7


«Ботқа дайындау». (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №2. «Ботқа дайындау».

Өндіріс-экономикажемісінің көзі.


Сабақтың мақсаты:- Қыз балаларға тамақ әзірлеудің жолдарын түсіндіре отырып, ас мәзірінің ерекшелігі, тағамдық маңызын,өндірістер туралы түсініктер беру.

- Ботқаның тағамдық құндылығы туралы түсінігін, дүниетанымын қалыптастыру.

- Оқушыларға икемділікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:сарамандық;

Сабақтың әдісі: аралас, топпен жұмыс;

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

өткен сабаққа шолу;

жаңа сабақты хабарлау;

жаңа сабақты түсіндіру;

практикалық бөлім.

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа назарын аудара отырып, өткен сабаққа шолу жасау:

қыздырып өңдеудің әдісі?

жоғарғы температураның тағамға әсері?

Сабақтың барысы:

Оқушыларға тақырып хабарланып, қысқаша мағлұмат беріледі.

-Жармадан су,сүт,сорпа қосып ботқалар дайындайды. Ботқалар үгілмелі, қою, сұйық, болып бөлінеді. Үгілмелі ботқаларды күріштен, қарақұмықтан, арпа, жармасынан жасайды. Қою және сұйық ботқаларды кез келген жармадан пісіреді. Жармаларды, бұршатылар мен макарондық бұйымдарды пісіргенде олардың салмағы мен көлемі ұлғаяды. Мысалы, бұршақтылар мен макарондардың салмағы 2.5-3 есе өседі.

Практикалық бөлім: Күріш ботқасын дайындау. Дайындалу жолын түсіндіру. Оқушыларға нұсқау беру.

Оқушылардың жұмысын тексеру, өзара талқылау.

Экономика бөлімі. Экономика адамның жеңіл, қызықты өмір сүруіне бағытталған. Бізге керекті нәрсенің барлығын (азық -түлікті,үйлерді,тұрмыстық заттарды) қайдан аламыз? Әрине мұның барлығын жасау керек,яғни өндіру керек.Қажет заттарсыз,азық -түліксіз адам өмір сүре алмайды. Материалдық игілік қайдан шығады?Өндірістен. Қолмен ұстауға болатын игіліктер зауыттарда,фабрикаларда, фермерлік шаруашылықтарда өндіріледі. Бұлар - материалдық өндіріс.

Бірақ көптеген адамдар денсаулық сақтау,ағарту,сауда салаларында жұмыс істеп,бізді емдейді,оқытады,бізге қажетті тамақ, киім сатады. Бұл -қызмет көрсету.

Экономистер қазіргі кезде қызмет көрсетулерді материалдық емес өндіріс деп есептейді.

Адам тек жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар,демалы, емделуі, өзін -өзі дамытуы керек. Бұл үшін театрлар,мұражайлар,кітаптар, көркемөнер, ғылыми еңбектер және көптеген тағы басқалар керек. Бұлардың барлығы рухани байлықты құрайды.

Рухани орта материалдық өндірістің дамуы үшін де маңызды. Білім, ақыл -ой, қиял адам игілігі үшін жаңалықтыа іздеп, туғызады.

Өндіріс-материалдық игілік пен қызмет көрсетулер жасау процесі.

Өндіріс -адамдардың қажеттілігін өндіруге қажет материалдық игіліктерді құру процесі.

Өндіруші- өнім өндіріп,қызмет көрсететін адам.

Бағалау.

Сабақтың қорытындылау: оқушыларға ботқаның балалар тағамы ғана емес, диеталық ас ретінде әр түрлі ауруларға ұсынылатыны айтылады. Үйге тапсырма: ботқа түрлерінен рецепт.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал