7


  • Учителю
  • Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға металдан бұйымдар жасау процесі туралы жалпы мағұлымат беріп, түсіндіру. Дамытушылығы: Сурет графикалық бейнелерге қарау арқылы кеңістікте елестете білуге қабілетін жетілдіру арқылы дамыту. Тәрбиелігі: Өз бетімен

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға металдан бұйымдар жасау процесі туралы жалпы мағұлымат беріп, түсіндіру. Дамытушылығы: Сурет графикалық бейнелерге қарау арқылы кеңістікте елестете білуге қабілетін жетілдіру арқылы дамыту. Тәрбиелігі: Өз бетімен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сым темірмен қаңылтырдан жасалған

бұйымдарды ию

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға металдан бұйымдар жасау процесі туралы жалпы мағұлымат беріп, түсіндіру.

Дамытушылығы: Сурет графикалық бейнелерге қарау арқылы кеңістікте елестете білуге қабілетін жетілдіру арқылы дамыту.

Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдісі: Топтастыру,түсіндірме, ВЕНН диограмма, кесте толтыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, есептер, плакаттар, сым темір, тістеуіш, темір қайшы.

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың құрал - саймандарын тексеру

Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арыттырып дамыту.

Үй жұмысын қайталау.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

І.Кесте толтыру



1 - топ сұрағы



Металды түзету

Жауабы:

Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы төс немесе түзету тақталары қолданылады

2 - топ сұрағы




Жолақ металды түзету әдісі:




Жауабы:

1. Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен ұстап, төстің үстіне қой. Оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ.

2. Металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт.



ІІ.Схема толтыру:

Металдар

Қара металдар

Түсті металдар

Болат, шойын

Алтын, күміс, алюминий, мыс, қорғасын

ІІІ. Сұрақ - жауап:

1)Халық ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды кім дейді? (Ұста)

2)Әсем білезік, жүзік, алқа жасайтын шеберлерді кім дейді? (Зергер)

3)Халықтар ұстамен зергерлерді ерте кезде не деп атаған? (Ісмерлер)

4)Арнайы болаттан жасалған, ұшында өрнек ізін салатын өткір бедері бар затты не деп атайды? (Шапқы)

5) Шапқының ұзындығы мен жуандығы неше мм болады?

(ұзындығы:120-150, жуандығы: 2-20мм)

ІІІ.Жаңа сабақ

Металдан жасалған сым мен темір төске салып,оюдың(бұрыш пен доға) бейнесінде ию көркемдеп өңдеудің қарапайым тәсілдеріне жатады.

Ию - дегеніміз бұйымға немесе оның белгілі бір бөлшегіне қажет үлгі беру үшін жасалатын операция.Егер біркелкі, көптеген бұйымды ию қажет болса, арнайы құрылғыларды пайдаланады.

Мысалы:бұйымды құрылғының кетігіне (ойығына) салып, оны балғамен ұру арқылы тез арада басқа бұйым жасап алуға болады.

Диаметрі 3мм-ге дейін сым темірді қысқаштармен иеді. Оларды бұйымды белгілі- бір бұрышқа бүгу үшін де қолданылады.Қалың сым темірді қысқаштарда арнайы құралбіліктің көмегімен иеді.



Июге қажетті құрылғылар

Тістеуіктер

Қысқаштар

Құралбіліктер

Қаңылтырлар

Жұмысқа қажетті құралдар



Сымдар

Түсті металл сымдардан жасалған әшекейлерді « сымкәптеу» дейді

Сымкәптеу сөзі



Дәнекерлеу

Сымды бұрау



Өрнектеу

деген мағынаны білдіреді. Ал француз тілінде ол «филигран» деген атпен таралған. Ежелгі зергерлер сымкәптеу өнеріне алтын, күміс қола мен мыс сымдарды қолданған. Бірақ бұйымның құны мен сәні материалға қарап емес, оның жасалу шеберлігіне, іскерлігі мен біліктілігіне қарай бағаланып отырған. Тіпті қарапайым мыс темірден өте құнды қол өнер туындыларын жасаған.

Сымкәптеу өнерінің негізгі екі түрі бар:

-сымды әшекейлеп жеке өңдеу;

-сымды арнаулы бұйымға (білезік,алқа) дәнекерлеу арқылы өңдеу.

Сымды әшекейлеп өңдегеннен гөрі арнаулы бұйымға дәнекерлеу арқылы өңдеу тәсілі едәуір құнды, бағалы көрінеді. Ондағы білезік сақина бұйымдарды салатын ыдыстарды да осы тәсілмен жасайды.Ал сымды жеке өңдеуге, шынжыр баулар және бұралған сымнан жеке бұйымды өрнектеп дәнекерлеу т.б. тәсілдер жатады. Бұл тәсіл шеберлікті талап етеді.Әсіресе қымбат тастарды сымға бекіту, сүйекпен, мүйізбен, ағашпен байланыстыру бағалы саналады. Сондықтан суретшілер сымкәптеу өнерін кеңінен қолданған.

Жұмысты бастамас бұрын жалпы бұйымның және оған салынатын өрнектердің нақтылы жобасын қағазға түсіреді.Өрнектерді жобалау кезінде сымды өңдейтін құрал саймандардың мүмкіндігін ескеру қажет.Алдымен тым қарапайым өрнектердің бір бөлігін жасап көру керек.Мысалы үйренуге арналған жобаны қолдануға болады. Кез келген күрделі өрнектің бір бөлігі қарапайым түрден басталады да, шебердің талғамымен аяқталады. Сым темірді өрнектер бейнесіне келтіру өте сезімталдықты, іскерлікті талап етеді. Мұнда сымның қалыңдығы да ескерілуге тиіс,өрнектердің шағын бөліктері жіңішке сымнан, ал күрделі бөліктерді жуан түрінен жасалады.Өрнектердің әр бөлігі жобаға байланысты құралады.Олардың бір бөлігі қолмен бұралып өрнек салынады да, ал ұсақ бөліктеріне арнаулы құрал саймандар қолданылады. Сым темірді ию арқылы көптеген бұйымдар жасалған. Мысалы: киім ілгіш, ойыншықтар, салпыншақтар, зергерлік бұйымдар

ІҮ.Сарамандық жұмыс:

І.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

- Жұмыс киімін кию

- Құралдарды тексеру

- Жұмыс кезінде қолды ұрып, кесіп жарақаттап алмау

- Бір - біріне кедергі жасамау

- Жұмыс жасағанда темір ұштарынан абай болу

- Жұмыс орнын, құралдарды дұрыс пайдалану

- Жұмыс соңында орынды тазалау.

ІІ.Математикалық есеп:

1-топ 2-топ

1-есеп:

Мысықтың құлағы: 3+3=6см

Мысықтың басы: 90̊+90̊=180̊

Мысықтың мойны:1+1=2см

Мысықтың денесі ұзындығы: 4+4=8см

Мысықтың денесінің ені:5*1=5см

Мысықтың құйрығының толық ұзындығы:5см

2-есеп:

Балықтың денесі 180̊+180̊ = 360̊

Балықтың аузы:1+1=2, ені 3мм

Балықтың құйрығының ұзындығы:4+4=8

Балықтың құйрығының ені: 3+3=6

ІІІ -Сыммен жұмыс жасау:

1-сурет 2- сурет

Ү. Сергіту сәті:

Ой толғаныс кезеңі:Сымды ию барысында қандай қиындықтар туындады? деген тақырыпта жұппен хат жазу. (5-минут)

ҮІ.Сабақты бекіту: І.Топтастыру:



Июге қажетті құрылғылар







Қысқаш



Тістеуіктер



Жұмысқа қажетті құралдар







Құралбіліктер

Қаңылтырлар

Сымдар







ІІ. ВЕНН диограмма толтыру:

Сымды арнаулы бұйымға дәнекерлеу арқылы өңдеу

Сымды әшекейлеп жеке өңдеу





Ұқсастығы

ІІІ. Салыстыру кестесі: Ал енді тексерейік өтілген сабақты қалай игеріппіз? Сұрақтарға дұрыс жауап берейік! Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.

с

Ию дегеніміз не?





ы

м

Бұйымға немесе оның бір бөлшегіне қажет үлгі беру

Сымкәптеу дегеніміз не?

Түсті металл сымдардан жасалған әшекейлер

т

е

«филигран»қай тілде берілген?



м

Француз тілінде

і

Сымкәптеуді кімдер қолданған?

р

Шеберлер

ІҮ. Сұрақ - жауап:

  1. Ию дегеніміз не?

  2. Ию барысында қандай құралдар қолданылады?

  3. Диаметрі 3мм-ге дейін сым темірді немен иеді?

  4. Сымкәптеу дегеніміз не?

  5. Сымкәптеудің неше түрі бар?

  6. Сымкәптеу өнері қандай мағынаны білдіреді?

  7. Сымкәптеу өнерін кімдер қолданған?

ҮІІ.Үйге тапсырма:

Сым темірмен қаңылтырдан жасалған бұйымдарды ию түсініп оқып келу, жұмысты аяқтау.

ҮІІІ.Бағалау:

Бағалау кестесі:

Үй тапсырмасы

Сарамандық жұмыс

Бағалау

Үй тапсырмасы

1-топ

2-топ






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал