7


  • Учителю
  • План по казахскому языку на тему 'Қазақтың ұлттық тағамдары' (8 класс)

План по казахскому языку на тему 'Қазақтың ұлттық тағамдары' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:          Қазақтың ұлттық тағамдары          Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген.       Біздің халқымыз еттен түрлі тағамдар жасаған. Олардың құнары өзге тағам түрлеріне қарағанда адам ағзасына бірнеше есе пайдасын тигізеді (М
предварительный просмотр материала

Бекітемін: мектептегі жетекшісі - А.Б.Димисанова

Сабақ: 23

Ақтөбе қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі


Күні: 2, 3.03.15

Мұғалім: Димисанова А.Б.

Практикант: Жалғасбекқызы Г.


Сынып: 8 «А,В»

Оқушы саны:

Келмегендер:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық тағамдары


Белгілі бір оқыту мақсаты

Т/А1 Берілген мәліметтерді түсіну


Сабақ мақсаты


Берілген ақпараттағы негізгі идеяларды түсінеді, нақты және астарлы ойды анықтап айтады.


Алдыңғы білім

Ас - адамның арқауы


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

3 минут







5 минут



























4 минут

































Сабақтың ортасы


25 минут












Ұйымдастыру сәті.

Топқа бөлу: Оқушылар асқа қатысты мақалдар арқылы 3 топқа бөлінеді:

1-топ - «Ас -адамның арқауы»;

2-топ - «Жаман ауру-жақсы ас»;

3-топ - «Ас қадірін білмеген аштан өледі».


Қызығушылықты ояту

Топқа атау беріледі. Атты топ оқушылары арнайы дайындалған тапсырмаларды шешу арқылы анықтайды. Оқушыларға қазақтың ұлттық тамағы құрттың, бауырсақтың, қазының жасалу жолы қағазға жазылып таратылады, бірақ не екені айтылмайды:

1-топ жұмбағы:

1) Жаңа сауылған сиыр сүтіне мәйек салынады

2) Сүт әбден ұйиды

3) Ұйылған сүтті арнайы дорбаға құйып, сүзеді

4) Дайын сүзбеге тұз салынады

(Құрт)

2-топ жұмбағы:

1) Арнайы қамыр иленеді

2) Қамыр оқтаумен жайылады

3) Түрлі пішінде кесіледі

4) Қазандағы майға пісіріледі

(Бауырсақ)

3-топ жұмбағы:

1) Жылқының аш ішегін тазалайды

2) Қазы етін уыттайды

3) Етті жіңішкелеп кесіп, ішектің ішіне салады

4) Ішектің аузын байлайды

(Қазы)

Анықталған тамақ атауларының неден жасалатыны сұралады. Осыған байланысты 3 топқа «Ет тағамдары», «Сүт тағамдары», «Ұн тағамдары» деген атаулар беріледі.


Мұғалім: Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақ-өте қонақжай халық, бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас -адамның арқауы», «Жаман ауру-жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады»-деп халық тегін айтпаған. Қазақта дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына көбінесе ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.

Біздің халқымыз еттен түрлі тағамдар жасаған. Ет тағамдары қазақ халқы үшін маңызы зор және күш-қуатты арттыратын бірден-бір ас түрі деп те осы ет тағамдары айтылады. Ерте кездері қазақтың ер азаматы бір өзі бір қойдың етін тауысатын болған. Осы еттен қазірдің өзінде түрлі тағамдар жасалады. Олардың құнары өзге тағам түрлеріне қарағанда адам ағзасына бірнеше есе пайдасын тигізеді (Мысалы: шұжық, түйемеш, шыж-мыж, бұжы, сырбаз, сірне, қуырдақ, сүр ет т.б.).

Ұлт тағамдарының негізі -сүт тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы (Мысалы: сүттен қымыз, шұбат, қатық, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран, уыз сияқты тағамдар жасаған).

Қазақ халқы «Дәнді шашпа, нанды баспа», «Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал»- деп нанды аса құрметтеген. Осыған қарап, ұннан жасалған тағам түрлерінің де қазақ халқы үшін маңызы зор екенін түсіне аламыз (Мысалы: бауырсақ, шелпек, құймақ, таба нан, жайма, күлше т.б. ұннан жасалған тағамдардың қатарына жатады). Бұл тағамдардың барлығын ысырап етпей пайдалана білген жөн.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.


Мағынаны тану. Топтарға тапсырмалар таратылады.

Оқушыларға өз топтарының атауларына байланысты бірнеше тағам аттары ұсынылады. Олар ғаламторды пайдалана отырып, сол тағамдарға сипаттама беріп, топ болып постер қорғайды.

1-топ - Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, қатық, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран, уыз.

2-топ - Ұн тағамдары: бауырсақ, шелпек, құймақ, таба нан, жайма, күлше.

3-топ - Ет тағамдары: шұжық, түйемеш, шыж-мыж, бұжы, қазы, сірне, қуырдақ, сүр ет.


Табыс критерийі:

1. Топтың белсенділігі;

2. Жұмыстың мазмұндылығы;

3. Постердің безендірілуі;

4. Уақытты тиімді пайдалану.

Қима қағаздар

Интербелсенді тақта




Слайд































Постер

Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия.

Бүгінгі мәліметтер мен үшін қызықты болды ...

Сабақ қызық болмады ...

Сабақта мұғалімнің көмегі керек ...


стикер




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал