7


Тақия тігу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты:Бас киім түрлерімен танысу Білімділік мақсаты:тақия тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру Дамытушылық мақсаты: тақияны тігу тігу әдісін үйрету,өнерге қызығушылығын шеберлігін дамыту Тәрбиелік мақсаты:Әсемдікке баулу өнерге ұқыптылыққа тә
предварительный просмотр материала

Тақия тігу

Жанат РЕШ №226 гимназия Әйтеке би кенті, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы

Сабақтың мақсаты:Бас киім түрлерімен танысу Білімділік мақсаты:тақия тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру Дамытушылық мақсаты: тақияны тігу тігу әдісін үйрету,өнерге қызығушылығын шеберлігін дамыту Тәрбиелік мақсаты:Әсемдікке баулу өнерге ұқыптылыққа тәрбиелеу Көрнекілігі: а)Ұлттық бас киім түрлері:Ерлер, әйелдер бас киімі,буклет , ә)Тақия үлгісі, шаблон әзірлеу, сызба үлгі. «Қыз еркем, ісімен көркем» тақырыбында көрме ұйымдастыру Сабақтың өту әдісі:Баяндау, тусіндіру, көрсету Сабақтың барысы: І. Ұйымдастру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру ІІ.Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі. 1)Матаның адам организміне экологиялық әсер дегенді қалай тусінуге болады? 2) Табиғи маталардың пайдасы неде? 3)Синтетикалық бұйымдар адам организміне қандай әсерін тигізеді?

Жаңа сабақ Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам,әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда куннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата-аналарымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған (барқыт, велюр, драп,пүліш, шерсть т.б). бас киімді екі түрге бөлген. Ер балалар және қыз бала, әйелдер бас киімдері. Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ малақай, сәлде, картоз, тақия киеді. Қыз балалар:кәмшат бөрік,тақия. Әйелдер бас киімі сәукеле.кәмшат бөрік қасаба, кимешек шылауыш.

Тымақ. Екі бөліктен тұрады, төбесі 4 сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы әрі сәнді аязда киеді.

Қалпақ. Айырқалпақ, дөңгелек қалпақ киізден драптан тігіледі .

Бөрікті балаң жігіттер, орта жастағы адамдар киген. Екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындалған.

Әйелдер бас киімі мен қыз бала бас киімі арасын айырма бар.

Сәукелені қалыңдықтар, жас келіншектер киген Екі бөліктен тұрады.Төбесі 2,5 см биік конус тәрізді, жиегі бағалы аң терісімен жұрындалған.

Қасаба.Тақия тәрізді желкелі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.

Кимешекті егде жастағы әйелдер киген, бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа жылулыққа жақсы .

Біз бугінгі сабақта бас киімнің ең көп тараған түрі қазір де қысы, жазы ер адамның бала кунінен қартайғанға дейін киетін тақияның тігу әдісімен танысамыз Тақияны халық ерекше бағалаған

«Тақияма таққаным тал-тал моншақ,

Кер биеге жарасар кер құлыншақ.

Тұсынан ауылыңның өттім, кеттім,



Тақия басындағы бермей кеттің» - деген өлең жолдарынан халқымыздың тақияны ерекше бағалағанын байқаймыз. Тақия екі бөліктен тұрады, төбесі және басқа тиіп тұратын бөлігі, жиегі. Тақия 4,6,8 сай олып тігіледі. Үстіңгі және астары жеке-жеке пішіліп тігіледі де біріктіреді. Астарлық мата саржа, атлас, шытты пайдаланады. Тақия үлгісін тақтаға сызып көрсетемін.

АОВ секторы A

d=45° B

АОВ 45°

Осы бөліктен қиып аламыз. А және В нүктелері беттеседі, біріктіре тігеміз, тақия төбесі шығады. Жиегібасқа тиіп тұратын бөлігін әзірлейміз

Дәптерге сыздырып жаздырамын

а)Шаблон бойынша үлгіні

58см бастыру,үстіңгі және астыңғы бетін.

ә)Сызық бойынша қию.

б)Үстінгі бөліктерін және астарын тігу .

в)Төбесін жиегін біріктіру.

г)Сәндік бұйым енгізу.

Сабақты қорытындылау кезеңі.

Жұмысты қарау, тиісті нұсқау беру.



Екінші түрі .

4сай тақия болғандықтан

14х4=56см

Басқа киіп тұратын

бөлігінің ұзындығы 56см

R=11cм 14



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал