- Учителю
- Презентация по технологю на тему 'Техника қауіпсіздік ережелері. Кабинет ережелері'
Презентация по технологю на тему 'Техника қауіпсіздік ережелері. Кабинет ережелері'
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздік ережелері. Кабинет ережелері.
Сабақтың мақсаты: Технология кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Білімділік: техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Дамытушылық: білім-біліктерін нығайту,коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: жауапкершілік сезімдерін ұштау, жұмыс кезіндегі ұқыптылық пен ережені сақтауға үйрету. Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ өткізу әдістері: -әңгімелеу, түсіндіру, нұсқаулық, өзіндік жұмыс.
Қажетті құрал-жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, пәндік-табиғи нысандар, кесте
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Амандасу, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
-Құралдарын көзден өткізу
-Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Оқушылардың жеке тәжірибедерін өзектендіру:
Оқушыларға сұрақтар қою:
- Қандай техника қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
-Төменгі сыныпта қандай техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыңдар, оларды атаң?
ІІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу: Оқулықпен жұмыс
Төмендегі сөйлемді өздері таңдаған ұстаныммен толтыру.
-Мен еңбек қауіпсіздік ережелерін орындаймын, себебі ___________________________
___________________________________________________________________________
-Ыстық сұйықтармен жұмыс істеген кезде техника қауіпсіздік ережелерін білмесе, ұандай салдар алуы мүмкін?__________________________________________________________
-Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамау ____________________________________
Әкеліп соқтырады.
Оқушылар технология кабинетіне мұғалімнің рұқсатынсыз кіруге, бір орынан екінші орныға ауысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз жұмыс бастауға болмайды.Жұмысты бастамастан бұрын арнаулы киімді киіп, құралдарды санап түгендеу керек. I V. Өтілгенді бекіту:
-Инемен жұмыс істеген кезде қандай техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
-Кабинеттегі ережені атаң?
-Қайшымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесін атаң?
V. Үйге тапсырма: Техника қауіпсіздік ережесін оқу. Арнаулы киім алжапқыш пен орамал алып келу
VI. Бағалау.
VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.