7


  • Учителю
  • Конспекты по технологий на тему: «Ағашты конструкциялық материал ретінде пайдалану»» (5 класс)

Конспекты по технологий на тему: «Ағашты конструкциялық материал ретінде пайдалану»» (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: «Ағашты конструкциялық материал ретінде пайдалану»Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын білуге, үй печенесі туралы білімдерін кеңейту.Дамы
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Ағашты конструкциялық материал ретінде пайдалану»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын білуге, үй печенесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, ағаш конструкциялық материал ретінде пайдалану туралы оқушыларды ұқыптылықпен, тазалықпен, жауапкершілікпен қарауға баулу.


Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызбалар, сурет, журналдар, құрал-жабдықтары, т.б.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен сәлемдесу.

-Сабаққа қатынасын анықтау.


2. Ағаштың конструкциялық материал ретінде құрылыста, үй жиһаздарын әзірлеуде т.б. жұмыстарда кеңінен пайдаланылатынын айттық. Енді ағаштарды таңдап алу, дұрыс кесіп, пайдалану жолдарына тоқталайық. Ағаш негізінен үш бөліктен тұрады: тамыры, ұшар басы, діңі. Ағаштың діңі конусқа ұқсас. Құрылыс материалдарының көпшілігі ағаштың діңінен алынады. Құрылыс материалдарын алу үшін, оны дұрыс кескен жөн. Ағаш тілетін зауыттарда діңді кескенде ағаштың ысырап болмауы үшін, оны дұрыс кесу жолдарын қарастырады. Жуан ағашты тиімді кесу жолы көрсетілген. Мұндай жағдайда оның әрбір бөлігінен әр түрлі құрылыс материалдары алынады. Суретте көрсетілгендей құрылыс материалының ең берік тұсы діңнің орта бөлігінен алынады. Қалдық бөлшектер көп болмауы үшін ағаштың қабығы мен жаңқаларын арнайы өңдеуден өткізіп, ағаш ұнтақтарын әзірлейді. Ағашты таңдаудан бұрын әбден кептіреді. Ең қарапайым кептіру - табиғи кептіру. Ол үшін ағаш материалдарын араларынан ауа жүретіндей етіп, қабаттап жинайды. Жыл мезгіліне байланысты ағашты кептіруге 1 аптадай 10 аптаға дейін уақыт кетеді.

Сабақты бекіту. Ағаш конструкциялық материал ретінде пайдалану туралы нені үйрендіңдер?

Үйге тапсырма: Оқып келу, үйрену.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал