- Учителю
- План конспект урока по черчении на тему 'Нәрсенің төбесі, қабырғалары мен қырларының проекциясы ' (9 класс)
План конспект урока по черчении на тему 'Нәрсенің төбесі, қабырғалары мен қырларының проекциясы ' (9 класс)
Сыныбы: 9
Тақырыбы: 23-24 Нәрсенің төбесі, қабырғалары мен қырларының проекциясы
Мақсат:
-
Білімділік: Нәрсенің төбесі, қабырғалары мен қырларының проекциясын графикалық жұмыс жасату арқылы оқушылардың техникалық графикалық білімдерін дамыту.
-
Дамытушылық: Нәрсенің төбесі, қабырғалары мен қырларының проекциясын орындау арқылы оқушылардың сызба құжатпен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.
-
Тәрбиелік: Сызудың алғашқы негіздерін игерту арқылы оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу
Сабақ типі: білімді бағалау және тексеру сабағы
Сабақ түрі: зерттеу ішінара ізденіс сабағы.
Әдіс-тәсілдер: репродуктивті
Құрал-жабдықтар: Транспортир, қарындаштардың түрлері, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар, А-4 пішімі, «Аксонометриялық проекцияны детальдың астынғы табанынан тұрғызу әдісі» презентациясы
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ таныстыру.
Сендер бүгін практикада тетікбөлшектің изометриялық проекциясын орындайсыңдар, алдыңғы сабақтарда алған білімдерін графикалық жұмысы арқылы тексеріледі.
ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру
оқушыларға алдымен «Аксонометриялық проекцияны детальдың астынғы табанынан тұрғызу әдісі» презен-тациясы көрсетіліп жұмыс жасау барысы түсіндіріледі. Сосын карточкалар таратылып тапсырма беріледі.
Графикалық жұмыс «Нәрсенің төбесі, қабырғалары мен қырларының проекциясы»
Жұмыс барысы:
-
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша детальдардың екі көрінісі бойынша изометриялық проекциясын сызыңдар.
-
М1:1 етіп А4 форматының сол жақ бөлігіне екі көрінісін сызыңдар, өлшемдерін көрсетіңдер. Бұл сызбаны бірінші сағатында орындап аяқтауларың қажет.
-
Изометриялық осьтердің бір-бірімен орналасу градустарын есіңе түсір. Форматтың оң жақ бөлігіне тетікбөлшектің изометриясын салыңдар.
-
Сызба атауын «Тетікбөлшектің изометриялық проекциясы» -деп толтырыңдар.
-
Екінші сабақ соңында сызбаларыңды аяқтап өткізесіңдер. Бітпеген сызба төмен бағаланады.
IV. Үйге тапсырма Аксонометриялық проекциялар тақырыбын қайталау.