтектері бар цилиндр тәрізді тетікбөлшек болып табылады. Қызметіне немесе пайдалану жағдайына байланысты олар алтыжақты, алтыжақты жармалы немесе тәжді бөлінеді. Алтыжақты сомын өте кең қолданылады. Мұндай сомындар үш түрде: жогары қалыпты және тұрпайы дәлдікпен (А, В, С дәлдік сыныптарына сәйкес), қалыпты биіктікте, тапал, биік және өте биік етіп, "кілтке арналған" өлшемді қалыпты етіп немесе кішірейтіп, бұранда қадамын ірі немесе ұсақ етіп шығарылады. Егер сомынға фреза көмегімен сіргеге арналған жырашықтар ойылса, онда ол жармалы деп аталады. Егер осындай жырашықтар бұранда бекіткіштің цилиндрлік шығыңқы жерінде ойылса, онда ол тәжді деп аталады.

Бұрамасұқпа бір ұшында тетікбөлшек денесіне оны кіргізу үшін, ал екінші ұшында бұранда бекіткішті бұрау үшін бұрандалары бар цилиндрлік сырық болып табылады. Бұрамасұқпа ұштары сұқпа ұш және қыспа ұш деп аталады. Бұрамасұқпаларды МЕСТ 22032-76...МЕСТ 22043-76 бойынша (барлық стандарттар тек қана бір түрді енгізеді), А және В дәлдік кластарына сәйкес бұранда диаметрін 2...48 мм, ұзындығын 10...300 мм етіп жасайды. Суреттегі - бұрамасұқпа белгілеуінде көрсетілетін оның ұзыңдығы, - қыспа ұштың ұзыңдығы (шала ойымсыз), - сұқпа ұшында жасалатын бұрышта ұзындығы (шала ойымды қоса). -ді бұрамасұқпа қондырылатын тетікбөлшек материалына байланысты

былай алады: егер ол құрыштан, қоладан, жезден және титан қорытпаларынан жасалса , егер шойыннан жасалса 2,5^және 1,6^ (шойынның екі түріне сәйкес), егер жеңіл қорытпалардан жасалса, онда /^2^/және 2,5

Бұрамасұқпаның бұранда ойылмаған (тегіс) бөлігінің диаметрін шамамен бүранданың орта диаметріне тең етіп алып жасау рүқсат етіледі. Мұндай бұрамасұқпалар белгілеуінде "Бұрамасұқпа,, деген сөзден кейін "2" таңбасын қояды.

Бұрама-винт деп бір ұшына бұранда ойылған, екінші ұшында басы бар (бұраманың кейбір түрлерінде басы болмауы мүмкін) цилиндрлік өзекше атайды. Винттер екі түрлі болады - бекіту және қондыру бұрамалары. Бекіту бұрамалары тетікбөлшектерді біріктіруге қолданылады, ал қондыру бұрамалары саңылауларды реттеуге және құрастыру кезінде тетікбөлшектер жылжып кетпеу үшін қызмет атқарады. Ең көп қолданылатын винттер: МЕСТ 1491-80 бойынша жасалатын цилиндрлік басы; МЕСТ 17473-80 бойынша жасалатын жартылай дөңгелек басы бар; МЕСТ 14745-80 бойынша жасалатын жасырын; МЕСТ 14474-80 бойынша жасалатын жартылай жасырын бастары бар бұрамалар.

Болт, бұрамасұқпа, винт көмегімен алынған біріктірулердің екі жагдайын: тесік диаметрі бекіту тетікбөлшегі өзегі диаметрінен үлкен болу және олардың номинал өлшемдері тең болу жағдайларын айырады.


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Сызудың қайтымды кескіннің қанша түрі бар?

  2. Түзулер проекция жазықтықтарының еш қайсысына параллель немесе қандай болмайды?

  3. Сызулар кеңінен қайда қолданылады?

  4. Инженерлер мен техниктердің кәсіби шеберлігінің құрамдас бөлігінің бірі не?

Қорытынды

Үйге тапсырма: 33-36 параграфтарды қайталау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал