7


  • Учителю
  • План урока по технологии на тему 'Бутербродтар. '

План урока по технологии на тему 'Бутербродтар. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бутербродтар
Сабақтың мақсаты: бутербродтың маңыздылығы туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру.
Білімділік: нан тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру. Оқушыларды бутерброд түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: технология сабақтарынан алған білімдерін, күнделікті дағдыларын, шеберліктерін, іскерліктерін, ойлау қабілеттерін шыңдап, дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, әдеміліктің қадірін түсіне білуге, ұстамдылыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сайыс сабақ, топтық жұмыс, жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, бутербродтардың түрлері, ҚЕ. берілген плакаттар, шай дастарқанының ыдыс - аяқтары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру. Балалар, бүгін сіздер бутербродтардың түрлерімен және дайындалу жолдарымен танысасыңдар, оларды дастарқанға немен беру керектігін білетін боласыңдар. Бірақ, осы тақырыптағы жұмысты бастамас бұрын мен сіздердің көңіл күйлеріңізді білсем деймін. Бүгінгі өздеріңіздің көңіл күйлеріңізге сай келетін түстегі шеңберді көтеріңізші:
- Сары - жайбарақаттық.
- Қызыл - белсенділік.
- Көк - бәрібір.
- Қара - нашар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің сүйікті тағамым» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру. Интерактивті тақтадан оқушы өзіне ұнаған тағамды таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Ал, енді сабақтың тақырыбына көшейік (тақырыпты жаздыру). Бутерброд деген не екенін, оны қандай азық - түлік түрлерінен дайындайтынын, қандай түрлерін білетінін сұрау.
Адамдар нанды барлық жерде және барлық уақытта қастерлеп келген. Дастарқандағы нан - ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі. Нанның бір түйірін де зая етпеуге тырысу үлкен өнегелік мағынаға ие. Нан, тоқаш өнімдері - ең маңызды тағам. Ол ақуыздан, көмірсутектен, дәруменнен және минералды заттардан тұрады. Осы нанға байланысты ақын Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын оқушылардан сұрау.
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Бутерброд мәзірді түрлендіреді, әр түрлі тағамдардың сәнін кіргізіп, кісінің тәбетін ашатындай етіп көрсетеді. Оларды таңғы, түскі,, кешкі асқа тез дайындауға болады. Оны жеке тағам ретінде немесе түскі (кешкі) ас алдында сорпамен, шаймен, кофемен, сондай - ақ ыстық тамақсыз дастарқанға басытқы ретінде беруге жеңіл - желпі той - томалақта, сейіл - серуінде алып шығуға болады.
Қолданған қоспаға байланысты бутербродтар:
- Еттен
- Балықтан
- Сүттен
- Көкөністен
- Жемістен - жасалған деп бөлінеді.
Бутерброд дайындауға қажет азық - түліктердің ықтималды үйлесімі.
Еттен жасалған:
1. Май, шұжық, піскен ет, піскен тіл.
2. Қышамен араласпай, піскен ет, қияр, қызанақ, жасылша.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал