- Учителю
- План по технологии на тему 'Алтын күз панносын жасау'
План по технологии на тему 'Алтын күз панносын жасау'
Бекітемін: _______________ Күні:
№249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Жарылқаған
Сабақ жоспары
Сыныбы: 4в
Пәні: Еңбекке баулу
Мұғалімнің аты - жөні: Жулдаякова Инкар
Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз» панносы.
Сабақтың мақсат-міндеттері:
А) білімділік:
Оқушыларға еңбекке баулу сабағында табиғи материалдарды пайдалана отырып «Алтын күз» панносының жасалу жолын үйрету.
Ә)дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қол икемін,үйлестірушілік қабілетін дамыту.
Б) тәрбиелік:
Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
СТО технологиясы
Сабақтың типі:
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың формасы:
Жеке, топтық
Сабақтың пәнаралық байланысы:
Бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:
Күз мезгілінің суреті. Арнайы дайындалған паннолар.
Асқабақтың тұқымы, тары, желім, күріш, түсті қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының
дайындығын тексеру
ІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру кезеңі
- Балалар, не себепті күз мезгілін алтынға теңейді?
- Табиғи материалдарды қай мезгілде жинайды?
- Қандай дәнді - дақылдардың түрлерін білесіңдер?
(мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі)
1-топ «Береке»
2-топ «Ырыс»
3- топ «Байлық»
Психологиялық дайындық: «Ой қозғау»
-
Балалар, бүгінгі тақырыбымызға қажетті құрал-жабдықтарымызды жұмбақ арқылы тауып көрейік. Егер қайсы топ көбірек жұмбақтың шешімін тапса,сол топқа әрбір жұмбақ үшін 1ұпайдан беріледі.(интерактивті тақтадағы жұмбақтарды мұғалім оқиды)
1.Естіртпе деп ине, жіптің күңкілін,
Бүтіндейді қағаз, қалам жыртығын ( желім )
2. Өзгені бақытты етем деп,
Өзі қажалып бітеді ( қарындаш )
3.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі ( сызғыш )
4.Төрт қырлы аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ ( бор )
5. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп (тақта )
6.Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан ( қайшы )
а) мұғалімнің түсіндірмесі:
- Балалар, күзде жеміс - жидек пісіп, ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күн сәулесі де азаяды. Күз көрінісін өзімізше бейнелеп панно жасап көрейік. Панно дегеніміз - қабырғаның бір бөлігін немесе үйдің ішін әсемдеу үшін жасалатын жұмыс түрі. Ол пайдаланған материалына ағашқа, тасқа, әйнекке, матаға,қағазға т.б. қарай әшекейленеді. Біз панноның алдыңғы сабақтарымызда 2 түрімен жұмыс жасап үйрендік:
1. Матамен жасалатын панно
2. Түрлі- түсті қағазбен жасалатын панно
Енді бүгін осы панноның 3ші түрі дәнді - дақылдармен жасалатын панноның түрін жасап үйренеміз.
-
Күзгі дәнді - дақылдардан панномызды жасамас бұрын жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережесін есімізде сақтайық.
Қауіпсіздік ережесі:
-
Арнайы жұмыс киімін үстіңе киіп ал.
2. Қайшыны ұсынарда сабымен ұсын.
3. Желімді пайдаланған соң аузын бекітіп,
қолыңды мұқият жу.
4. Жұмыс соңында үстеліңді тазалауды ұмытпа.
Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі
V.Қорытындылау:
VІ.Бекіту кезеңі:
VІІ. Үйге тапсырма:
Практикалық жұмыс.
Қажетті құрал - жабдықтар:
1. Дәнді дақылдар
2. Желім
3. Қарындаш
4. Ақ қағаз
5. Акварель бояуы
(мұғалім 3 - топқа алдын ала бейнеленген күз мезгілінің бейнесін таратып береді.
Жұмыстың орындалу реті:
-
Ақ қағазға күз мезгілінің бейнесін саламыз
2. Жұмысқа қажетті табиғи материалдарды дайындап аламыз. Күріш, тары, жүгері, бидай, арпа дәндерін панно жасауға пайдаланамыз.
3. Дәнді - дақылдарымызды түсіне қарай дайын бейнемізге желімдейміз.
4.Табиғи материалдарды желімдеп болған соң, акварель бояуын қолданып, панноға қосымша өң береміз.
- Осылайша «Алтын күз» панносын табиғи материалдарды қолдану арқылы жасап шығамыз. (мұғалім әрбір топтың жұмысын топ басшысы қорғауын өтінеді, жасаған панноларын салыстырып ұпай береді)
Бекіту сұрақтары:
- Жұмыс жасау барысында табиғи материалдарды қалай пайдаландың?
- Акварель бояуын не үшін қолдандың?
Сергіту жаттығуы:
(мұғалім оқушылармен бірге сергіту жаттығуын жасайды)
Сәйкестендіру тесті ойыны:
Мақалдың жалғасын табыңдар:
(мұғалім интерактивті тақтадан тапсырманы оқиды, мақалды дұрыс тапқан әрбір топқа 1 - ұпай беріледі)
А) Ас тұрған жерде нәрсе жоқ
Астан үлкен ауру тұрмайды
Аурудың бәрі астан
Ә) Достары көпті ертеңі таусылмас
Еріншектің инемен құдық қазғандай
Білім дау алмайды
(мұғалім әрбір топтың жинаған ұпайларын санап, ұпайы көп топты марапаттайды)
Бекіту сұрақтары:
- Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда біз нені үйрендік?
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
1. Жасаған панноларыңның жиегін түсті қағазбен жақтауша жасап, безендіріңдер.
2. Барқыт мата, қатты қағаз, желім, бор ала келіңдер.
ІІХ. Бағалау:
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.
1.Пихологиялық дайындық сурактары:
2.Топтардың аты,ұраны
3. Жұмбақтар құралдарға байланысты (қызыл жапырақтарды не үшін берілетінін айту,ұпай беру)
4. Бүгінгі күннің жады мен тақырып
5. Мұғалім түсіндірмесі күз және панно туралы
6. Қауіпсіздік ережесі
7. Қажетті құралдар
8. Мұғалім панноны жасап көрсетеді
9. Топтарға суреттерді таратып беріп көмектесіп жүреді
10. Панноларын оқушылар қорғайды
11. Ұпай беріледі
12. Сәйкестендіру тесті
13. Жеңімпаз топты атап, мадақтау
14. Үйге тапсырма
15. Қортындылау