7


  • Учителю
  • Открытый урок по технологии на тему 'Құрақ құрау әдістері' (6 класс)

Открытый урок по технологии на тему 'Құрақ құрау әдістері' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау әдістері»Сабақтың мақсаты: Білімділік: құрақ құрау әдісін үйрету, құрақтың түрлерімен таныстыру, құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру.Дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіру, оқушылардың ойлау қабілетің, шеберліктерін дам
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау әдістері»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: құрақ құрау әдісін үйрету, құрақтың түрлерімен таныстыру,

құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру.

Дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіру, оқушылардың ойлау қабілетің,

шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез келген затты

қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б.

Сабақтың әдісі: зерттеу, жүйелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу: Кіргенде оқушылар бір геометриялық фигурадан алады, қандай құрақ түрі түссе сол топқа барып отырады.

І - топ «Аққу»

ІІ - топ «Жұлдызша»

ІІІ- топ «Жауқазын»

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.


II. Жаңа сабақты түсіндіру

а) шығу тарихы;

ә) құрақ түрлері;

б) қолданылуы;

в) құрақ құрау әдісі;


ІІІ. Үй тапсырмасы

(Оқушылар өздері дайындаған құрақ туралы қосымша мәліметтерін оқиды)


Құрақтын шығу тарихы:

Құрақ - мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек. Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.


Құрақ түрлері

Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар.

Соның ішіндегі аққу, жауқазын, жұлдызша құрағы, төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, ел ішінде кеңінен тараған, тағы көптеген құрақ түрлері бар.


Құрақтан жасалған бұйымдар (қолданылуы):

жастық тысы, көрпе, дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде - сәнді сөмке, кошелек т.б


Құрақ дегеніміз не?

1-ші оқушы:

Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар.

Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек.

Екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді.

Қазақ халқы тойсыз болмаған, тойға келген әйелдерге «сендер де осындай тойға жетіндер» деп ырымдап мата жыртып берген. Осындай жыртыстарды жиып, апа-әжелеріміз құрақ құраған.


2-ші оқушы:

Қазақ халқы көшпенді болған, олар базарға жиі баралмайтын, әкелген маталардан әр түрлі киімдер тігіп кіген, содан қалған қиықтардан құрақ құрап неше түрлі көрпешелер жасаған. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.

Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:

1. Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);

2. Жапсырмалау (аппликация).

АҚШ , Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бір қатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешемін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады. Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады.


Жасалу жолдары:

а) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;

ә ) түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;

б) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей

орналасуын қадағалау.


Құрақ құрау үшін керекті құрал-жабдықтар: әр түрлі мата, қайшы, сызғыш, бор, ине, жіп.


Құрау технологиясы:

1. Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.

2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз.

3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.

4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.

Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз. Жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.


1 тапсырма «Құрақ құрау»

Алдыларында жатқан конверттегі қиықтардан құрақ құрандар.

І - конверт «Аққу»

ІІ - конверт «Жұлдызша»

ІІІ - конверт «Жауқазын»


2 тапсырма «Құраққа қатысты амалдарды жаз»


қажетті

құрал-жабдықтар


пайдалы геометриялық

пішіндер

ҚҰРАҚ

тұрмыста әр түрлі

қолданылуы түстер

мата құрақ шетін

түрлері әшекейлеу

3 тапсырма «Қатесін тап»

Берген карточкалардағы аппликациялардағы қатесін табу керек.


4 тапсырма «Үлгі жасау»

Берілген қатты қағаздан әр топ өздерінің құрастырған құрақ түріне қарап үлгі жасап алу.


IV. Сабақты бекіту:

оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау, бағалау.

  1. Құрақ дегеніміз не?

(Мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді)

  1. Қандай ұлттық құрақ түрлерін білесіңдер?

(аққу, жауқазын, жұлдызша құрағы, төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы)

  1. Құрақ құрау техникасы қандай бағытқа бөлінеді?

1. Құрақ құрау (құрақ мозайкасы)

2. Жапсырмалау (аппликация).

  1. Құрақ өнерінде қандай геометриялық фигуралар жиі қолданылады?

(үшбұрыш, төртбұрыш, домалақ, ромб, ...)

  1. Қандай құрақ бұйымдарын білесіңдер

(жастық тысы, көрпе, дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш,

кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде - сәнді

сөмке, кошелек т.б)

  1. Қиықтарды құрастыруда кездесетін қиындықтар

  2. «Су» және «Қос су» деген не?

(«Су» деген - бір түсті матадан кесіліп алынған жолақ, «Қос су» - екі

түсті матадан жүргізілген жолақ)


Қазақ ұлттың өзіне тән өнері, құрақ өнері жайлы білдік. Қандай өнер болса да оған шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда технологияны білу қажет.


Мақал: «Көнілсіз жұмыс өнімсіз».

«Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ».


V. Үйге тапсырма.

Үйге құрақ көрпешелер тігудің технологиясын пайдалана отырып, аққу, жауқазын, жұлдызша құрақтарын тігіп әкелу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал