7


  • Учителю
  • Ұлттық қолөнер, қазақтың киіз үйі

Ұлттық қолөнер, қазақтың киіз үйі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Киіз үйдің шығу тарихы, тұрмыстағы алатын орны туралы түсінік беру 2. Тәрбиелік: Оқушының жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,білімін кеңейту.Ұлттық қолөнерді сүюге үйрете отырып, тәрбиеге бағыттау. 3. Дамытушылық: Оқушы бойындағы түрлі қабі
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Айтпаганбетов Таргын Шарападинович


Сабақтың тақырыбы: Киіз үй, оның шығу тарихына шолу

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Киіз үйдің шығу тарихы, тұрмыстағы

алатын орны туралы түсінік беру

2. Тәрбиелік: Оқушының жаны мен жүрегіне

жылылық ұялату,білімін кеңейту.Ұлттық

қолөнерді сүюге үйрете отырып,

тәрбиеге бағыттау.

3. Дамытушылық: Оқушы бойындағы түрлі

қабілеттерін ашу, ой-қиялдарын

дамыту, шығармашылыққа баулу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу,өз бетінше жұмыс жасату

Сабақтың көрнекілігі: суретті плакаттар, буклет, киіз үй

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу, сызу, геометрия

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

  1. Сынып оқушыларымен амандасу

  2. Сынып оқушыларын түгендеу Осы сабақта оқушыларды екі топқа бөлеміз.

Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы бағалаймын.

  1. Ағаш дегеніміз не?

А) Ағаш дегеніміз -өсіп тұрған тығыз материал

Ә) Ағаш дегеніміз- қағаз алынатын материал

Б) Ағаш дегеніміз - құрылыс материалы

2. Ерші деп кімге айтамыз?

А) Ерді сататын адамды айтамыз

Ә) Ерге ою салатын адамды айтамыз

Б) Ер жасайтын адамға айтамыз

3.Тақтай дегеніміз не?

А) Кесілген ағаштың ені қалыңдығынан екі есе үлкен материал

Ә) Құрылыс материалы

Б) Полға пайдаланылатын материал

4.Зергер деп кімге айтамыз?

А) Шебер деген мағынаны білдіреді.

Ә) Алтынмен жұмыс істейтін шебер

Б) Дұрыс жауап жоқ

5.Ою дегеніміз не?

А) Ою дегеніміз ағашты көркемдеу

Ә) Ою дегеніміз қағазға салып қию

Б) Ою дегеніміз бір нәрсенің бетіне түсірілген түрлі нақыш, бедер, өрнек, әшекей

6.Қолөнер дегеніміз не?

А) Қолөнер дегеніміз халықтың өз қолымен жасайтын туындысы

Ә) Ұлттық мәдениет мен өнер туындысы

Б) Екеуі де дұрыс

7.Ағаш өнерінің түрлерін ата?

А) Балташы, үйші, ерші, саз аспапшы т.б

Ә) Ағаш бетіне өрнек салу

Б) Ағашты күйдіру,өрнектеу

8. Ұлағатты сөзді жалғастыр. Егер де мал керек болса...........

А) жұмыс жаса

Ә) қолөнер үйренбек керек

Б) қазақтың төресі сол

9. Мақалды жалғастыр. Өнерді бағалай білмеген............

А) өрге шықпас

Ә) шебер болмас

Б) зергер болмас

10. Өткендерді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып ою оям.

Кімнің өлең жолдары деп ойлайсыздар?

А) А.Құнанбаев

Ә) Қ.Аманжолов

Б) Б.Момышұлы

Үй тапсырмасын бекіту: Олай болса балалар, біз өткен сабақта Қолөнер тарихына шолу деген тақырыпты өткен болатынбыз, өте жақсы меңгерген екенсіздер, бүгінде біз ата-бабаларымыздың баспанасы болған ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген қазағымыздың киіз үйі жөнінде мәлімет алатын боламыз.

Жаңа сабақ:

Қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын жұмбақты шешейік. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы жұмбақтың шешілуімен байланысты.

Жұмбақ

1.Қырық сүңгі қадалған,

Қара бұқа қайтеді? (Шаңырақ).

2. Екеуі тұр,

Екеуі жатыр

Әндетеді біреуі. (Екі босаға, табалдырық, маңдайша, есік)

  • Енді сабақтың тақырыбы қалай деп ойлайсыздар?

  • Дұрыс. Жалпы бағыттарың дұрыс.

  • Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Киіз үй, оның шығу тарихына шолу.

Киелі қазағымның киіз үйі

Маңдайша босаға мен табалдырық,

Алты қанат кереге, қаламды уық.

«Шіркін-ай қандай шебер жасады»-деп

Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып.

Көз салшы, оң жақтағы өрешеге

Асадал, адалбақан, кебежеге

Май сіңіп, сіңірленген қайран мұрам,

Жат болдың жаңа түскен жеңешеме.

Келсаппен келіде сақ түйілгенде,

Кім тартар іргедегі диірменді?

Қарынға салған сары майға шылап,

Жеп көрсең татқан тілді үйіреді.

Осы өлең жолдарында суреттелген бір ғана қазақтың киіз үйі кез келген дүние жүзі халықтарын архитектуралық, эстетикалық жағынан таң қалдыруда. Қазақы киіз үйді әдетте біз көшпелі халықтың көшіп-қонуына ыңғайлы баспана ретінде танимыз. Ата-бабаларымыздың өмірі көшпелі болғанымен, рухани болмысы көшпелі болған жоқ. Бабаларымыздың ұрпаққа өсиеті үлгісі,өнері арқылы жеткен.Киіз үй -Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсіруші тайпалардың негізгі баспанасы болған. Ол тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп қонуға лайықтап жасалады. Киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне саяды. (б.з.б 3 мың жылдық) Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырда кеңінен пайдаланылған. Бедуиндер- көшпелі араб шаруалары шатырынан, Сібірліктердің күркесінен (чума) келіп шыққан деп жорамалдайды. Бірақ Петровка, Атасу жерінен табылған көп қырлы ағаш қаңқалы пирамида тәрізді құрылыс қалдықтарының протипі деп те аталған. Киіз үйдің сыртқы пішіні байырғы домбауылдарға ұқсас, шеңбер қабырғалы, төбесі күмбезденіп келеді.

Ол мәдени -тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай төрт түрге бөлінеді: жаздық тұрғын үй, мерекелік жиынға арналған немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй.

Адамзат дамуының әр кез сатысында тұрғын үйдің әр түрлері болады. Орманда, далада өмір сүрген көшпелі халық әуелі бірнеше сырықтың басын қосып буып күрке жасады. Соған мысал ретінде Андроновтар ойлап тапқан үйді айта кетсек болады.

Өткен ғасырдың бірінде Жәңгір хан Ресей императоры І Николайға аса әдемі ғып жасалған киіз үй, кейіннен неміс королі Вильгелм Фридрихқа сыйға беріледі. Көрген жанның көз жауын алған бұл халықтық мұрамыз қазірде Франкфуртта орталық музейде тұр.

Соңғы 7-8 ғасыр бойына киіз үйге жөнді өзгеріс енгізілмей, малшылар үшін ең қолайлы баспана болып қалды.

Ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті, шынайы талғамды қажет ететін бұйымның түрі -киіз үй сүйегі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ш.Уалихановтың әкесі жасатқан 10 қанат киіз үй сүйегінің барлығы мұқият өңделгені, керегелерінің өте әдемі мүсінделгені туралы 1865 жылы А.К Гайнес өз еңбегінде айтқан.

Киіз үйдің негізгі қаңқасын кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық сүйегі деп атаған. Киіз үйдің сүйегі жасалатын ағашты алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Қабығы ашылмай бабымен кептірілген үй ағаштарын морға төсеп, балқытқаннан кейін тезге салып, ысқаурымен қысып түзейді немесе керекті қалыпқа келтіріп иеді. Иілген үй ағаштарын арнаулы үлгідегі ырғаққа салып қатырады. Бұдан кейін кереге желісіне көн өткізілетін жерге белгі дембі салып, үскімен тесіп, қайыспен көктейді, яғни түйенің иленбеген мойын терісінен жіңішке етіп тігілген таспаны өткізіп түйіндейді.

Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.

  1. Тоғын- ол шаңырақтың негізі.Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.

  2. Күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.

  3. Беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады.

  4. Шаңырақ көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

Шаңырақ пен уық Елтаңбамызда бар. Шаңырақтағы күлдіреуіш үш жүздің ынтымағы, татулығы болсын дегенді білдіреді. Бірлік, береке бастауы әрқашан отбасынан басталады. Сондықтан елімізде бірлік пен береке болсын деген мақсатта Елтаңбаға салынған.

Киіз үй керегесі: Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ұзынын керегенің «өрісі» дейді, одан қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды. Сонда бір қанат кереге 14 өрістен, 9 балашықтан, 9 сығанақтан құралады. Желінің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал, оны көлеміне қарай «жел көз», «тор көз» деп атайды.

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау тағады. Уықтың иілген жерін «иығы» дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары деп атайды. Ал, шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетіне шеберлер бедерлеп өрнек салады.

Сарамандық жұмыс

І топқа киіз үйдің шаңырағын жасату (сымнан)

ІІ топқа киіз үйдің суретін салу, сүйектерін бөлек, бөлек бейнелеу.

Сабақты бекіту:

Киіз үйдің есігін ашайық ойыны арқылы бекітемін

  1. Тоғын дегеніміз не?

  2. Адалбақан деп нені айтамыз?

  3. Киіз үйдің сүйегіне нелер жатады?

  4. Сықырлауық деп нені айтамыз?

  5. Біздің ауылымызда киіз үй бар ма, қай уақытта, қандай жағдайларда тігеміз? (бар, көктемде, қара (өлім) шыққан үйде)

Қорытындылау. Өтілген тақырып туралы. Бүгін біз киіз үй туралы, оның шығу тарихын түсініп үйрендік деп ойлаймын. Балалар, сабақ Сіздерге ұнады ма?

Бүгінгі сабақ қалай өтті деп ойлайсыздар?

-Бүгінгі сабағымызды Қасым Аманжоловтың мына өлең жолдарымен аяқтағым кеп тұр:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам.

Бұл даланы алғаш көріп қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! - деп сіздерге алдағы уақыттарда озат оқып, жақсы маман иесі болып жетісулеріңізге тілектеспін.

Бағалау. Оқушылардың қалай жұмыс жасағаны туралы айтып, мадақтау,бағаларын айту.

Үйге тапсырма беру. Оқу, жасай алғандарыңызша сымнан киіз үйдің қаңқасын жасау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал