7


  • Учителю
  • 'Сән журналдарынан тігін бұйымдарының үлгісін алу және оны пішуге дайындау'.

'Сән журналдарынан тігін бұйымдарының үлгісін алу және оны пішуге дайындау'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырып: Сән журналдарынан тігін бұйымдарының үлгісін алу және оны пішуге дайындау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сән журналдарынан тігін бұйымдарының үлгісін алу және оны пішуге дайындауды үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен құштарлығын ояту;

Тәрбиелік: оқушыларды жүйелі еңбекке баулу, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі: нұсқау карта, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыламен амандасу;

ә) сабаққа дайындықтарын тексеру;

б) түгендеу, келмеген оқушылардың себептерін анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен сабақты қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ХҮІІ ғасырда алғаш рет басқа журналдардан өзіндік ерекшелігі бар сән журналдары шыға бастады. Оған дейін киімдерді балауыздан жасалған үлкенді-кішілі қуыршақтар - пандормен жарнамалайтын болған. Алғашында қуыршақтарға сәнді киімдерді кигізіп, Париждің Сен-Орое көшесіндегі дүкендерге адамдардың барлығына көрінетіндей етіп тізіп қойған.

ХІХ ғасырда сән журналдарының басылымдарының басылымдары көбейе түсті. 1980 жылдары кейбір журналдар гравюр мен акварельдің орнына суреттерді пайдалана бастады. Танымал басылымдарымен қатар шағын таралымдағы журналдар да шықты.

Қазіргі кезде басылым түрлері өте көп. Не оқығың келсе соны таңдай аласың. Сол сияқты қалаған сән журналыңды таңдауға болады.

Журналмен жұмыс істеу қағидасы.

  1. Ұнаған модельді, таңдау. Журналда әрбір модельдің суреті, нөмері, қанша көлем мата қажеттігі және дайындау барысы жөнінде нұсқаулығы болады. Сол сияқты пішімнің кішірейтілген сызбасы және маағапішімдерді жайып қойып шығу жоспары беріледі.

  2. Таңдаған модельдің күрделілік деңгейімен танысу. Кейбір журналдарда, соның ішінде, «Burda» журналында күрделілік деңгейі дөңгелекшелермен көрсетіледі.

- тез және қарапайым (жаңадан бастаушылар үшін дұрыс таңдау);

- қарапайым, бірақ біраз уақытты қажет етеді;

- тәжірибені қажет етеді;

- бұл модель үшін үлкен тәжірибе керек.

3. Өлшемер алу.

4. Өлшемдер кестесімен танысу.

5. Алған өлшемдердің берілген кестемен сәйкестігін тексеру және өлшемді дәл анықтау.


Неізгі қағида: иық бұйымдары үшін негізгі өлшемдер - кеуде айнаымы, ал белдік бұйымдар үшін (шалбар, белдемше) - мықын айналымы.

6. Нұсқаулығымен танысу. Әрбір модельдің нұсқаулығында пішім бөлшектерінің кішірейтілген сызбасымен бірге неміс алфавитінің әрпімен белгіленген, таңдаған модельдің пішімдері көрсетілген парақ болады, контур түсі (қызыл, көк, жасыл немесе қара), пішім бөлшектерінің нөмері, контур өлшемдері мен конфигурациясы және оларға арналған пішімдер беріледі.

7. Пішімдер парағын жайып, қажет пішімді калька арқылы өшіріп алу.

Пішімді көшіріп түсіру үшін пішімнің бетіне калька қойып, жылжып кетпейтіндей етіп бекітеді. Барлық шартты белгілерімен қоса көшіріп түсіріп жатқан бөлшектің сыртын йналдырып, контур сызып шығады.


Жасыл контурлы пішім D пішім қағазында

Бөлшектер 1-5

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Сән журналынан модельді таңдағанда, оның күрделілік деңгейін қалай анықтауға болады?

  2. Сән журналының шығу тарихы туралы айтыңдар.

  3. Журналда берілген пішім парағын неліктен лекало ретінде пайдалануға болмайды?

  4. Сән журналымен қалай жұмыс істеген дұрыс?

Ү. Үйге тапсырма. Сән журналын пайдаланып 8-кестедегі шартты белгілерді толықтыру.

ҮІ. Қорытынды. Жұмыс орнын жинастыру. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал