7


  • Учителю
  • План конспект урока по черчении на тему 'Фронталь димметриялық проекция ' (9 класс)

План конспект урока по черчении на тему 'Фронталь димметриялық проекция ' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 9

Тақырыбы 14 Тік бұрышты изометрия. Фронталь димметриялық проекция


Мақсат:

  1. Білімділік: Фронталь димметриялық проекцияны практикалық жұмыс орындау арқылы оқушылардың білім біліктілігін дамыту.

  2. Дамытушылық: Кеңістікте ойлау қабілеттерін, визуалды қабылдау дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Фронталь димметриялық проекцияда деталь сызбасын сыздыру арқылы игерту білімдерін дамыту. Оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: ішінара ізденіс эвристикалық сабағы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, ішінара іздену, өзіндік сызу

Құрал-жабдықтар: Транспортир, циркуль, қарындаштардың түрлері, көрнекіліктер, «Аксонометриялық проекцияларды сызу» презентациясы, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ таныстыру.

Сендер бүгін Фронталь диметриялық проекцияда сызбаларды практикада орындауды үйренесіңдер.

III. Өткен тақырыпты қайталау

  1. Фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар осьтерінің бойына және оларға параллель етіп қандай өлшемдер салынады?

  2. Аксонометриялық проекцияларды салудың жалпы кезеңдерін ретімен атаңдар.

  3. Фронталь диметриялық проекция мен изометриялык пооекцияның осьтері қалай орналасады?

  4. Фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар осьтерінің бойына және оларға параллель етіп қандай өлшемдер салынады?

  5. Аксонометриялық проекцияларды салудың жалпы кезеңдерін ретімен атаңдар.
    ІV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

ҚИҒАШБҰРЫШТЫ ФРОНТАЛЬ ДИМЕТРИЯ

Қиғашбұрышты фронталь диметриялық проекцияны шығарып алу үшін проекциялар жазықтығын хОг жазықтығына параллель орналастырады (1,а-сурет). Проекциялау бағыты проекциялар жазықтығымен қиғаш бұрыш жасайды. х' және z' осьтері өзара пер-пендикуляр, ал олардың бағыттарындағы бұрмалану көрсеткіштері 1-ге тең болады. и = w = 1. Үшінші у' осінің бағыты және бұрмалану көрсеткіші v проекциялау бағыты мен проекциялар жазықтығы арасындағы бұрышқа байланысты болады. у' осін горизонталь сызықпен 45° бұрыш жасайтындай етіп орналастыру (1,ә-сурет), ал бұрмалану көрсеткішін v = 0,5 деп алу қабылданған.



1-сурет 2-сурет

Сонымен, киғашбұрышты фронталь диметрияда z' осі вертикаль, x' осі горизонталь және у' осі x' жне z' түзулері арасындағы бұрыштың биссектрисасы болады. Нөрсе х және г осьтері бағы тында бұрмаланбай, өздерінің нақты шамаларын сақтап кескін-деледі, ал у осі бағытында екі есе кішірейіп проекцияланады.

хОг жазықтығында немесе оған параллель жазыктықта орналасқан шеңбер де бұр-маланбай кескінделеді. хОу және уОг жазықтықтарына параллель шеңберлер эллипс-терге проекцияланады.

Мысал. Ұзындығы 6-ға, калыңдығы 2-ге және биіктігі 8-ге тең параллелепипед ортасынан тесілген, оның диаметрі 4-ке тең. Нәрсенің фронталь диметриясын салуды қарастырайық. Аксо-нометриялық осьтерді саламыз. z' осін вертикаль, x' осін оған перпендикуляр орналастырамыз. у' осін тұрғызу үшін бұрыштары 45°, 45° және 90° болатын бүрыштықты пайдаланған дүрыс (2,а-сурет). x' және z' осьтеріне 6-ға және 8-ге тең кесінділер салып, тіктөртбұрыш тұрғызамыз. Осы тіктөртбұрыштың центрін тауып, радиусы 2-ге тең шеңбер жүргіземіз. Содан кейін бас нүктені у' осі бойымен 1 кесіндіге ығыстырып, салуды қайталаймыз (2, ә-сурет). Көрінетін сызықтарды жұмсақ қарындашпен бастыра жүргіземіз де, көмекші сызықтарды өшіргішпен өшіріп тастаймыз (2, б-сурет).

V. Жаңа сабақты бекіту

Жаттығу

  1. Центрі В(4; 5; 5) нүктесінде жататын, радиусы 3-ке тең жөне хОг жазықтығына параллель орналасқан шеңбердің киғашбұрышты фронталь диметриясын сал.

  2. Қырының ұзындығы 5-ке тең текшенің киғашбұрышты фронталь диметриясын сал.

  3. Биіктігі10-ға тең, диаметрі 4-ке тең цилиндрдің киғашбұрышты фронталь диметриясын сал. Натурал координаталар жүйесін цилиндрдің табандары бұрмаланбай шеңберлерге проекцияланатындай етіп орналастыр.

VI. Қорытынды Фронталь диметриялық проекцияда сызбаларды орындауды үйренді. Оқушылар жұмыстары сабақ барысында бағаланады

VII. Үйге тапсырма Фронталь диметриялық проеция тақырыбын қайталау, үлгермеген оқушыларға жаттығуларды сызып аяқтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал