7


  • Учителю
  • Салауатты өмір салты. Киімді күту. 5 класс

Салауатты өмір салты. Киімді күту. 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты. Киімді күту. (5 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға салауатты өмір салты, киімдерді күту туралы түсінік беру;
дамытушылық: оқушыларды жинақылыққа, жүйелілікке, ойды тұжырымдай білуге үйрету;
тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: киім түрлері буклет, слайд
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу әдебі: Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ә) сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.
II. Өткен материалды еске түсіру
а) үй тапсырмасын сұрау:
ә) өткен материалды пысықтау:
1. Қонақ қабылдау тәртібі қандай?
2. Қонақ дегеніміз не?
3. Қандай қонақ түрлері бар?
4. Ақша дегеніміз не?
5. Қазақстан Республикасының валютасы қандай?
6. Баспа бас айырбас дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Салауатты өмір салтының факторлары
1. Тамақтану (уақытымен).
2. Тазалық (шаш, тері, қол, аяқ), тазалық құралдары (жеке тіс щеткасы, тарақ, сүлгі).
3. Киім мен аяқкиім тазалығы.
4. Тұрғынжайдың тазалығы.
5. Физикалық белсенділік (спорт, ойын, суда жүзу, велосипед, коньки, ролик тебу, би, т. б.).
6. Шынығу. Серуендеу.
Денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар
Ауру - ағза жұмысының белгілі бір зиянды факторлар кесірінен бұзылуы.
Рухани денсаулық
Этика - адамның мінез - құлық ережесі: әдептілік, адалдық, жауапкершілік, көмектесу, көпшілдік, ұнамды эмоция (күлкі, қуаныш).
Өзіне үнемі қарап, сырт келбетін күту - әр адамның өзіне де, қоршаған ортасына да жағымды міндеті.
Өз денсаулығыңды күтуді, табиғаттың табиғи факторларын ебін тауып пайдалануды үйрену керек. Стиль іздеуде даралық, ерекшелік дағды қалыптастыру қажет.
Жеке бас гигиенасы
Дені сау, сымбатты болу үшін тазалық ережелерін орындау маңызды. Тазалықты орындау аз ғана нәрседен басталады: сұлулық және қол, аяқ, тіс, шаш, тырнақ тазалығына қамқорлық жасаудан. Сырттан келгенде, тамақ жеу алдында қол жууды, ұйықтар алдында және таңертең тіс тазалауды, күнде кешкілік душ қабылдауды күнделікті әдетке айналдыру керек.
Гигиена
Гигиена қолдың, аяқтың, дененің, беттің, тістің, шаштың, тырнақтың тазалығы жөніндегі қамқорлықтан басталады.
Денсаулық үшін жақсы ұйқының ережесін сақтан жөн: 1. Адам 11 - 12 жасында кемінде 10 сағат, ал 13 - 15 жасында 9 сағат ұйықтауы тиіс. Ұйқы қанбау шаршауға, ашушаңдыққа, жұмыс қабілетінің төмендеуіне алып келеді. 2. Кешкі ас жеңіл және ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ішілуі тиіс. 3. Кешкі астан кейінгі уақыт тыныш жағдайда өтуі тиіс. 4. Іш киімді, шұлықты жиі, екі күнде бір ауыстырып тұру қажет. Түнгі көйлек немесе пижама киіп алып ұйықтау керек.
Темекі түтінінің құрамындағы заттардың қатерлі ісік (рак) ауруларының дамуына икемдейтіні белгілі. Алкогольді ішімдіктер, сыра жүйке жүйесін бұзады. Есірткілер адам өміріне қауіп төндіреді.
Шаш күтімі
Әдемі және қалың шаш кісіні безендіріп қана қоймайды, оның денсаулығының жақсы екендігін де көрсетеді. Адам басында 80 мыңнан 150 мыңға дейін шаш болады. Олар бірыңғай болмайды. Күнделікті 100 тал шашқа дейін түсіп тұрады және сонша тал шаш жаңадан өседі. Әр жыл сайын олар 15 см шамасында ұзарады. Шаштың үш түрі болады: құрғақ, орташа майлы және майлы.
Құрғақ шаш - шаштың аз дымқылдығы және май бездерінің майды аз шығаруына байланысты. Олар өте нәзік және сынғыш келеді.
Орташа майлы шаш - майысқақ және жылтыр келеді, сирек сынады. Шашты уақытымен жуып тұру және бекіту шаштың майлылығы мен дымқылдығын сақтауға көмектеседі.
Майлы шаш - шаш тез тері майымен майланады, ол жұмсақ және күңгірт болады. Майлы шашты жиі жуып тұру қажет.
Шашты түріне және кірлеуіне байланысты аптасына 1 - 2 рет жуып тұру қажет.
Киім күтімі
Киім, аяқ киімді таза ұста, көйлек, костюм, шалбарлар әрқашанда үтіктелген болу керек. Киім ілгішті киім өлшеміне лайықтап таңдап, бір ілгішке екі киімнен артық ілмеу керек. Тоқыма бұйымдарды ұқыпты жинап, жәшікте, шкаф сөрелерінде сақта. Киімдегі кейбір дақтарды өзің кетіруіңе болады. Алдымен қылщықпен шаңын тазалап, сорғыш қағаз арқылы үтіктеу қажет. Туштың, сырдың дақтарын салқын сумен кез келген жуғыш ұнтағымен жуып кетіруге болады.
Жуар алдында бұйымдарды мата түріне, түсіне және кірлеу дәрежесіне қарай бөлу қажет. Ақ бұйымдарды боялған бұйымдармен араластырып жууға болмайды. Бұйымның бояуы шығып, ақ бұйымдарды былғайды. Жуар алдында бұйымдардың қалталарын босат. Боялған мақта, кенеп маталарды 60ºС сумен жуу қажет.
Аяқкиімге қойылатын гигиеналық талаптар
1. Аяқкиім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей (табан пішімі және өлшемі) болуы қажет.
2. Аяқкиімде аяқты қыспайтындай, бас бармақ тірелмейтіндей кеңістік болуы керек.
3. Аяқкиім жеңіл, иілгіш, жұмсақ болғаны дұрыс.
4. Аяқкиім өте жіңішке немесе тар болмауы керек. ( Өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омыртқа жотасы қисаяды, т. б.).

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2. Салауатты өмір салтының факторлары қандай?
3. Жеке бас гигиенасы дегеніміз не?
4. Гигиена дегеніміз не?
5. Шаш күтімі дегеніміз не?
6. Киім күтімі дегеніміз не?
Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта біз салауатты өмір салты, киімдерді күту туралы білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма. 189 - 198 бет оқу. Реферат.
ҮІI. Оқушының білімін бағалау. Баға қою.
ҮІІІ. Жұмыс орнын жинау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал