7


  • Учителю
  • Конспекты.Ағаш (қасық) ою технологиясы

Конспекты.Ағаш (қасық) ою технологиясы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Технология пәні 6 - сыныптар



Сабақтың тақырыбы: Ағаш (қасық) ою технологиясы

Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.

Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.

Сабақтың типі: білім дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру

II. Жаңа сабаққа дайындық

Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)

III. Жаңа сабақ

1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік

Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.

Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, "Орнамент" деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.

2. ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіру

Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.

Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.

Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.



3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.

Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.

Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек

Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.

Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)

4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)

5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.

Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.



IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)

1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?

3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?

4. Көбіне қолданылатын өрнек?

Y. Сабақты қорыту

Оқушылардың жұмыстарын талдау.

YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал