7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Сыйлық заттар дайындау. Шашқа арналған әшекей бұйым.

Тақырыбы: Сыйлық заттар дайындау. Шашқа арналған әшекей бұйым.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Тақырыбы: Сыйлық заттар дайындау. Шашқа арналған әшекей бұйым

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сәндік бұйымның тоқу схемасына қарап тоқып үйренуге жаттықтыру, жасалу жолын түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушыларды еңбекке қызығушылығын арттыру, іс-қимылдарын дамыту;

Тәрбиелілігі: Оқушыларды қолөнердің жаңа түрлеріне қызықтыру, эстетикалық талғамға, қауіпсіздік ережелерін еске ұстауға, іскерлікке, бастаған істерін аяқтауға тәрбиелеу



Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, сурет

Көрнекіліктер; моншақпен жасалған бұйым үлгілері, технологиялық карта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ Үй тапсырмаларын тексеру



Мыналардың сәйкестігін тап



Толықтыру тесті:

  1. Ұсақ, домалақ, сопақша әр түрлі хрусталь шыны, металл, керамикалық материалдан жасалған моншақтарды бисер деп атаймыз.

  2. Стеклярустың бисерден айырмашылығы ол ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес болып келеді

  3. Бисерді ең көп шығаратын жерлер - Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан

  4. Бисерден үлкендерді кәдімгі моншақ деп атайды

  5. Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы параллельді тоқу

Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты мен міндеттерді

ІІІ. Жаңа тақырыппен таныстыру:

«Сыйлық заттар дайындау. Шашқа арналған әшекей бұйым»

Жұмыс орнын ұйымдастыру:

Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды жүруі үшін тек құрал - саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу, әсіресе ол жерде бисерді қалай орналастыруды ойластыру өте маңызды. Ол үшін бір бедерлі фланельді жастықшаға ұқсас төрт бүктеп, түрлі түсті бисерді үйіп қою керек.

Кей жағдайда өте терең емес (5-10 мм) тәрелкелерге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады.

Бисермен жұмыс істегенде жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса, көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.



ІV. Сарамандық жұмыс

Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы параллельді тоқу, яғни сым бисердің қуысынан параллельді өтеді.

Көбелектің қанаты мен денесінің орындалуы. Ұзындығы 20-30 см болатын сым, оған таңдалған бір бисер кигізіліп бекітіледі, кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір-біріне тығыз орналасып, тоғыз қатардан параллель тоқылады. Әр қатар сайын бір бисерден қосылады. Осы жерде сымдардың екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аударған жөн. Жұмыс 1-негізгі параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады. Осылайша қалған екі қанатын тоқып шығамыз.

Шалып тоқу әдісі. Шалып тоқу әдісінің ең қарапайым әдісі-1 бисерден тұратын элемент-1-2-3-4-5-4-3-2 -3-2 формуласына сәйкес орындалады. Осы шалып тоқу әдісімен көбелектің ортаңғы бөлігі, яғни денесі тоқылады.



Пайдалы кеңетер.

Сыртқы көрінісін жақсарту үшін: бисер айтарлықтай салмақты материал, кейбір күрделі немесе көлемді бұйымдар солып, салбырап қалуы да мүмкін. Сондықтан бұталарын қайталау үшін арнайы диаметрі 0,6-1,2 мм болатын флористикалы сымды пайдаланған жөн. Мұндай сым өзінің жуандай диаметріне қарап қажетті пішіе бере алады.

Кейде жұмыс барысында сымның үзіліп кетуі де мүмкін. Егер бұл жұмыстың барысында кездессе, қайта бастаған дұрыс болар, ал жұмыстың біршама бөлігі орындалып қойса, үзілген ұшын 1-2 қатар босатып төменде көрсетілген екі тәсілмен бекітуге болады.

Бірінші тәсіл - әр сымның әр ұшымен тоқылу принципімен кері қарай жүру. Бұл егер сым жіңішке немесе моншақтың тесігі үлкен болған жағдайды, егер моншақ өте ұсақ немесе сым жуан болса сымның ұштарын бұйымның шеткі ұштарын шалуларының арасынан кейін қайтіп бекітеміз.

Екінші тәсіл - композицияны құрастыру кезінде гүлдердің үйлесімділігін ескеру маңызды рөл атқарады.

Қорытынды.

Жұмыстың жасалуына, біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал