7


Изионить 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыныбы:7 сыныпСабақтың тақырыбы: Бұрыштағы нүктелерді жіппен толтыру( Изионить)Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сәндік қолданбалы өнердің түрлерімен таныстырып, өз қолдарымен алғашқы бұрыштарды жіппен бейнелеуді үйрету.Білімділік: Оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру а
предварительный просмотр материала

Сыныбы:7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бұрыштағы нүктелерді жіппен толтыру


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сәндік қолданбалы өнердің түрлерімен таныстырып, өз қолдарымен алғашқы бұрыштарды жіппен бейнелеуді үйрету.

Білімділік: Оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру арқылы білімін жүйелендіру.

Дамытушылық: Оқушыларға жіппен бейнелеуді үйрете отырып ой-қиялдарын дамыту.


Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.


Сабақтың әдісі: Баяндау,түсіндіру.

Көрнекілігі: Үлгі суреттер, қатырма қағаз, ине, жіп, қайшы, сызғыш, шеңбер сызғыш, қарындаш, өшіргіш, қайшы.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика,тарих.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу
б) Құрал-жабдықтарын тексеру
2. Үй тапсырмасын сұрау.

Тұрғын үйдің ерекшелік сипаттары қандай?

Ас үй жабдықтары қалай аталады?

Балалар бөлмесінің интерьерін қалай жасауға болады?

Ой қозғау. Кестенің қандай түрлері бар?

  1. Қолөнер туралы не білесіңдер?
    2. Ою-өрнек түрлері( каестедегі)
    3. Түстердің үйлесімділігі?
    4. Кесте өнері жайлы не білесіңдер?
    5. Қолданатын құрал-жабдықтар

  2. Жаңа сабақ

Жіппен бейнелеу белгілі және әр түрлі аттармен, изонит, жіп графикасы деп те айтылады. Жіппен бейнелеудің орындалысы көптеген қызықты өрнектер ойлауға мүмкіндік туғызады. Бұл өнерде шығармашылықты, көзбен мөлшерлей білуді, қолдың еңбегін, бейнелеуді, эстетикалық талғамды талап етеді. Жіппен бейнелеу графикасынан панно, құттықтау қағаздарын, сыйлықтық қалталар, кітап түптеуін жасауға болады.

Алғаш рет жіппен бейнелеу өнері Англияда ХVI ғасырда пайда болды. Англия ойшылдары ілгектеп бекітудің әдісін ойлап тапты. Олар ағаш тақтайшасына шеге бекітіп, оған жіпті керіп ілуді, осыдан үй тұрмысына әсемдік бұйым етіп алуға болатынын білді. Бұл техниканы Г.А.Браницский ойлап тапқан еді. Бертін келе жіп шеберлерінің сұранысына ие болып, тақтайшаға емес түрлі түсті картонға, барқыт қағаздарға канва матаға тігетін болды. Оған тігін жіптерді, мулина, ирис, машина жіптерін пайдаланады. Қол құралдарынан қайшы, циркул, сызғыш, қарандаш қолданылады.

Өрнектің контурын картонға сызып, нүктелерге бөлеміз және қалың үлкен нүктешелер етіп сызамыз. Арасы қанша жақын болса соғұрлым сурет әдемі, әрі көрікті шығады. Бірақ қиындау және көп жұмысты талап етеді. Қазіргі кезде жіппен бейнелеу өнері екінің бірінің қолынан келетін іс. Сондықтан да әдемі етіп бұйымдар жасап үйімізге іліп қойсақ үйдің сәні кіретіні сөзсіз.

Изонить тігу шыдамдылықты, төзімділікті талап ететін еңбектің бір түрі.


Жіппен бейнелеу техникасы

р/с

Орындалу реті

Құрал-жабдықтар

1

Өрнектің контурын түрлі түсті қатты қағазға сызу.

Түрлі түсті картон, қалам, сызғыш, кетіргіш.

2

Нүктелерді бірдей етіп бөліктерге бөлу.

Қалам, сызғыш, кетіргіш.

3

Қалың нүктешелер жасау

Қалам.

4

Біз инемен немесе түйреуішпен нүкте бойынша тесіп шығу.

Түйреуіш немесе біз.

5

Инеге жіпті өткізіп, белгіленген рет саны бойынша бейнелеу.

Ине, түрлі түсті жіптер, картон.


Жұмыс барысында түр-түсінің үйлесім табуына ерекше көңіл бөлу керек. Әр түстің де өзіндік ерекшеліктері бар.


Ой қозғау.

1. Бұрыштың анықтамасы.

Бұрыш - екі сауледен құралған геометриялық фигура.



Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережелері.


Тап- тап, тап жорға,

Табаны жок, боз жорға

Желіп кетсе жеткізбес

Жерге түссе таптырмас. (Ине)


Басыда екеу аяғы да екеу. (Қайшы)


Қауіпсіздік ережелері

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  2. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.

  3. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  4. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.

  5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

Орындалу реті.

1.Бұрышты толтыру:

а) қалың қағаздың бетіне бұрыш сызу;

ә) бұрыштың әр бетін 6 бөлікке бөлу;

б) табылған әр нүктенің рет санын қою;

в) барлық нүктелерді инемен мұқият тесу;

г) инеге жіпті өткізу;

д) бұрышты көрсетілген сызбамен толтыру;


Жіппен бейнелеу арқылы тігілген әр түрлі суреттер көрсету.



Сергіту сәті

Жұмысты жалғастырады:

Жаңа сабақты қортындылау

Нені білдік, нені үйрендік, нені білгіміз келеді?

Үйге тапсырма: Жұмысты жалғастырып тігу.

Бағалау:






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал