- Учителю
- Ыдыс түрлерін мүсіндеу ашық сабақ 2 сынып
Ыдыс түрлерін мүсіндеу ашық сабақ 2 сынып
|
Технология | |
Тақырыбы |
Ыдыс түрлерін мүсіндеу | |
Мақсаты |
Қазақ ыдыстарын қазіргі ыдыс түрлерімен салыстыра отырып түсіндіру; Ойлау қабілетін дамыту,көргендерін есте сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету; Оқушылардың еңбекке деген қабілеті мен қызығушылығын арттыру, әдемі бұйым жасауға үйрету; | |
Күтілетін нәтиже |
Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. | |
7 модульдің қолданылуы |
АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".
| |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
«Қайталау-оқу айнасы»,Миға шабуыл, Ойлан тап, «10 адым аттап,10 ыдыстың атын атау» | |
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, | |
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг |
Психологиялық дайындық жүргізу: Шебер біздің атамыз, Шебер біздің әжеміз, Шебер болған бабам да, Біз де шебер боламыз. Оқушыларды «Балмұздақ таяқшалары» арқылы 1,2 топқа бөлу; Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту. Әр топқа бағалау парағын таратып беру. |
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
|
Білу Миға шабуыл Интерактивті тақтаға «Қайталау-оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
|
Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
|
Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
|
Түсіну Постермен жұмыс,тақырыпты қорғау
|
Топпен жұмыс: І-топ: «Ұстап тану-жұмулы көзбен белгілі бір бұйымдарды /ыдыс аяқ/ ұстап танып, оның күнделікті өмірде не үшін қажет екенін әңгімелеу;» ІІ-топ: «Сурет салу. Ыдыс-аяқ түрлерін салғызу. Оқушылардың салған суреттерін көрсетіп, атын атап, олардың пішіні, көлемі туралы айтады» |
Оқушылардың мақсаты өз ойлары мен пікірлерін айту Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды |
Қолдану Сарамандық жұмыс Ермексазбен жұмыс |
Оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдану үшін ермексаздан ыдыс-аяқтардың мүсіндерін жасау: І-топ: кесе ІІ-топ: қасық |
|
Талдау «Ойлан тап» |
Ыдыстар туралы жұмбақтар шешу: Кесе, шыны пиала, Оларсыз шай құяма. Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? /ыдыс-аяқ/ Отқа қойсаң елпілдеп, Быж-быж етіп тұншығар. Тақиясы селкілдеп, Танауынан бу шығар. /шәйнек/
|
Оқушылар жұмбақтардың жауаптарын тауып, жауапқа байланысты қосымша пікірлерін айтып өтеді. |
Жинақтау Ойын: «10 адым аттап,10 ыдыстың атын атау» |
Оқушылар ойын барысында ыдыстардың атын атап жүреді. Мысалы: табақ, тостаған,ожау,самаурын, шәйнек, шелек, кесе, қасық,пышақ |
Әр қадамда ыдыстардың атын атап, оларды қолданылуы туралы мағлұмат береді. |
Бағалау Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату |
Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек |
Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды |
Рефлексия |
«Екі жұлдыз , бір тілек» Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі |
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады. |
Үйге тапсырма |
Ермексаздан кесе жасау |
|