7


  • Учителю
  • План конспект урока по черчении на тему 'Нәрсенің геометрилық пішінін талдау. ' (9 класс)

План конспект урока по черчении на тему 'Нәрсенің геометрилық пішінін талдау. ' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 9

Тақырыбы 19 Нәрсенің геометрилық пішінін талдау

Мақсат:

  1. Білімділік: Нәрсенің геометрилық пішінін талдауды практикалық жұмыс орындау арқылы оқушылардың білім біліктілігін дамыту.

  2. Дамытушылық: Кеңістікте ойлау қабілеттерін, визуалды қабылдау дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Жеке жағдайдағы кесінділер мен жазық фигуралар проекцияларын орындау әдістерін сыздыру арқылы игерту. Оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу

Сабақ типі: бекіту сабақ

Сабақ түрі: ішінара ізденіс эвристикалық сабағы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, ішінара іздену, өзіндік сызу

Құрал-жабдықтар: Транспортир, циркуль, қарындаштардың түрлері, көрнекіліктер, Нәрсенің геометрилық пішінін талдау презентациясы, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі

Нәрсенің геометрилық пішінін талдау

Фронталь, горизонталь және профиль проекциялар жазық-тықтарының біреуіне де параллель болмайтын кесіндіні жалпы жағдайда орналасқан дейді. Жалпы жағдайда орналасқан кесінді проекцияларының ішінде оське параллель орналасқаны болмайды. 1-суретте кескінделген АВ кесіндісінің проекциялары ішінде оське параллель орналасқаны жок. Олай болса, АВ - жалпы жағдайда орналасқан кесінді.

Проекциялар жазыңтықтарының біріне параллель кесінді деңгейлік кесінді деп аталады. Фронталь проекция жазықтығына параллель кесіндіні фронталъ орналасқан кесінді дейді. Фронталь орналасқан кесінді нүктелері л жазықтығынан бірдей кашықтықта орналасады. Сызбада фронталь кесіндінің горизонталь проекциясы х осіне, профиль проекциясы 2 осіне параллель орналасады, ал фронталь проекциясының ұзындығы кесіндінің өзіне тең. Горизонталь проекциялар жазықтығына параллель орналасқан кесіндіні горизонталь орналаскан кесінді дейді. Горизонталь кесінді нүктелері горизонталь проекциялар жазықтығынан бірдей қашыктықта орналасады. Сызбада горизонталь кесіндінің фронталь проекциясы х осіне, профиль проекциясы у осіне параллель орналасады, ал оның горизонталь проекциясының үзындығы өзінің үзындығына тең болады. к3 жазыктығына параллель кесінді профиль орналасқан кесінді деп аталады. Профиль кесіндінің горизонталь проекциясы у осіне, фронталь проекциясы г осіне параллель орналасады, ал оның үзындығы профиль проекцияда сақталады. 2-суретте АВС үшбұрышының проекциялары кескінделген, АВС үшбұрышының қабырғалары ішінде проекциялар жазықтықтарына параллель орналасқандары бар ма? А2В2|| х және А3В3 || z екенін көреміз. Олай болса, АВ||1 АВ кесіндісі фронталь орналасқан жөне |АВ| = |A1B1|. В1С1||х жөне В3С3|| у, сондьщтан ВС || 2. ВС кесіндісі горизонталь орналасқан және |ВС| = |В2С2.|. А1C1||z және А2С2 || у, сондықтан АС || л3. АС кесіндісі профиль орналасқан жөне |АС| = ІA3С3|. Деңгейлік кесінділердің қасиеттері сызуда кең түрде пайдаланылады.

Проекциялар жазықтықтарының біреуіне перпендикуляр кесіндіні проекциялаушы кесінді деп атайды. Проекциялаушы кесінді проекциялар жазықтықтарының қалған екеуіне параллель болады. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр кесінді фронталъ проекциялаушы кесінді деп аталады. Фронталь проекциялаушы кесінді фронталь проекциялар жазыктығында - нүктеге, горизонталь проекциялар жазықтырында - өзіне тең вертикаль кесіндіге және профиль проекциялар жазықтығында оның өзіне тең горизонталь кесіндіге проекцияланады. Горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр кесінді горизонталь проекциялаушы кесінді деп аталады. Оның горизонталь проекциясы - нүкте, ал фронталь жөне профиль проекциялары кесіндінің өзіне тең вертикаль кесінділер болады. 3 жазықтығына перпендикуляр кесінді профилъ проекциялаушы кесінді деп аталады. Профиль проекциялаушы кесінді 3 жазықтығында - нүктеге, 1 және 2 жазықтықтарында үзындықтары кесіндінің ұзындығына тең горизонталь кесінділерге кескінделеді. 3-суретте параллелепипедтің үш проекциядан тұратын сызбасы берілген. Параллелепипедтің қырлары қалай орналасқан? Параллелепипедтің 12 қыры бар. Олардың төртеуі АD, ВС, ЕМ жөне ҒN - фронталь проекциялаушы кесінділер, келесі төртеуі АN, ВМ, СЕ және DҒ - горизонталь проекциялаушы кесінділер, қалған төртеуі АВ, СD, ЕҒ және МN - профиль проекциялаушы кесінділер.

Проекциялар жазыктыктарының ешбіреуіне де перпендикуляр болмайтын жазық фигураны жалпы жаедайда орналасқан жазық фигура деп атайды. Жалпы жағдайда орналаскан жазық фигураның проекцияларының ішінде кесіндіге проекцияланатыны болмайды. 6-суретте кескінделген АВС үшбұрышының проекциялары ішінде кесіндіге проекцияланғаны жоқ.. Олай болса, АВС үшбұрышы жалпы жағдайда орналасқан.

Жеке жағдайда орналасқан жазык фигураларды проекциялаушы фигуралар және деңгейлік фигуралар деп екі топқа бөледі. Проекциялаушы жазық фигуралар проекциялар жазықтықтарының біреуіне перпендикуляр орналасады және өзіне перпендикуляр проекциялар жазықтығында кесіндіге проекцияланады. Фронталь проекциялар жазыктығына перпендикуляр жазык фигура фронталъ проекциялаушы, горизонталъ проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазык фигура горизонталъ проекциялаушы және профиль проекциялар жазыктығына перпендикуляр жазьщ фигура профилъ проекциялаушы фигуралар деп аталады.. 4, а-суреттегі АВС үшбұрышының проекцияларын карастырайық. Оның фронталь проекциясы кесіндіге проекцияланған. АВС үшбұрышы фронталь проекциялаушы жазық фигураның мысалы бола алады. АВСD тіктөртбұрышының горизонталь проекциясына карап, оның 2 жазықтығына перпендикуляр екенін көреміз. АВСD-тіктөртбұрышты горизонталь проекциялаушы жазық фигура (4, ә-сурет). 4, б-суретте кескінделген ЕҒМN тіктөртбұрышы 3 жазықтығына перпендикуляр профиль проекциялаушы жазьщтықта жатыр.

Проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель орналасқан жазық фигураны деңгейлік жазық фигура деп атайды. Жазық фигура фронталь проекциялар жазықтығына параллель орналасса, оны фронталъ орналасқан фигура дейді. Фронталь орналасқан жазық фигура фронталь проекциялар жазықтығына бұрмаланбай, өзінің нақты шамасын сақтап кес-кінделеді. Мысалы, центрі О нүктесінде жататын фронталь орналасқан шеңбер 1 жазықтырында - өзіне тең шеңберге, 2 жазықтығында -горизонталь кесіндіге жөне 3 жазьщтығында вертикаль кесіндіге проекцияланады (5-сурет).

1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет 5-сурет 6-сурет

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Эпюрде жазықтық қандай фигурамен кескінделеді?

  2. Қандай жазықтық жалпы жағдайда деп аталады?

  3. Дербес жағдайда деп қандай жазықтықты атайды?

  4. Проекциялаушы жазықтықтар кеңістікте қалай орналасады?

  5. Деңгейлік жазықтықтар ше?

  6. Проекциялаушы түзулер эпюрде қалай кескінделеді?

Жаттығу:

1) 1, 2 карталар бойынша жауап беріңіздер. 1-карта 2-карта

2) Практикалық жұмыс-2 сағат: Детальдың көрнекі кескіні бойынша 1-сурет қажетті мөлшерде көріністердің сызбаларын орындаңдар. Барлық көрініске А, В, С нүктелердің кескінін көрсетіңдер. Детальдың неше қабырғасы фронталь проекциялаушы, нешеуі горизонталь және профиль проекциялаушы? Детальдың 2-сурет бойынша аксонометриялық проекциясын орындаңдар. Оған А, В, С нүктелерінің кескінін түсіріңдер. Сызбаны А4 форматына М1:1 етіп орындаңдар.






IV. Қорытынды осы сабақта оқушылар жеке жағдайдағы кесінділер мен жазық фигуралар проекцияларын орындауды үйренді.

V. Үйге тапсырма Нәрсенің геометрилық пішінін талдау тақырыбын қайталау, сызбаны аяқтап әкелу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал