- Учителю
- Шығармашылық жобаға пікір жазу
Шығармашылық жобаға пікір жазу
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интератының 6-шы сынып оқушылары
Укенова Айым және Теміржан Ділданың
«Жасанды ақшадан дайындалған топиарий талы»» атты жобаға
пікір.
Елбасымыздың өзі қолөнер тақырыбын аса алға алып отыр. Бұл оқушыларды ғана емес, барлық қоғамды қолөнерге баулу, әлемнің кереметін сезінуге алып келеді.
Бұл оқушылар да қазіргі заманға сай тақырып алып, өз зерттеулерін жүргізген. Кейінгі кезде қолдан дайындалған бұйымдар көптеп қолданылып жүр. Ойындағы бейнені кез келген қалдық заттарды іске жарату арқылы әр түрлі интерьерге керекті бөлшектерді, сыйлыққа берер кәдесыйларды дайындап алуға болады.
Қорытындылай келе оқушылар болашақта осы жұмыстарын жалғастыра берсе, үлкен сұранысқа тұрарлық мамандық иесі бола алады. Олар өздері жасаған бұйымдарын қазірден-ақ, еш оқу орнын бітірмей жасап сата ала алады. Олардың өздерінің қолдарымен жасаған бұйымдары біріншіден, эксклюзивті, екіншіден қазіргі заманда ақша көбіне рөл атқарып тұрады, сондықтан олар өздеріне күнделікті ақша шығындарын тауып алуларына үлкен мүмкіндік береді.
Жоба жетекшісі: Т.А. Куандыкова