7


  • Учителю
  • Практикалық жұмыс № 1 «Киіс үй. Тұрғын үйдің дизайны»

Практикалық жұмыс № 1 «Киіс үй. Тұрғын үйдің дизайны»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<span>Тульмаганбетова А.М

6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1

«Киіс үй. Тұрғын үйдің дизайны»





Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға киіз үй, тұрғын үй туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын, рухани-мәдени байлы-

ғын және тұрмысын білу, ізгі құндылықтары мен

қасиеттерін тануға баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, қиялын, қол икемділігін дамыту.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіре отырып үйрету

Көрнектілер: интерактивті тақта, сурет, тірек сөздер, бағдарсызық

Сабақтыңбарысы:

|. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сабақтың, дайындылығын тексеру, топқа бөлу.

||. Қызығушылығын ояту:

Психологиялық тренинг:

Жылы жүрекпен, жақсы тілектер білдірейік.

|-топ: киіз үй ||-топ: тұрғын үй.

«Венн» диаграмма қолдану.

1. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?

2. Тұрғын үй қандай бөліктерден тұрады?

«Киіз үй» мен «Қазіргі кездегі үйлермен» салыстыру. Оның айырмашылығы мен ұқсастығын табыңдар.

«Киіз үй» «Қазіргі кездегі үйлер»

«Киіз үйдің» айырмашылығы:

«Қазіргі үйдің айырмашылығы:

Ұқсастығы:

|||. Мағынаны тану. «Киіз үй. Тұрғын үйдің дизайны»

Бүгінгі тақырыпты жұмбақ шешу арқылы табайық.

Тіреусіз күмбез,

Сылақсыз қабырға

Тұтқасыз есік

Іргетассыз ғимарат. (Киіз үй)

Бүгінгі тақырып киіз үй және тұрғын үйдің дизайны.

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Біздің халқымызда киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келеді.

Мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй ыңғайлы да жеңіл, қолайлы баспана. Ең кереметі оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгеруге болады.

Тұтыну қажетіне орай киіз үй үш түрге бөлінеді. Киіз үй үш қанаттан бастап, он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлгілері болған. Жалпы киіз үй - басты төрт түрлі жабдықтан тұрады.

Киіз үйдің сүйегі қайың, мойыл, сәмбі талы, қарағай сияқты ағаштардан жасалатын жабдықтар (кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, табалдырық, жақтау несе таяныш, сықырлауық). Киіз үйдің киіздері негізінен қойдың күзен жүнінен жасалатын жабдықтар (туырлық, үзік, түндік, киіз есік, уық қап, дөдеге т.б)

Киіз үйдің бау - шуы қой, түйе жүнінен, жылқы жалынан есілетін, тоқылатын жіптер (арқандар, бас бау, уық бау, түңілік бау, құр, терме, басқұр, жел бау т.б)

Уықты - шаңыраққа шаншады

-керегеге баумен байлайды.

Киіз/-дің/ 4 түрлі жабуы бар екен

-туырлық, үзік, түндік, киіз есік

-туырлықпен керегені жабады

-үзікпен уықты жабады

-түндікпен шаңырақты жабады.

Қазақы киіз үйлер түрлері:

1.Қара үй/3 қанат/

2.Қоңыр үй/4 қанат/

3.Боз үй/5 қанат/

4.Ақ үй/6 қанат/

5.Ақ ала орда/8 қанат/

6.Ақ орда/12 қанат/

7.Ақ шаңқан/18 қанат/

8.Алтын үзік/24 қанат/

9.Алтын орда/30 қанат/

Мысалы: ұғымдар: «Щаңырақ көтерді», «Түндігі кещ ашыла тын келін»/келіні жалқау дегенді білдіреді/

Ақ бата: «Түндігін түтінді болсын!»

1 - тапсырма. Сөйлемнің дұрыс-бұрысын анықтаңдар

1 топ

---------- 1. Киіз үйді соғады.

---------- 2. Киіз үйді керегеден бастап тігеді.

---------- 3. Шаңырақты әйел адам көтереді.

---------- 4. Керегенің биіктігі 2 метрдей болады.

2 топ

---------- 5. Үйдің қанқасы: туырлық, үзік, түндік.

---------- 6. Шаңырақты «Ақ шаңырақ» деп атайды.

---------- 7.Керегенің әр бөлігін «қанат» дейді.

---------- 8. Киіз үй көшіп-қонуға ыңғайлы.

Киіз үй бөліктерін жазып көрсет:

  1. топ- сызбаны толтыру.

Киіз үй 3 бөліктен құралады:

1. Үйдің сүйектері/ағаштан тұратын бөліктер/

2. Киіздері /туырлық,үзік,түндік,киіз есік/

3. Бау-шулары/баулары мен басқұр, арқандары/

| \/. Сарамандық жұмыс.

Киіз үйдің үлгісін пайдалана отырып, жұмыс жасау.

\/. Ой толғаныс.

Экспо 2017 көрмесі.

Экспо 2017 - Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.

Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

\/|. Бағалау.

\/||. Үй тапсырмасы. Жұмысты аяқтау. Тұрғын ұйдің макетін жасау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал