7


ҮЙ интерьері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: ІІІ.Жаңа сабақ: Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты аштырту. Тақтадан суреттер көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады. –Балалар, экраннан не көріп тұрсыңдар? Қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздарды ата? Үйді жиһаздау дегеніміз не? Бү
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Үй интерьері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру.
Білімділік: Оқушыларды үйдегі жиhаздарды орналастыру тәртібін және түс үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп таңдауға үйрету.
Дамытушылық: Жиhаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой - өрісін, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас, интерактивті.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар,стикерлер
Пән аралық байланыс: Психология, бейнелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, оқулық, түрлі-түсті қарындаш

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақ

4.Сергіту сәті

5.Шығармашылық жұмыс

6. Сабақты бекіту

7.Үйге тапсырма беру

8 Бағалау


Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа даярлығын бақылау. Оқушыларды кеспе қағаз арқылы үшке бөлу. 1 топ-Сәулет тобы 2 топ-Дизайн тобы. 3топ-Декор тобы.

ІІ Үй тапсырмасы : Электр тізбегі және оның элементтері. Кеспе қағаз тарату арқылы тапсырма беру.

Ток көздері деп нені айтамыз?

Электр өткізгіш материалдарды ата?

Электр сымымен бауының айырмашылығы неде?

Монтер пышағы не үшін қажет?

Электр тұтынушылар дегеніміз не?

Ой қозғау

ІІІ.Жаңа сабақ: Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты аштырту. Тақтадан суреттер көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады. -Балалар, экраннан не көріп тұрсыңдар? Қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздарды ата? Үйді жиһаздау дегеніміз не? Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ? Жарайсыңдар балалар! Дәптерімізді ашып, бүгінгі жаңа тақырыбымызды жазып қояйық. Бүгін сіздер үй интерьерімен танысасыңдар. Балалар интерьер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Интерьер француз тілінен алынып, « ішкі» деген мағынаны білдіреді. Үйдің ішін безендіру деген сөз. Біздің тұратын, жұмыс жасайтын және демалатын пәтеріміз ыңғайлы, жайлы, әдемі болуы керек. Интерьер-орынжайлардың ішкі кеңістігін,әсемдік жайы мен түрлі жабдықтарды біртұтас үйлесімді жинақтауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі. Композиция -бұл құрастыру, жалғастыру, байланыстыру мағынасын білдіреді. Тұрғын үй интерьерінің композициясы-тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементтердің өзара үйлесімділігі. Ол компоненттерді (жиһаз,шам,тұрмыстық жабдықтарды) бір-біріне біртұтас бағындырып үйлестіреді. Пәтердің белгілі бір өмірлік процестері өтетін жекелеген учаскелері функционалдық аумақ деп аталады. Жалпы бөлме, ас үй, балалар бөлмесі, жатын бөлме және т.б. арналған аумақтар болады. Интерьерде жарықпен әсемдеу, сәндік жабдықтар, көгалдандыру, жабдықтардың формасы, сыртқы беттерді әсемдеу, заттарды орналастыру болып табылады. Эстетикалық әсемдеу -заттар мен кеңістік үйлесімділігі болып табылады. Пәтер ішінде ауа жақсы тазартылып , қалыпты жылу -ауа ортасы жасалуы керек. Ойластырылып жасалмаған жарықсыз үйдің жайлы болуына қол жеткізу мүмкін емес. Шамдар таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Шамдар жалпы, жергілікті, құрамдастырылған, бағыттап жарық түсіретін және декорациялық болады. Жапқыштар интерьерде біршама рөл атқарады. Олар пәтердің , бөлменің алғашқы әсерін береді. Жалпы бөлме үшін қанық түсті, айқын суретті, маталар жақсы көрінеді. Жатын бөлме үшін жұмсақ реңкті, жайлы түстер үйлесімді. Балалар бөлмесі үшін қанық ашық түсті, жылы реңкті маталарды таңдаған жөн. Ас үй пердесі үшін тор, жолақты, гүлді суретті материал қолданылады.
IV. Сергіту сәті «Жалғасын тап»ойыны ( Оқушыларға мақалдың басын айтамын ,соңын тауып жалғастырыңыздар.) 1.Ұяда не көрсең.....(ұшқанда соны ілесің). Балалы үйдің....(ұрлығы жатпайды)....3.Үй иесі мейірлі отырса..... (қонақ иесі көңілді отырады.). 4..Өз үйің.......(өлең төсегің)

5Талаппен бастап..........(талғаммен аяқта)

V.Шығармашылық жұмыс

Балалар,берілген тақырыпқа сәйкес үй интерьерін қызықты етіп композиция құру. Оқушылар тапсырманы топ болып орындайды. Орындаған жұмыстарын қорғап шығады.

VІ Бекіту. «Сәйкестендіру кестесі» арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімін тексеру.
VІІ Бағалау. Стикер үлестіру арқылы бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма беру

Өз бөлмеңіздің интерьерін бейнелеңіз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал