7


  • Учителю
  • Технология пәнінен сабақ жоспары 'Химиялық талшықтар' 7-сынып

Технология пәнінен сабақ жоспары 'Химиялық талшықтар' 7-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға химиялық талшықтардың түрлерін, қасиеттерін түсіндіру, олардың өндіру технологиясымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: шеберлікке баулу, үнемділікке, тиянақтылыққа, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ізгілендіру диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: химия, дүниетану, сызу
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, мата қиындылары, ине, қайшы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қажетті құралдарын дайындату. Сабаққа назарларын аудару, қызығушылықтарын арттыру үшін жұмбақ жасырамын.
1. Жарқылдаған қос қылыш,
қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)
2. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе. ( Ине)
Қауіпсіздік ежелерін еске түсіру
Инені арнаулы қобдишаларда ұстау керек. Инені киімге қадауға, ауызға салуға болмайды.
Қайшыны арнаулы қобдишада ұстау керек, қайшыны ашық қалдыруға болмайды. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
ІІ. Оқушылардың білімін бақылау
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын ізгілендіру диаграммасы арқылы оқушылардан:
- Не білемін?- деген сұраққа дәптерлеріне жауап жазғызамын.
Өздерің білетіндей, мата негіз жіптері мен арқау жіптерін өріп тоқу арқылы жасалады. Әрбір жіп бірнеше ширатылған жіңішке талшықтардан құралған. Тоқыма талшықтары өздерінің қасиеттері бойынша әр алуан. Олар шығу тегіне, құрамына және өндіру тәсіліне қарай ерекшеленеді.
Сендер өткен кластарда өсімдіктекті мен жануартекті маталармен таныстыңдар. Табиғи маталар денсаулыққа пайдалы табиғи талшықтардан тоқылады, бірақ оларды өндіру - мол еңбектенуді қажет ететін және аса қымбат процесс. Химиялық талшықтардан жасалған маталарды өндіру аз еңбекті қажет етеді және арзан.
ІІІ. Жаңа сабақ
ХVІІ ғасырда ағылшын ғалымы Роберт Гук бірінші рет талшықтарды химиялық жолмен алуға болатындығы туралы айтты. Ал 1753 жылы М. В. Ломоносов түрлі түсті шыны әзірлеу үшін тәжірибелер жүргізді және лағыл шыны жасауға қол жеткізді. Сонда ол жасанды талшықтардан өнеркәсіптік өндіру тәсілін табуға талпынды.
Тұңғыш рет химиялық талшықтарды 1853 жылы ағылшын Аудермас алған, ал 1891жылы француз Шардонне алғашқы болып осы тәріздес жіптердің өндірісін ұйымдастырады. Ежелгі Египетте оларды әшекей үшін пайдаланған. Жасанды жібек өндіру бойынша бірінші зауыт Ресейде 1913 жылы, Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында тұрғызылды.
Қазіргі уақытта химиялық талшықтардан мата өндіру кезінде оларды әртүрлі үлеспен табиғи талшықтарға қосып отырады, сонда матаның қасиеттері жақсарып, матаның жаңа түрлері пайда болады.
Химиялық талшықтар
Жасанды Синтетикалық
Табиғи органикалық
материалдарды (ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрлі
химиялық заттармен:
ацетон, сіркесу, азот, күкірт
қышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды: мұнай, таскөмір, табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза - қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады
Мұндай талшықтарға нитро - жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады Бұл заттардан жоғары малекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон, капрон, лавсан, т. б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады
Химиялық талшықтардан иірілген жіпті үш кезеңнен тұратын күрделі технология бойынша алады:
Иіру ертіндісін алу, талшықтарды қалыптау және өңдеу.
Бірінші кезең - бастапқы материалдардан химиялық жолмен сұйық және жабысқақ иіру массасын алу.
Екінші кезең - алынған масса химиялық талшық жасалатын жіп иіру машинасына түседі. Осы машинадағы сүзгілер көмегімен дайын массадан талшықтар түзіледі. Бір машинада 60 - 100 сүзгі болады. Олар өте ұсақ саңылаулары бар шағын металл қалпақша түрінде болады. Сүзгідегі саңылаулар саны 24 - 36мыңға дейін.
Үшінші кезең - талшықтарды өңдеу. Алынған жіптер жуудан, құрғатудан, иіруден, термиялық өңдеуден өтеді. Кейбір талшықтарды ағартады, бояйды және жұмсарту мақсатында сабын ертіндісімен өңдейді.
Химиялық талшықтарды жасау ерекшелігі сол, оның қалыпталу процесі бір мезгілде оны иіру де болып табылады.
Жасанды талшықтар
Вискозалы Ацетатты
Сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім. Вискозалық талшықтан айырмашылығы - шикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде. Асетум латын тілінен аударғанда - сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады.
Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді, 210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін
Кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады(50%); тез отырып, қатты қыртыстанады Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар
Синтетикалық талшықтар
полиамидті полиэфирлі полиакрилонитрилді
капрон, дедерон, нейлон лавсан, полиэстер нитрон, акрил, эластан(лайкра)
Ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді. Берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар, қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады. Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға (жүн, мақта, зығыр) қосып, көйлекке арналған маталар,, трикотаж шығарады Ең төзімді, берік, жылы, үлпілдек талшықтар. Олардан жасалған маталар жүнге ұқсас, трикотаж бұйымдарын, иірілген жіп дайындау кезінде пайдаланылады. Жүн, мақта, вискозаға қосып көйлектік және костюмдік маталар әзірленеді.
Капрон маталардың кемшілігі: жоғары температураға төзбейді, сусымалылық, сетінегіштік, ылғалсіңіргіштік. Таза күйінде лавсанды жіптер, техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. Кемшілігі жоғары температураға төзбейді. Эластанды. көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады.
Түрлі талшықтардан жасалған мата қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы
Қасиеттері
Беріктік Отыруы Ылғалсіңіргіштік Созылымдылық Жуылуы
1. Нейлон 1. Жүн 1. Мақта 1. Эластан 1. Эластан
2. Полиэстер 2. Мақта 2. Зығыр 2. Нейлон 2. Полиэстер
3. Зығыр 3. Зығыр 3. Жібек 3. Жүн 3. Нейлон
4. Жібек 4. Жібек 4. Вискоза 4. Жібек 4. Акрил
5. Мақта 5. Ацетат 5. Жүн 5. Полиэстер 5. Жібек
6. Акрил 6. Ацетат 6. Акрил 6. Ацетат
7. Вискоза 7. Нейлон 7. Вискоза 7. Зығыр
8. Ацетат 8. Акрил 8. Макта 8. Мақта
9. Жүн 9. Полиэстер 9. Вискоза
10. Эластан 10. Эластан 10. Жүн
Қайсысы артық ойыны арқылы оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін тексеру:
- мұнай, таскөмір, ағаш, табиғи газ.
- нитрожібек, вискозалы жібек, ацетатты жібек, табиғи жібек.
- капрон, зығыр, дедедрон, нейлон.
- талшық, мата, жіп, ацетум.
- жібек, жүн, кримплен, мақта.
ІІІ. Практикалық жұмыс
Материалдар мен құралдар: химиялық талшықтардан жасалған мата үлгілері, жұмысқа қажетті құрақтар, ине, қайшы, су құйылған ыдыс, оқулық, дәптер.
Жұмыстың орындалу реттілігі:
• Маталардың үлгісін қарастыру. Сыртқы түрі бойынша анықтау.
• Әрбір үлгіні қолмен қысып, матаның қыртыстануын анықтау.
• Инемен матаның шетінен бірнеше жібін суырып, матаның тарқатылу дәрежесін анықтау.
• Суырған жіпті үзіп беріктігін анықтау.
• Мата үлгілерін ылғалдап, олардың беріктігін құрақ матаның беріктігімен салыстыру.
• Жұмыстың нәтижелері бойынша әр оқушы матаның қасиеттерін кестеге толтыру
Кесте
Қыртыстануы Тарқатылуы Беріктігі Талшық түрі
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Ізгілендіру диаграммасының( Не білдім?, Нені білгім келеді? ) сұрақтарына жауап жазғызу.
1. Химиялық талшықтарды алу үшін қажетті шикізат түрлері?
2. Қандай талшықтарды жасанды деп атайды?
3. Сендердің киімдерің қандай матадан тігілген?
4. Мата талшықтарын білу үшін нені білу керек?
5. Синтетикалық маталар қандай қасиеттерге ие?
6. Жаздық көйлектерге арналған маталардың құрамы қандай болуы керек?
7. Вискозалық талшықтардан жасалған маталардың кемшіліктері?
V. Қортынды
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Жұмыс орнын жинату



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал