- Учителю
- Белдемше эскизін жасау. 6-Сынып.
Белдемше эскизін жасау. 6-Сынып.
Күнделікті сабақ жоспары
Пәні: технология Сыныбы:6 Сабақтың тақырыбы: Белдемше эскизін жасау.
Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі, сән журналдарынан, компютерлік бағарлама арқылы пішім жасап үйрету.
2)Дамытушылық: Өлшем алу біліктерін жетілдіру, сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету. Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңестік линияларды ойша жүргізе біл уді дамытуға жағдай жасау.
3)Тәрбиелік: Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.
Оқыту әдістері: Көрнекілікті, ауызша баяндау, практикалық, ізденушілік.
Оқыту формалары: Топтық, әңгімелеу, пікірлесу.
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: белдемшенің нұсқауламалық картасы, сантиметрлік таспалар, белге арналған бау, сызғыш, карандаш, өшіргіш.
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, қазақ тілі, сызу, информатика
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Тест 1. Белдікті бұйымдарға қандай киімдер жатады?
а) шалбар, белдемше
ә) көйлек, блузка, шалбар
б) белдемше, камзол, баскиім
2. Табиғи талшықтарды ата?
а) жібек, капрон
ә) жүн, жібек
б) лавсан, шифон
3. Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі?
а) тұрмыстық, өндірістік, формалық
ә) жазғы, қысқы
б) сырткиім, баскиім
4. Маусымдық қолданысына қарай киімдер?
а) жазғы, қыстық, көктем мен күз
ә) эстетикалық, гигиеналық
б) классикалық, романтикалық
5. Киімге қойылатын гигеналық талаптар?
а) бағасының қымбат болмауы
ә) химиялық тазалауларға төзімділігі
б) ылғалсіңіргіштік, ауаөткізгіштігі, жылусақтағыштығы
6. Киімге қойылатын экономикалық талаптар?
а) сапасы жоғары, бағасы қымбат болмауы
ә) сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауы
б) жуу құралдарына төзімділігі
7. Өлшем алғанда пайдаланатын құрал?
а) сызғыш
ә) сантиметрлік таспа
б) лекало
Дұрыс жауаптары: 1а, 2ә, 3а, 4а, 5б, 6а, 7ә
Оқушылар жауаптарын өздері тексереді.
Бағалау нормасы: "5"балл - 7дұрыс жауап "4"балл - 5 - 6 дұрыс жауап "3"балл - 3 - 4 дұрыс жауап
ІІ. Жаңа сабақ
Белдемшенің шығу тарихы Белдемше - әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын - сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір - біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібекматалардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді; Белдемше - үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да "белдемше" деп атайды. Оны жалаң қабат күйінде, түрлі - түсті шыттан тігіп, малсауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киеді.
Стиль түрлері
• Классикалық • Романтикалық • Спортық • Фольклорлық ( этникалық)
Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар - белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт бойынша белдемшелерді тіке, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тіке, қиықты және клеш. Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады.
Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, үлкен «колокол», «полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және 12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы. Кез келген киімнің пішімін жасаудың бірнеше түрі бар. Олар дәстүрлі сызба, сән журналынан сызба алу және компьютерлік бағдарлама арқылы киім сызбасын жасау.
«Топтастыру» стратегиясы
«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы
Ой толғаныс
-
1. Сызба не үшін қажет?
-
2. Сызба мен үлгінің
айырмашылығы қандай?
-
3. Үлгіні қандай қағазға түсіреміз?
-
4. Үлгі не үшін қажет?
ІV. Практикалық жұмыс
Оқушылар топпен жұмыс істейді ( Әр топтан 1 оқушының өлшемі алынады) Адам киімнің өлшемін білу үшін бел шеңберін, мықын шеңберін түгел өлшеп, алынған өлшемді екіге бөлу керек. Сонда алынған цифр дененің өлшеміне сәйкес. Өлшем белгілі бір тәртіп бойынша алынады, алдымен ( горизонталь бағытта), содан соң үзынынан ( вертикаль бағытта). Белді белдікпен қынайды, жеңіл киіммен тұрғаны дұрыс. Өлшегенде см. лентаны сол қолмен үстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді. Жба - Белдің жартылай орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады Жма - мықынның жартылай орамы. Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырманың енін анықтау үшін қолданылады. БҰ - Бұйымның үзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау үшін қолданылады Ар. б. ұ - Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы. Артұы бойдың бел сызығынан мойын нүектесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртқасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады. Компьтерлік бағдарлама үшін Ұж - белден төмен қарай жерге дейін адамның жанынан алынады, Ұ а - белден төмен қарай жерге дейін адамның алдыңғы бойынан алынады.
Сарамандық жұмыс
Тақырыбы: Белдемше сызбасын жасау
Р/с
Жұмыстың орындау реті
Сызбасы
1
Тік сызық жүргіземіз Т,Б,Н нүктелеріне көлденең сызық жүргіземіз.
2
Бөксе сызығын анықтап үзік сызықпен көрсетеміз.
3
Қатырмалардың орналасуын көрсетеміз.
4
Бел сызықтарын белгілейміз.
5
Бүйір қиықтарын, бөкседен төмен қарай тіктеп 3-5 см-дей кең етіп белгілеуге болады. 1 - ші топ. Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасайды.
2 - ші топ. Сән журналдарынан белдемшенің пішім сызбасын алады.
V. Жаңа сабақты бекіту
- Өлшемді өлшенетін адамның қай жағынан тұрып аламыз?
- Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алу қажет?
- Киім тігу үшін пішім жасаудың неше жолы бар? -
Стильдің неше түрі бар?
VІ. Қортынды бөлім
-
Қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау.
-
Жақсы жетістіктері үшін мадақтау
Оқушыларды бағалау. формальды бағалау.
Үйге тапсырма: өзі ұнатқан белдемшенің сызбасын салу
VII.Жұмыс орныны ретке келтіру. 5мин