7


Шаш қию технологиясы 11класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дөңгелек үстел «Мамандығым - мақтанышым»

Мақсаты: "Мамандық " құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Шаштараз мамндығы, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы пікірлесу; мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;

еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу. - Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.



1-слайд.

Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз. Әл - Фараби Дөңгелек үстел: «Менің мамандығым - менің болашағым»

2-слайд. Ойланайық, пікірлесейік Мамандық дегеніміз не? Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі

3-слайд. Шаштараз мамандығы. Оқушылардың пікірлері сұралады.

  • Біздің болашағымыз - біздің мамандығымызда;

  • адамның болашаққа апаратын жолы;

  • адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;

  • мамандық бойынша адам жұмыс істейді; •

  • оқуды бітіргеннен кейін жұмыс жасап, ақша табатын кәсіп

  • арманыңды іске асыру таңдау, арманыңды іске асыру;

  • келешекке қойған жоспары

  • мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

4-слайд.

Әңгімелесу

- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?

- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет? - Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар? - Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

5-слайд.

Жаңа ақпарат

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

6-слайд. Мамандық иесі болу - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

7-слайд. Біз таңдаған мамандық.

Шаштараз мамандығы туралы суреттер көрсетіледі, оқушылардың пікірі тыңдалады.

8-слайд. Қорытынды.

Дәйексөз «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» К. Д. Ушинский.



















































Smart-технологиялар студенттердің танымдық белсенділігін арттыру құралы



«Еуразия» индустриалдық-экономикалық колледжі Орал, Қазақстан

Қазіргі заманда әлемде жүйелі түрде болып жатқан сан алуан өзгерістер тұрақты үрдіс. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірге ақпараттық-коммуникациялық өнімдер мен қызметтердің рөлі артып келеді.

Ақпараттық жүйелер және технологиялар адам қызметінің барлық салаларында инновациялық даму мақсатында серпінді қалыптасуда. Соңғы уақытта ақпараттық қоғам келесі деңгейге көшіп эволюцияға ұшырайды деп пайымдауға барлық негіз бар, ол Смарт-қоғам.

Смарт-қоғамда оқытудың дәстүрлі үлгісінен, яғни, e-learning-тен көшіп, одан кейін smart-білім беру деп көзделеді. Бұл білім беру мекемелерінің рөлі «Біліммен қамтамасыз етумен» шектелмейді, студенттердің өз тәжірибесі мен дағдыларын қамту үшін жақсы жағдай жасау. Осыған орай, оқытушының негізгі функциясы «Дайын материалды» беру емес, ақпараттық және компьютерлік технологиялар мен әлемдік ақпараттық ресурстардың сапалық навигациясы болып табылады. Smart-білім студенттерің жаңа білімді дамытып, смарт-адам тұлғасын қалыптастыру, ақпараттық-компьютерлік технологиясымен ақпараттарды іздеу, өңдеу, талдау және инновация қалыптастырумен ерекшеленеді.

Электрондық білім беру технологиялар даму қарқыны мен деңгейі жаңа әлемдік феноменге жол ашты ол smart-education. Бұл инновациялық технологиялық шешімдердің жүйесі ғана емес, сондай-ақ білім берудің жаңа философиясы. Смарт-технологияларды пайдалану білім беру жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, оның негізінде:

- Халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру мекемелерінің интеграциясы;

- Қосымша студенттер санаттарын қамтиды, соның ішінде шетелдік те бар;

- Жаңа құралдар мен инновациялық білім беру технологияларын пайдалану;

- Оқытушыларға, оқыту және бағалау үшін жаңа нұсқаулар құрастыру;

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын нығайту;

- Әкімшіліктік және басқарудың тиімді модельдерін енгізу.

Сонымен қатар Smart білім аясында білім беру ресурстарына келесі талаптар қолданылады:

- Ашықтығы. Ашық білім беру ресурстар туралы түсінік 1998 жылы ЮНЕСКО-да бастау алды, ал ЕО (2000 ж.) үздіксіз білім беру меморандумда және Кейптаун декларациясында «Ашық білім беру - болашақ білім беру» (2001ж.) дамуының жалғасын тапты;

- Құрылымдық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ететін модульдер болуы - қажетті білім мен қызметтік элементтер, белгілі бағыттағы тиісті салалардағы қажетті құзыреттілікті қалыптастыру;

- Құзыреттілікті қалыптастыру немесе жетілдіру, өзін-өзі қамту модулі ретінде;

- Модулдің субъективті бағдары студенттердің белгілі бір жеке сипаттамалар бойынша өзінің білім алуы үшін маңыздылығы;

- Модульдің мета-сипаттамасы бойынша репозитарийлерден автоматты түрде іздеу үшін қажеттілігі;

- Мета-сипаттамасы бойынша зияткерлік автоматтандырылған іздеу жүйесі модулі;

- Модулді кез келген ретпен автономды пайдалану мүмкіндігі, оның жаңашалануы, жекелеген элементтерін пайдалану, студенттің жеке траекториясын қалыптастыру маңыздылығын көрсетеді.

Ақпараттық технологиялар және электрондық оқыту білім беру саласының тұжырымдамалық моделін өзгереді. Осы үрдістерді көрсететін негізгі сипаттамалар; ол қолжетімділік, ұтқырлық, икемділік, тарату, жеке бағдар, оқу-әдістемелік материалдар мен оқытушылар құрамын орталықтандыру электронды технологияларды пайдалануға негізделген, қазіргі заман жағдайында жұмыс істеу үшін түлектердің тиімді бейімделуі болып табылады.

Ақпараттық технологиялар академиялық білімді басқаруға өз септігін тигізеді; жоғары оқу орындарын басқаруын ақпараттандыру; білім беру сапасын қадағалап басқарудың заманауи жүйесін құру; білім беру кластерлерін құру арқылы білім беру саласын, ғылым мен инновацияны интеграциялау. Сонымен қатар, технологиялар шағын кәсіпорындарының инновациялық көлемін арттырады. Бұл колледждер мен жоғары оқу орындарының замануи бағытта ғалымдардың ғылыми басылымдарын жариялау белсенділігін арттырады; колледждер мен жоғары оқу орындар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Бұл еңбекақы жүйесіндегі өзгерістер, жұмысқа қабылдау ережелер мен рәсімдер, оқытушылар мен ғылыми зерттеушілерді бағалау үшін жаңа механизмдерді енгізу арқылы жүреді.

Smart технологиясы оқу бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады, ол тек қана оқыту үрдісін құралдық технология бойынша жүргізу емес, сондай-ақ инновациялық оқу бағдарламалар мен пәндерді қамтиды. Сонымен қатар, Smart технологиялар оқу-әдістемелік материалдарды жаңаша құрастырып әзірлеуге, сондай-ақ студенттерді белгілі бір бағытта оқытуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні, Қазақстанның білім беру жүйесінде сабақ барысында мультимедиялық презентацияларды қолдану, Microsoft Power Point сияқты бағдарламалық пакеттер арқылы жұмыстану жалпы құбылыс болып табылады. Алайда, әдеттегі презентациялық технологиялардан (Microsoft Power Point) бөлек, білім беру саласына интерактивті технологиялар еніп, әдеттегі слайд-шоу презентациясынан жаңашыл үрдістік бағытқа көшуге мүмкіндік береді.

Сабақ беру барысында қолданатын классикалық дидактикалық принциптердің қызметіне тоқтала кетейік: ол ғылымилық, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің байланыстылығы жатады. Осы барлық қағидалар өзара байланысып жатыр, бір-бірін толықтырады. Іс жүзінде білім беру барысында олар, әдістер мен ережелер, оқыту жұмысы мен ұйымдастыру формалар арқылы іске асырылады. Ал білім беру жүйесіндегі соның ішінде оқыту үрдісіне инновациялық аспект болып саналатын ІТ-технологиялар (желілік, ұялы және ақпараттық) енгізілуде. Жаңа жабдықтардың пайда болуына байланысты (аудио және бейне жүйелер, проекциялық құрылғылар) білім беру үрдісіне оны қалай тиімді қолдану керектігі туралы сұрақ туындайды. Осыған орай, жаңа материалды интерактивті жабдықтар (интерактивті тақталар SMART Boards, интерактивті дисплейлер Sympodium) көмегімен меңгерту, ол студенттің өзіндік жұмысы бойынша жасалған презентация болып саналады.

Біздің ойымызша, бұл электрондық тақта ең әмбебап оқыту құралы болып табылады. Сабақ беру үрдісінде мультимедиялық тақтаны қолдану SMART-технологияларды негізгі компоненттерінің бірі ретіндегі колледждегі көкейтесті мәселесін зерттей келе, проекциялық технологиясымен бірге аудиқұралды қолдану; жаңа материалдың кестелерін түсіндіргенде студенттер қызығушылығын арттырады, бейне - анықтамалық материал; ақпараттық схеманы және электрондық оқулықтардың материалын талдауға көмек көрсетеді. Бұл бізге көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Алайда, ең айқын түрде интерактивті тақтамен «дидактиканың алтын ережесі» (көрнекілік принципі) жүзеге асырылады. Осылайша, интерактивті тақтамен, керекті көрнекілік материалды блок-схема түрінде, динамикалық алгоритм немесе жалпылау таблицаларын қолдануға мүмкіндік береді, осы мәліметтерді аудиторияда, сабақ үстінде үлкен экран арқылы мультимедиялық материалдармен жұмыстану іске асырылады. Бұл экранды аудиторияда отырған барлық қатысушылар көре алады, студент пен оқытушынының өзара іс-қимылын, қарым-қатынасын жаңаша деңгейге көтереді, студенттер оқу материалдар мен жаңа әрекетті бақылап, содан кейін талдап, классификациялап, белгілі бір заңдылықтарды құруға белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етеді. Осы жағдайда, SMART интерактивті тақтасында жазылған барлық ақпараттар студенттерге беріледі, магниттік тасығыштарда сақталады, басып шығарылады, электрондық пошта арқылы жіберіледі.

SMART Notebook файл жиынтығында лекциялар мен практикалық сабақтардың мазмұны болуы студенттердің модульді бақылауға мен емтиханға дайындалу үшін, сондай-ақ белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаған студенттерге өте пайдалы болып табылады. SMART Board пайдаланған кезде оқытушы үстел мен компьютерге байланып отырмайды, керісінше коммуникация үрдісі, сандық ресурстармен білім алу, тартымды және әсерлі болады. SMART Notebook бағдарламасы басқа бағдарламалармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары мен мүмкіндіктері бар, саралай кетсек:

- Оқу материалдарын интерактивті түрде оқытуға қамтамасыз етеді;

- Оқу материалын ұсынғанда қол жетімділігін арттырады;

- Топтық жұмыс барысында біліктілікті арттыру, көптеген салаларда табысқа жету мақсатында;

- Студенттердің пәнге қызығушылығын арттырады;

- SMART Board пайдалану оқытушының оқыту үрдісін шығармашылық бағытта жобалап және жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

SMART Board интерактивті тақтада жұмыс істеу кезінде студенттердің зейіні артады, материал тез игеріледі, нәтижесінде әрбіреуі жетістікке жетеді деп атап өткен жөн. Интерактивті технологияларды кеңінен қолдану, қазіргі заманғы аппараттық және бағдарламалық құралдармен көрсету мүмкіндігін, инсталляция сценарийін жасау қабілетін, сәтті презентация әдістерімен жұмыстануды жеңілдетеді. Сондай-ақ SMART-технологияны пайдалануын біліктілігін арттыратын тыңдаушылардың оқу үрдісіне немесе халықаралық бизнес білім беруге енгізу керектігін ескеру керек.

Екінші жағынан SMART және компьютерлік модельдеуді пайдалану мүмкіндігі педагогикалық мәселелерді шешуге жеңілдік береді деген иллюзияда болу керек емес. Керісінше осы технологияларды пайдалану оқытушыдан жүйелі түрде құрылған міндеттерді білім беру үрдісінің (талдау, синтез, жалпылау және т.б.) дамуының жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталатын болады. Бұл жағдайда оқытушының жұмысы оңай болмайды, күрделеніп, шеберлік пен біліктілікті талап етеді.

Оқу процесіне компьютерлік модельдер мен SMART технологиясын пайдалану арқылы мынадай артықшылықтарға қол жеткізуге болады:

- көрнекі ақпарат көлемінің өсуі, дәріс оқу немесе тәжірибелік сабақтар жүгізу сапасы мен тиімділігін айтарлықтай арттырады;

- SMART мүмкіндіктер студенттер мен тыңдаушылардың белсенді жұмыстанып, шығармашылық қабілеттерін ынталандырады;

- компьютерлік графика әсерлігі көрнекі-бейнелік ойлау түрін дамыту мүмкіндігін береді;

- ақпараттың үлкен көлемін өңдеу қабілеті жүзеге асырылады;

- компьютерлік модельдермен жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайлар жасалады, яғни, олар өз эксперименттерін жүргізе алады, қойылған гипотезаларын тез тексере алады, заңдылықтарды құра алады.

Осылайша, білім беру кеңістігіне жаңа технологияларды енгізу үрдісі білім берудің ескі репродуктивті схемасынан жаңа, оқудың креативті формасына көшуіне әкеп соғады. Қазіргі заманғы білім берудің негізгі міндеттерінің бірі - студенттердің білім алуына тұрақты мотивациясын құру - студенттердің өзіндік шығармашылық шешімдер арқылы білім алу үшін жаңа нысандар мен құралдар іздеу болып табылады.

Қазіргі заманғы әлеуметтік тапсырыс және оқыту талаптары жоғары білікті маман даярлауға оқытушыға жаңа форматта сабақ жүргізуін талап етеді. Мысалы, Норвегияда, Францияда студент өз мобильді құрылғыларын ноутбук, планшет, компьютер, смартфонды дәріске алып келіп үй жұмысын орындауын талап етеді. Біздің ойымызша, қазіргі білім беру мекемелеріне осы бағытта жұмыстанып, оқытушылардан мобильді тапсырмалар, қосымшалар, тестілеу жүйесін құрастыруды, ақпараттар мен тәжірибе алмасу жолдарымен бақылауды талап ету керек.

Қорытындысында, жаңа заман талабына сай білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселе, шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде инновациялық технологиялар ауадай қажет. Жоғары сапада студенттерді даярлау қажеттілігі, оқытушылардан кәсіби деңгейлі құзыреттілікті талап етеді, атап айтқанда, дәстүрлі формадағы тапсырмаға ақпараттық технологиялар негізінде құрастырылған жаңа форматты тапсырмалар енгізу, оқу үрдісін қабілетті интерактивті қолдау керектігін тұжырымдай келе, «Ізденімпаз ұстаздың шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі» деген тоқтам жасаймыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Тихомирова Н.В. Глобальная стратегия развития smart-общества. МЭСИ на пути к Smart-университета. - Режим доступа: smartmesi.blogspot.com/2012/03/smart-smart.html.

  2. Первая международная конференция по применению смарт технологий в образовании «Смарт-образование» 2014. [Электронный ресурс] - режим доступа: http // stet - 14.Kesinternational.org.























































СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН АРТТЫРУДАҒЫ БАҒЫТТЫЛЫҚ



Студенттердің білім сапасының өзгеру процесі барысында оның өткен білім процесінің қатыспау көмегінен байқауға болады. Мұғалім сабақ жүргізу барысында студенттерден оның қаншалықты өз бойындағы өзгерістерін анықтағандығын байқауы шарт. Ол студент жетекші - мұғалімнің қаншалықты күту жағдайын анықтау керек. Бұл әдісті қолдану барысында студенттер мен мұғалім ашық түрде сөйлесіп, олар көбіне рөлдік ойындарға ие болады. Студенттерге мұғалім егер ол студент сол күткен білімді қамтымаса, ол студент аудиториядан бір сабаққа тыс шығатындығы ескерілуі керек.

Студенттер бойында осы білімге деген бағыттылық барысындағы ұсыныстар мен бетбұрыстар болуы мүмкін. Ол студенттердің өз әрекетінде өзіне ұнамсыз әрекеттер болуы мүмкін. Студенттерде осы бағыттылық барысында пайда болған ұсыныстар қайдан және қашан пайда болғанын анықтау керек. Оны келесі сурет арқылы көрсетуге болады. (6 Сурет)

Студенттердің білім сапасын арттыру барысында олардың өздеріне деген мен тұжырымдамасы жетік болуы керек. Осы тұжырымдамалар барысында студенттердің болжамдары мен бағыттылықтарын анықтап алу керек.

Бұл сәтте студенттер мен ұстаздардың арасында конфликттер студенттердің күткен жағдайлары сәйкес болмаған жағдайда пайда болады. Себебі студент өзінің ойындағыдай нәтиже шықпағандықтан, ол есесіне өзінің басқа да ұсыныстарын ескеруі мүмкін болады.

Студенттердің бойында көптеген процесстер болады: мысалы студенттердің білім алу барысындағы мақсаттары, мақсат нәтижесіндегі күтулері, білім нәтижелері. Студенттер өздерінің нәтижелері мен күтулерін бір - бірімен тығыз байланыстырады. Студент өзінің ойында көптеген жаңа ақпараттарды ескереді, бірақ сол ескерген жағдайларды есіне қолданысқа келтіруде қиналады. Студенттердің бойында жетекші ұстазының үйреткен білімдерінің нәтижесіндегі ұсыныстары мен бағыттылықтары кеңейеді, бағытталады да өзінше өзіндік рөлдерін анықтап көрсетеді.

Студенттердің білім алу сапасы барысында мұғаліммен қарым - қатынасының жан - жақтығы көрінбесе, ол студенттің білім алу сапасы көрінбейді. Осы сәтте тағы да бір мысал келтіріп кетуге болады, мысалы сатушы саудагер мен сатып алушы клиенттің арасындағы қарым - қатынас күліп, мейірімді өтсе, сатушының тауары да тиімді өтетініне кепіл болады. Ал, егер керісінше болса, онда ол процессте керісінше болады.

Студенттер мен жетекші мұғалімдердің арасындағы конфликт, егер студенттердің сабақтан күткен мәселелері ойдағыдай өтпесе, осы жағдайда пайда болады.

- Психолог мамандарды даярлау барысында оқытудың интегративтік әдістерін, соның ішінде коучинг әдісін практикалық кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған дәрістерде қолдану тиімді.

- Психолог мамандарды даярлауда коучинг әдісінің элементтерін оқытудың кез келген дәрістерінде белсенді оқыту әдісі ретінде қолдануға болады.

Коучинг барысында студенттер мен мұғалімдердің арасында қарым - қатынас еркін түрде орналасады. Студенттер сабаққа деген ынталарын одан әрмен арттырып, қызығушылықтары кеңейе түседі. Бұл қарым - қатынастың негізгі мақсаты болып, студенттердің танымдылығын, оқу барысындағы мақсаттарын, компетенттілігін студенттердің коучинг барысында көптеген жетістіктерге жетуін қарастырады. Соның ішінде студент өзіндік артуын, коучинг барысында студенттердің жетекшілік мақсаттарын көрсетпейді. Біздің әрқайсысымыз өз тәжрибемізді жинаймыз. Студенттің білім алуда өзгелерге деген қатынасы, көзқарасы, қылған әрекеті өмірлік тәжірибиесіне байланысты болады.

Студенттердің негізгі білім сапасын арттыру мақсатында оларды бірнеше жүйелер арқылы қарастыруға болады. Мысалға:

1. Бірінші жүйе жеті өмірлік категорияға негізделеді: мәселені шешу, қарым - қатынас, тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, ойлаудағы талқылаушылық, Мен - тұжырымдамасындағы өзін-өзі басқару қабілеттілігі;

2. Екінші жүйе өмірлік біліктілікке байланысты коучингтің негізгі мақсаты болатындай етіп негізделеді: тұлға аралық қарым - қатынас, денсаулықты ұстану, жеке пікірдің дамуы, мәселені шешу және шешім қабылдау;

3. Үшінші жүйе де тұлға аралық бақылау болып саналады да ол өзіндік түсініктерге, қаржылық қорғанышқа алып келеді.

Оқу процесі кезінде студенттердің құлықтары импульсивтіден объективтіге ауысады, осының нәтижесінде тренинг мазмұнды болады. Объективизациялау құлығының негізгі тәсілі болып кері байланыс болып саналады. Кері байланыстың түзілуі үшін тренинг тапсырмасы эффективті болуы шарт.

Коучинг әдісі бойынша студенттер ең алдымен өз алдына бірнеше сұрақтар қоя отырып, мақсатты түрде орындауы қажет. Олар мысалы төмендегі шарттар арқылы орындалуы мүмкін:

  • Коучинг әдісі барысында білім саласында қандай жетістіктерге қол жеткізуге болатындығын анықтау;

  • Мен тұжырымдамасын бағытты түрде орынды, әрі нақты түрде қолдану;

  • Мен қандай мақсатқа қол жеткіземін?

  • Білім сапасын арттыру барысында мен қандай мақсат түрлерін қолданамын;

  • Осы мақсатқа жетуге қандай тәсілдер қолдануға болады?

  • Білім сапасын қандай мақсаттар қатарымен арттыруға болады?

  • Студент пен жетекші ұстаздың қарым - қатынасы қаншалықты жағымды болмақ;

  • Білім сапасын арттыру барысында коучингті қолданудағы сабақ үстінде болған тәртіп бұзушы студенттерге нормаға сәйкес жаза түрлерін қолдану;

  • Кочинг барысында студенттерге қазіргі таңғы білім сапасын арттырушы мақалаларды оқып, негізгі түйінін оқыту;

  • Білім сапасын арттырудағы білім туралы Елбасымыздың тұжырымдамаларын еске алу;

Бұл алдыға қойылған мақсаттарына жоспарлы түрде арттыруға болады.

- Жұмыстың мазмұнды жоспары;

- Топтың даму деңгейі және шабуылы, қатысушыларда құрылатын қарым - қатынас;

Дәріс барысындағы эффективтілігі оның тек қолдануына байланысты емес, сонымен бірге ол мазмұнды, әрі сабақ мақсатына сәйкес қолданылуы болып саналады. Шешім қабылдауда тренингтік әдісті таңдау. Қазіргі таңда жиі қолданатын тренингтік жаттығуларға: топтық дискуссиялар, психо драмма, психогимнастика жатады. Осы немесе өзге жаттығуларды таңдау келесі факторлар негізімен анықталады.

1) Студенттерді коучингтің мазмұнымен таныстыру;

2) Студенттерді негізгі топ ерекшеліктерімен;

3) Сабақ барысында жүргізілетін ситуация ерекшеліктерімен;

4) Дәріс берудегі тренер мүмкіншіліктерімен;

Психологиялық пәндерде дәріс барысында сабақ мазмұны бойынша топтың қандай да болмасын қатысушы студенті өзінің психологиялық мәселесін айтып, оның шешімі практикалық тұрғыдан жүргізілуі қажет.

Сонымен бірге оқытылып жүрген әлеуметтік - психологиялық феномомендердің акценттерін орнықтыру қажет. Оның негізгі шешімдеріне байланысты адам психикасы тек теориялық тұрғыдан емес сонымен бірге топ алдындағы теориялық түсініктер практикалық тұрғыда өз шешімін табады. Ең басты мәселе болып топты ұйымдастыру болып саналады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал