- Учителю
- Технология пәнінен 'Шебер қолдар' тақырыбында сыныптан тыс шараның жоспары. 5, 6, 7, 8 Сыныптар
Технология пәнінен 'Шебер қолдар' тақырыбында сыныптан тыс шараның жоспары. 5, 6, 7, 8 Сыныптар
«Ақбұлақ мектеп-балабақша кешені» КММ
Сыныптан тыс шара
Сабақтың тақырыбы:
«Шебер қолдар» сайысы
(ұлдар арасында)
Өткізген: технология пәні мұғалімі
Е.С. Утегалиев
2015 жыл
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Өздеріңізге белгілі осы аптада «Технология және бейнелеу өнері пәндерінің апталығы өтуде. Жоспарға сай аптаның 5 - ші күні өтетін ер балаларға арналған «Шебер қолдар» сайысына қош келдіңіздер
Сайыстың мақсаты: : Жас ұрпақты белсенділікке, технологиялық сауаттылығын
қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Алдымен әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
-
М. С. Авраева -Жас мамандар жетекшсі ағылшын пәнінің мұғалімі
-
Қ.А. Акдавлетова - технология пәнінің мұғалімі
-
Ж. Х. Самарбаева - биология және география пәндерінің мұғалімі
-
А. К. Курмангалиева -оқу -тәрбие ісінің меңгерушісі
Сайыстың бөлімдеріне тоқталсақ:
Сайыс шарттарымен таныстырып өтейін:
-
Ағаш материалдарынан еркін тақырыпта бұйымдар жасау.
-
Коллаж технологиясы бойынша еркін тақырыпта бұйымдар жасау. Мен осы жерде коллаж ұғымына түсінік беріп өтсем:
Коллаж (франц. collage - жапсыру, желімдеу) - бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, , ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен.
-
Қағаздан жасалған еркін тақырыптағы бұйымдар.
-
«Тапқырлар» сайысы
Енді осы бөлімдерге сәйкес әр сынып оқушыларын қорғауға шақырамын. Әр жұмысты қорғау үшін 3-5 мин көлемінде уақыт беріледі.
Сайысымыздың бірінші бөлімі.
-
Ағаш материалдарынан еркін тақырыпта бұйымдар жасау.
Осы сайысты бағалап жіберейік.
Сайысымыздың екінші бөлімі.
-
Коллаж технологиясы бойынша еркін тақырыпта бұйымдар жасау.
Осы сайысты бағалап жіберейік.
Сайысымыздың үшінші бөлімі.
-
Қағаздан жасалған еркін тақырыптағы бұйымдар
Осы сайысты бағалап жіберейік.
-
«Тапқырлар» сайысынде «Еңбекке баулу» деген сөзден бірнеше сөз құрастыру
Әділ-қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша алдарыңызға «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелерінің дарынды оқушыларының орындауында « Қара жорға» биімен оқушыларды ортаға шақырамын.
Әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасына сөз берейік.
Сайыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүретінін білеміз. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
«Кез келген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, еңбектің арқасында барлық нәтижеге қол жеткізуге болады»- деп сайысымызды аяқтағым келеді.
Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!