7


  • Учителю
  • Тақырып: Металдың негізгі қасиеттері ( 8 класс)

Тақырып: Металдың негізгі қасиеттері ( 8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мунайлы ауданы

Басқұдық селосы

№9 орта мектеп

технология пәні мұғалімі

Кулжанова Чинар Джусупбековна

22.12.2015 8«в» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Металдың негізгі қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға металдардың негізгі қасиеттерін түсіндіру.

Дамытушылығы: оқушылардың алған білімдерін жетілдіріп, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: тиянақтылыққа, жинақтылыққа және тапсырмаларды нақты дәл орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, металдардың турлері (мыс, алтын, күміс, алюминий) құрал- жабдықтар, арнайы киімдер (алжапқыш және жең).

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылармен амандасу;

  • оқушыларды түгелдеу, сыныптың дайындығын тексеру;

  • оқушылардың назарын сабаққа аудару:

  1. Үй тапсырмасы: Сөзжұмбақ

  1. Ағашты қандай тәсілмен өңдейміз?(механикалық)

  2. Станоктың қазақшасын атаңыз?(білдек)

  3. Түсті металдарға қандай металл жатады?(алтын)

  4. Арнайы жұмыс киімді атаңыз?(алжапқыш)

  5. Араның қандай түрін білесіңдер?(дискілі)

  6. Қара металдың қандай түрін білесіңдер?(болат)

Металдың түрлері.

Тақырып: Металдың негізгі қасиеттері ( 8 класс)Тақырып: Металдың негізгі қасиеттері ( 8 класс)Тақырып: Металдың негізгі қасиеттері ( 8 класс)

  1. Жаңа сабақ. Металдардың механикалық қасиетіне; қаттылығы, беріктілігі, серпімділігі, иілгіштігі және тұтқырлығы жатады.

Қаттылық- металдың басқа, өзінен қаттырақ денеге енгізуге қарсыластық көрсету қасиеті.

Қаттылықты өзгертудің кең тараған екі әдісі бар: Бринелл және Роквелл әдісі. Бринелл әдісі бойынша қаттылыққа тексеру арнайы баспақта жүреді. Роквелл әдісінің Бринелл әдісінен айырмашылығы- шариктің орнына үлгіге алмаз конусты басып енгізеді, содан кейін таңбалар диаметрін емес, тереңдік диаметрін өлшейді.

</ Беріктік- түскен жүктің ауырлығына материалдың ұзақ уақыт бұзылмай шыдауы.

Серпімділік және иілімділік қарама- қарсы қасиеттер.

Заттың ауырлықты алғаннан кейінгі бастапқы күйіне қайта келуін серпімділік деп, ал ауырлықты алғаннан кейін бастапқы пішіні қайта келуін иілімділік деп атайды.

Металдардың физикалық қасиетіне түсі, тығыздығы, балқу температурасы және ток өткізгіштігі жатады. Металдың жай көзбен қарағандағы түсі ол туралы бірінші ақпаратты береді. Темірдің көміртекті қорытпасы сұр түсті, ал болат ашық түсті және жылтыр, сұр шойын болса, күрең сұр түсті және күңгірт болып келеді. Мыс қызғылт түсті, ал оның қорытпалары сары, кейде алтын түстес болады. Алюминий, марганец және қалайы күміс түстес ақ металдарға жатса, қорғасын кішкене күңгірттеу келеді.

Тығыздық- берілген заттың ауданына берілген массаның бір көлемі сәйкес келуімен сипатталады. Қорытпалардың тығыздығы оны құрайтын компоненттерге байланысты. Әрбір металдың белгілі бір балқу температурасы болады. Қағида бойынша, қорытпаның балқу температурасы оның негізгі компоненттерінің балқу температурасынан төмен.

Металдардың технологиялық қасиетіне созылымдылығы қақталғыштығы, сұйықаққыштығы, пісіруге икемділігі, өңделгіштігі, жемірілеуге және тозуға төзімділігі жатады.

Созылымдылық- металдың соққыға және басқа қысыммен өңдеуге ұшырау қасиеті. Созылымдылық босаңдатумен (металға арнайы қасиет беру үшін қыздырып босаңдату) кушейеді.

Сұйықаққыштық- балқыған металдың құйма қорамын толтыру қасиеті (сұр шойын, алюминий, қола).

Тақырып: Металдың негізгі қасиеттері ( 8 класс)Тақырып: Металдың негізгі қасиеттері ( 8 класс)

Пісіруге икемділік- балқығанға дейін немесе илемділік күйге келгенге дейін механикалық қысыммен немесе онсыз жергілікті қыздыруда металдың берік қосылыстар беруімен сипатталады.

  1. Сабақты пысықтау.

  1. Металдардың механикалық қасиеттеріне нелер жатады?

  2. Иілімділік деп нені атайды?

  3. Металдардың физикалық қасиетін атаңыз?

  1. Сабақты қорыту, бағалау.

  2. Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқып келу. Металдардың негізгі қасиеттеріне байланысты мәліметтер жинау.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал