7


  • Учителю
  • Гүлденген Қазақстан таспадан раушан гүлін кестелеу

Гүлденген Қазақстан таспадан раушан гүлін кестелеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы: Таспадан раушан гүлін кестелеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға гүлдерді бейнелеп панно жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Білімділігі: Таспадан раушан гүлінің кестелеу тәсілдерін үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, әр баланың қабілетіне қарай шығармашылыққа бейімдеу.

Тәрбиелігі: Сұлулық пен әсемдікке, талғампаздық пен шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, таспадан гүлдердің бейнесі кестеленген паннолар, сызбалар, нұсқау карта

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті таспалар, кергіш,мата, таспаға арналған ине, мулине жіп, қайшы, қарындаш

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Қауіпсіздік ережесін қайталау.

II. Жаңа сабақ:

Гүлдер ежелден сәндік қызымет атқарған. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлдермен көмкеріледі. Табиғаттың бәр әсемдігі гүлдің бойынан табылған. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді. Гулдер сұлулық әкеліп қана қоймай, өмірімізді әдемілікке байытады. Бүгінгі сабағымызда таспадан раушан гүлін үш тәсілмен кестелеу түрлерін үйренеміз.





Хош иіс Қуаныш

Шаттық ГҮЛДЕР Махаббат





Сыйластық Әдемілік

Мереке

















1-тәсіл. Бір метр таспаны қақ ортасынан үстел үстіне қойып, алма-кезек бүктеу керек. Ұшына барған соң шиыршықталып түскен таспаның бір ұшынан тартып, раушан гүлін шығарамыз. Артық таспаны қиып тастап, сөгітіліп кетпес үшін күлтелерін біріктіріп тігу керек.

2-тәсіл. 30-40 см таспаны қиып алып, шетін 90 градуста қайырамыз. Бүктелген бұрышты домалатып ораймыз да, түстес жіппен бір-екі рет іліп тігіп аламыз. Бұл раушан гүлінің ортасы болып саналады, енді таспаны шиыршықтап орай, яғни бұрыштап қайырып айналдыра орау керек және әр жерін тігіп бекітіп орырамыз.

2-тәсіл. Бұл тәсілді жасау үшін таспаға түстес жіп қажет. Матаның ортасына бес тармақ сәулені түстес жіптен тігу, осы тармақтың ортасынан таспаны кесте бетіне шығару, содан кейін таспаны бірінші тармақтың үстінен, ал екіншісін тармақтың астынан алма-кезек өткізу керек. Осылай қайталанып раушан гүлі шығады.

ІІІ. Сарамандық жұмыс.

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

Сергіту сәті: Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау.

1. Гүлден жасаған панно ұнады ма?

2. Гүлдің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Сен тұратын аймақта қандай гүлдер өседі?

4.Жұмысты жасау үшін қандай материалдар қажет болды?

5.Бұл гүлдің бізге қандай пайдасы бар?

VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.

VII. Үйге тапсырма: Раушан гүлдерінің жинақтығынан панно жасау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал