7


  • Учителю
  • Урок технологии в 8 классе «Иық бұйымдары бөлшектерін пішу. Блузка пішу»

Урок технологии в 8 классе «Иық бұйымдары бөлшектерін пішу. Блузка пішу»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: "Описание материала:Матаға пішімдерді үлкеннегізгі бөлшектерден,яғни алдыңғы бой,артқы бой,жеңнен бастап жайып қояыпшығады.Матаны үнемдеп пайдалану үшін ұсақ бөлшектерді үлкен бөлшектердің арасына қойған дұрыс.Жаға,қаттама,қалта бөлшектерін шақтап көруден кейін,өлш
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: : Иық бұйымдары бөлшектерін пішу.Блузка пішу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға иық бұйымдарының бөдшектері туралы түсінік беру.Блузка пішуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынталарын, ұқыптылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ,әсемдікке, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақ әдісі: Түсіндіру безендіру,пішу.

Сабақтың принциптері: Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі.

Сабақтың жүйесі: Пәндік жүйе.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет,сызба

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты түсіндіру

Ені 90 см-лік материалдан иық бұйымдарын тігу үшін мына формуланы қолданады:Бұ*2+Жұ+15-20 см,ал ені 150 см болғанда 150=Бұ+Жұ+15-20см.

Бөлшектерді (пішімдерді)жаю.Матаға бөлшектерді матаның еніне,ондағы суреттердің бағытына, болшек санына,сондай-ақ бұйым фасонына байланысты әр түрлі етіп жайып қояды.

Пішу алдында матаның өң және терістеме жағын ажыратып,ақауларын тексеріп,түгінің жату бағытына және суреттерінің бағыттарын анықтап алу қажет.

Сурет бөліктерінің (жолақ,төртбұрыштардың) тегіске сәйкес келуін қадағалап отыру керек.

Матаға пішімдерді үлкен негізгі бөлшектерден,яғни алдыңғы бой,артқы бой,жеңнен бастап жайып қояып шығады.Матаны үнемдеп пайдалану үшін ұсақ бөлшектерді үлкен бөлшектердің арасына қойған дұрыс. Жаға,қаттама,қалта бөлшектерін шақтап көруден кейін,өлшемдері анықтаған соң пішеді.

Матаның терістеме жағынан бор немесе сабынмен бөлшек контурларын дәл және анық етіп сызып шығады.Содан кейін бақылау нүктелерін,сызықтарын бөлшек ортасына ауыстырады.Қосымшаларға арналған сызықтар жүргізеді.Жаға және белбеу бөлшектері екі бөліктен тұратынын ескеру керек.Иық бұйымдарына арналған тігіс қосымшалары мынандай болу керек:иық тігісі-15мм,бүйір тігісі-15-20мм,бедер тігісі-1-15мм,иініш тігісі-10-15мм,мойындық-7-10мм,жаға тігісі-7-10,қолтық ойындысы тігісі-15мм,жең түбі тігісі-15мм,бұйым етегі тігісі-15-40мм.

Сарамандық жұмыс:

Құрал-жабдықтар мен материалдар: жұмыс қорабы.бұйым бөлшектерінің пішімдері,бор, қайшы,түйрегіштер.

Тапсырма:Блузка пішіп үйрену

Жұмыс барысы

1.Пішім элементтеріне бұйым және бөлшек аттарын жазып шығу.

2.Әрбір бөлшектегі бойлық жіптің бағытын көрсету.

3.Матаны пішудің алдында қатырмалау.

4.Бұйым пішімдерін матаға жайып түйреу.

5.Пішім контурларын сызу,тігіске қосымша қалдыру.

6.Бақылау нүктелерін қою.

7.Бұйым бөлшектерін тігіске қалдырған қосымша сызық бойымен пішу.

Сабақты қортындылау:

  1. Пішу алдында неге көңіл аудару қажет?

  2. Тігіс үшін қосымшалар қалдыру қажет пе?

Үй тапсырмасын беру: Қосымша бөлшектерлі қайталау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал