7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ілмекті тоқудың негізгі түрлері. Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға ілмек бізбен тоқудың негізгі түрлері туралы түсінік беру ә) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге, тиянақтық пен әсемдікке үйрету б)

Сабақтың тақырыбы: Ілмекті тоқудың негізгі түрлері. Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға ілмек бізбен тоқудың негізгі түрлері туралы түсінік беру ә) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге, тиянақтық пен әсемдікке үйрету б)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ілмекті тоқудың негізгі түрлері.Сабақтың мақсаты:а) білімділігі: Оқушыларға ілмек бізбен тоқудың негізгі түрлері туралы түсінік беруә) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге,тиянақтық пен әсемдікке үйретуб) тәрбиелілігі: ба
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Ілмекті тоқудың негізгі түрлері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларға ілмек бізбен тоқудың негізгі түрлері туралы түсінік беру

ә) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге,тиянақтық пен әсемдікке үйрету

б) тәрбиелілігі: бастаған жұмысты жауапкершілікпен, шыдамдылықпен, ұқыптылықпен орындауға үйрету

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтамен

жұмыс, схема, слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу

Оқушыларды көктемгі гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлу.

І-топ ІІ-топ

Ісмір Шеберлер

Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр топ өз атын қорғайды.


Қауіпсіздік ережесі

1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Ілмек біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

7. Ілмек бізді қорабымен алып жүру қажет.


ІІ.Оқушылардың білімдерін тексеру.

  1. Тоқуға арналған ілмек біздерді қандай материалдардан жасайды?

Басында ілмек біздер ілмексіз тегіс таяқшалар болған. Ќазіргі кезде ілмек біздер әр түрлі материалдан жасалады: болат, алюминий, сүйек, плстмасса, ағаш. Диметрлері 1-8мм дейін қалындықта болады.

  1. Ілмек бізбен тоқу үшін қандай жіпті пайдаланады?

Ілмек бізбен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады.

Ілмек бізді ирім жіптің жуандығына қарай таңдайды.

3. Ілмек бізді қолда қалай ұстау керек екенін айтып беріңдер.

Ілмек бізді қалам сияқты оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып, ілмек бізде жатады. Жіп алақан ішімен саусақтар арасымен өтеді.

4. Ілмек бізбен тоқудың ерекшелігі.

Ілмек бізбен тоқудың тағы бір ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып - сол иірім жіпті қайтіп бірнеше рет қолдануға болады. Тоқылған заттың сапасы иірім жіпке байланысты. Алуан түрлі иірім жіптер бар. Жіпті де бұйымға қарап таңдау керек.

5. Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілері.


«Оза оқыту» әдісі бойынша бірнеше оқушыларға ілмектің негізгі түрлерін пйадалана отырып, жұмыс жасау тапсырылған. Осы оқушылар аяқтаған оқушылар өз жұмысы туралы айтып өтсе.

ІІ.Жаңа сабақ.

«Пресс-конференция» д\о арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Шарты: Әр топтан бір оқушы шығады, олар «ғалымдар». Ғалымдар ілмектің негізіг түрлерін зерттегендер.

Қалған оқушылар «журналистер», ғалымдарға осы тақырыпта сұрақтар қояды.

1. Қолмен тоқылған киімдер бағаланды ма?

Қолмен тоқылған киімдер баяғыдан сәнде және жоғары бағаланады. Ең қымбат заттар - ол қолмен тоқылған заттар.

  1. Қолмен тоқу өнері немен ерекшеленеді?

Әдемілігі, өзіндік ерекшелігі жағынан қолмен тоқу, машинамен тоқудан қалыспайды.

3.Тоқылған заттың сапасы неге байланысты?

Тоқылған заттың сапасы иірімжіптің дұрыс таңдалуына да байланысты болады. 4. Иірімжіп бұйымның несіне сәйкес келуі керек?

Иірімжіп бұйымның арналуына, фасонына, сәніне, сәйкес келуі керек. Бүгін де тоқыма сәнге айналған әлемде алуын түрлі иірімжіптер бар.

5. Іліп тоқуға арналған иірім жіптің қандай түрлері бар?

Зығыр, мақта иірім жібі, мохер, жүн иірім жібі, ангор, кашемир, альпак, вискоза, фасонды иірім жіп.

IV. Сарамандық жұмыс жүргізу:

тақырыбы: «Ілмек бізбен іліп тоқу»

Құрал жабдықтар: жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп.

Тасырма:

  1. Жоғарыда мысалға келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып, тоқып көрсетіңдер.

  2. Үлгілердің атын жазыңдар.

Сабақты бекіту. Оқушылардың тоқып көрсеткен үлгілері бойынша сабақты бекіту.

Сабақты қорыту.

«Сиқырлы орамалдар» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады.

Қызыл орамалдар: Сабақтағы ұнаған тұстары туралы өз ойларын айтады.

Сары орамалдар: Сабақтағы қызықты оқиға туралы өз ойларын айтады.

Қара орамалдар: Сабақта ұнамсыз болған жайт туралы айтады.

Көк орамалдар: Келесі сабақтар қандай болып өткенін қалайсыңдар?

Оқушылар өз ойларын айтады.




Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Тоқыма жұмысын жүргізу. Көрмеге бұйым дайындау.



Еңбек

-сынып

Күні, уақыты


Тақырыбы

Ілмекті тоқудың негізгі түрлері.

Сілтемелер


Мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларға ілмек бізбен тоқудың негізгі түрлері туралы түсінік беру

ә) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге, тиянақтық пен әсемдікке үйрету

б) тәрбиелілігі: бастаған жұмысты жауапкершілікпен, шыдамдылықпен, ұқыптылықпен орындауға үйрету


Жалпы мақсаттар

Оқушылардың ілмек бізбен тоқудың негізгі түрлері жайлы ұғымдарын кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Топқа бөлу арқылы ұжымдық жұмыс жасай білуге тәрбиелеу .

Оқыту нәтижесі

Есте сақтау қабілеттері артады, ойларын тұжырымдай біледі, тиянақтық пен әсемдікке үйренеді.

Оқыту әдістері

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Негізгі идея

Ілмек бізбен тоқудың негізгі түрлері туралы түсінік бере отырып, бастаған жұмыстарын жауапкершілікпен, шыдамдылықпен орындауға баулу.

Құрал-жабдықтар

Интербелсенді тақта, схемалар, жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп т.б.

Сабақ типі

Жаңа білім беру

Қауіпсіздік ережесі

1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Ілмек біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

7. Ілмек бізді қорабымен алып жүру қажет.


Қызығушылығын ояту кезеңі

Тренинг

Топқа бөлу

Оқушыларды көктемгі гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлу.

І-топ ІІ-топ

Ісмір Шеберлер

Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр топ өз атын қорғайды.

Үй тапсырмасын сұрау

  1. Тоқуға арналған ілмек біздерді қандай материалдардан жасайды?

  2. Ілмек бізбен тоқу үшін қандай жіпті пайдаланады?

  3. Ілмек бізді қолда қалай ұстау керек екенін айтып беріңдер.

  4. Ілмек бізбен тоқудың ерекшелігі.

  5. Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілері.

Сұрақ - жауап арқылы оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасынада диалог өрбіту.


Мағынаны ашу кезеңі

Топтық жұмыс

«Оза оқыту» әдісі

Топ мүшелеріне ілмектің негізгі түрлерін пйадалана отырып, жұмыс жасау тапсырылады. Жұмысын аяқтаған оқушылар «Автор орындығына» шығып , өз жұмысын нақты дәлелдермен қорғап шығады.


Жаңа сабақ

«Пресс- конференция» әдісі

Шарты: Әр топтан бір оқушыдан шығады, олар «ғалымдар». Ғалымдар ілмектің негізігі түрлерін зерттегендер.

Қалған оқушылар «журналистер», ғалымдарға осы тақырыпта сұрақтар қояды.

1.Қолмен тоқылған киімдер бағаланды ма? 2. Қолмен тоқу өнері немен ерекшеленеді ? 3.Тоқылған заттың сапасы неге байланысты? 4. Иірімжіп бұйымның несіне сәйкес келуі керек? 5. Іліп тоқуға арналған иірім жіптің қандай түрлері бар?


Ой толғаныс кезеңі

Сарамандық жұмыс

«Ілмек бізбен іліп тоқу»

Құрал жабдықтар: жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп.

  1. Жоғарыда мысалға келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып, тоқып көрсетеді.

  2. Үлгілердің атын жазып көрсетеді.

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың тоқып көрсеткен үлгілері бойынша сабақты бекіту.

Бағалау: Оқушылардан « кері байланыс» парағы алынады.

Үйге тапсырма: Тоқыма жұмысын жүргізу. Көрмеге бұйым дайындау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал