7


  • Учителю
  • Ашық сабақ тоқу өнері 5 сынып.

Ашық сабақ тоқу өнері 5 сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тоқу өнері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды халықтың өнерімен таныстыру, үйрету.

Білімділік мақсаты:

Шығармашылық жұмыс туралы білім беру және өнер шеберлігін таныту.

Дамытушылық мақсаты:

Қосымша әдебиеттерден білім алуға , ізденуге, талдау жасауға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты:

Эстетикалық талғамын, шеберлігін ұштап, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құралдар мен жабдықтар:

Тоқу, өсімдік бұтақтары, пышақ, қайшы, жіп, таспа.

Пәнаралық байланыс:

Химия, сызу, технология.

Сабақтың әдісі:

Инновациялық әдісі, ұлттық бағдар, топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен сабақты пысықтау.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  4. Кіріспе бөлім.

  5. Тоқу өнері,себетті тоқу технологиясы.

  6. Қорытынды.

  7. Үйге тапсырма.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен сабақты пысықтау:

  1. Өрнектің қандай түрлерің білесіңдер?

  2. Себетті тоқу үшін қандай құралдар қолданамыз?

  3. Себетке қолданатын ағаштың түрі?

  1. Жаңа сабақ:

Тоқу өнері- ертедегі кәсіптің бірі. Шеберлер былғарыдан, ағаш өсімдіктерінің бұтақтарын өте әсем бұйымдар жасаған . Ерте заманда тал шыбығынан үй жиһазын, сонымен қатар себеттің бірнеше түрін тоқыған. Қазіргі кезде де былғарыдан, тал шыбығын әр түрлі ойыншықтар мен ыдыс-аяқтар жасалады.Мұндай себетті өру үшін өрім тал өте қолайлы.Ол үшін алдымен шикізат әзірлеуді үйрену қажет. Шие бұтағың көптеген түрлерін арнаулы өндеудең өткізген соң, бұйым тоқуға өте қолайлы.

Себетті тоқу үшін бір жылдық тал шыбықтарын қолданған жөн . Себебі олар жіңішке әрі ұзын келеді, ал ірі себетті тоқуға екі жылдық тал шыбығын пайдаланған дұрыс.

Шыбықтарының ұзындығы 60-70 см, ал кесілген жеріндегі диаметрі 5-8 мм өсімдікті пайдаланған жақсы .

Тал шыбығын пайдаланатын ең ыңғайлы кезең ерте көктем немесе күз. Көктемде шыбықтың қабығы да оңай ашылады.

Егер шыбық басқа мезгілде кесілген болса, оның қабығын алу үшін суға салып жібітеді.Тоқу түрлері қарапайым, тоқу, көлденең қатарлап өру, арқандап тоқу, шахматтап өру түрлері бар.

Себеттің тоқу технологиясы:

  1. Өңделген сегіз шыбық таңдап алып, пышақпен 4 шыбыққа ортасынан тілік жаса. Қалған 4 шыбықты сол тіліктен өткіз.

  2. Айқасқан шыбықты 2 жіңішке шыбықпен айналдыра тоқы. Тоқу шыбығы таусылған кезде, ұзын бір шыбықпен жалғастыр.

  3. Себет дұрыс пішінді болу үшін оның түбіне қалып немесе ыдыс қой. Түбін өріп болған соң шетіндегі шыбықтарды қайырып, буып тастау керек. Ол себет қабырғасының негізі.

  4. Бірінші қатар - бекіту қатары. Әр қатарды өрген сайын нығыздар отыр. Жұмысты себеттің тұтқасын өріп, не есіп жасаумен аяқта.

Сондай-ақ себетті ауыз шеңберінен бастап тоқуға да болады.

6. Оқушылардың білімдерін қалыптастыру:

1. Жүзім шыбығын себет тоқу үшін оны қалай даярлайды?

2.Тоқудың қандай түрін білесіңдер?

3. Шахматтап тоқу технологиясын түсіндіріп бер?

Сұрақ-жауап арқылы білімдерін бағалау.

7.Үйге тапсырма: тал бұтағынан себет тоқу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал