- Учителю
- Урок, Другие методическсе материалы, 'Домбыра жасау'
Урок, Другие методическсе материалы, 'Домбыра жасау'
Сабақтың тақырыбы; КӘДЕСЫЙ ДОМБЫРА ЖАСАУ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды түрлі құрал-сайман түрлерімен жұмыс істей білуге үйрету, шеберлік деңгейлерін арттыру.
Дамытушылығы: Кәдесый домбыра жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру. Ұлттық өнерді дәріптеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ, сарамандық жұмыс.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, проблемалық, сарамандық.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Кәдесый домбыра жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар, эпиграф: "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра"
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ.
Мұғалімнін кіріспе сөзі.
Кәдесыйлық кіші көлемдегі эстетикалық талғаммен жасалған бұйым. Кәдесыйлык елдің салт-дәстүріне, мәдениетіне, символдарына құрылады. Сыйлықтар кез келген материалдардан жасалуы мүмкін. Біздің елімізді, ұлтымызды танытатын бірден бір бұйым - домбыра. Домбыраның күмбірлеген үні қазіргі кезде бүкіл дүние жүзін шарлап кетті. Домбырасыз ұлтымыздың өмірін елестету мүмкін емес. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған кос ішекті шертіп ойнайтын аспап. Домбыраның ән сүйемелдеуге, күйге арналған түрлері болады. Күйге арналған домбыраның шанағы үлкендеу, мойыны ұзын болып келеді. Кадыр Мырзалиевтің:
Қос ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл бос бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ -домбыра, - деуі содан болса керек.
Жаңа сабақ
Кәдесыйлық нақты кішірейтілген макет түрінде, немесе тұспалдап та әр түрлі дизайнде көркемделіп жасала береді. Біз бүгін домбыра жасау үшін қимасы 20×50, ұзындығы 200 болатын ағаш дайындамасын пайдаланамыз. Кәдесый домбыра жасау үшін қажетті кұрал-жабдықтар таңдалады. Бұл кәдесыйлықты жасау үшін қандай құрал сайман керек? Қандай құрал-саймандардың қажеттілігі анықталады. Таңдап алынған құрал-саймандармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері пысықталады.
Қатырма қағаздан ойылған домбыра сұлбасы.
1.қарындаш 7. түрпі
2. сызғыш 8. қайрақ қағаз
3. ара 9. бұрғы
4. қашау 10. желім
5. балға 11. сыр
Оқушылармен кәдесый домбыра жасаудың тиімді жолдары сұрақ-жауап аркылы талданады. Олардың ойлары тындалып болған соң технологиялық картада көрсетіле отырып кәдесый домбыраның жасалу жолдары түсіндіріледі.
№
Жұмыс мазмұны
Графикалық кескіні
Құрал-саймандар
1.
Өлшем бойынша ағаш
дайындамаға белгі салу
Қарындаш,
сызғыш, ара,
қағаздан жасалған домбыра сұлбасы
2.
Артық бөліктерді алып тастау
Ара, қашау,
балға
3.
Домбыра формасын шығарып алу
Түрпі, бұрғы
қайрақ қағаздар
4.
Өлшем бойынша тұғыр жасау
Сызғыш,
қарындаш, ара, бұрғы, түрпі, қайрақ қағаздар
5.
Бұйымды жинау, әрлеу
Клей, лак, жіп
Түрлі үлгілер
Түрлі үлгілер көрсету арқылы, оқушыларға кәдесыйлықтың тұғырын өз бетгерінше түрлендіріп жасауына мүмкіндік беріледі.
Үйге тапсырма: Кәдесый үлгілерін ойлап тауып, дәптерлеріне салып келу тапсырылады.( Барлық үлгілерді талдап, бағаланатыны және келесі сабақтарда жасауға пайдаланатыны ескертіледі.)
Сабақты қортындылай келе оқушылардың жұмысын тексеру, мадақтау, бағалау.
Бүгінгі күннің талабы - оқушының бәсекеге қабілетті болуы. Мұғалімнің еңбекке баулу сабағын өткізу барысындағы көздеген басты мақсаты - оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу. Жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу болып табылады. Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ептілікке тәрбиелеу, тәуелсіз мемлекетіміздің жан-жақты, дарынды, білімді жеке тұлғасын қалыптастыру - еліміздегі әрбір мұғалімнің басты міндеті.