7


қОл тігісінің түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қол тігісінің түрлері.Сабақтың мақсаты:1) Қол тігісінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер туралы білімдерін кеңейтіп, одан әрі таным деңгейін арттыру;2) Оқушылардың көру және ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қайта жаңғыртуға үйрету. Саусақ қимылдарының шеберлігін
предварительный просмотр материала

Қол тігісінің түрлері.


Сабақтың мақсаты:

1) Қол тігісінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер туралы білімдерін кеңейтіп, одан әрі таным деңгейін арттыру;

2) Оқушылардың көру және ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қайта жаңғыртуға үйрету. Саусақ қимылдарының шеберлігін дамыту;

3) Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке үйрету.Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу.

Сабақ көрнекілігі: сәндік тігіс түрлері, әр түрлі суреттер, нақыл сөздер, жұмбақ.

Пәнаралық байланыс: сурет, тарих, әдебиет.

Сабақ турі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмыс.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.

II. Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру мақсатында « Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау.

Тақырыбы: « Мата туралы түсінік».

1) Мақта матасы оның қасиеттері. Мақта матасынан жасалатын заттар.

2) Зығыр матасы. Зығыр өсімдігінің ерекшелігі. Зығыр матасының қасиеттері мен қолданылуы.

3) Мата туралы түсініктерін тексеру үшін тестік жумыс.

III. Жаңа сабаққа оқушылардың зейінін аудару мақсатында сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.

1) Тұмсығы мықты, қырмен ойды тегістеп шықты. (Үтік)

2) Сөзі дана үні жоқ, сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң шешен, ақылы асқан көсем. (Кітап)

3) Өшірді сүртті,

Өзгені құртты,

Өзін де құртты. (Өшіргіш)

4) Аппақ дала қара дән,

Дәнін сепсең түсінуге жараған. (Әріп)

5) Аспай піскен, қайнамай тускен. (Жеміс)



IV. Жаңа сабаққа мақсат қою кезеңі: оқушыларға тігіс түрлерін үйрете отырып, оны өмірде қолдануға дағдыландыру және көркем тігістің ұлттық ерекшеліктеріне мән беру.

V. Жаңа сабақтың өтілу жоспары:

1) Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру.

2) Қол тігісінде сақталатын қауіпсіздік ережесін «Ойлан тап» ойыны арқылы оқушылардың қауіпсіздік ережесін еске түсіруі.

3) Қол тігісінің терминологиялық түсіндірмесі.

4) Қол тігісінің түрлері.

а) Көктеу тігісі.

ә) Тізбек тігістер.

б) Шет тігістер.

в) Айқас тігістер.

5) «Кестені қол тігеді, көз сынайды»- деген мақалдың мағынасын кім айтады?

Бұл мақалдың мағынасы - әдемі бұйым шығармашылығы, өз еңбегіне қуануы, жақсы, әдемі, көркем етіп істелуінде.

Бекіту сұрақтары:

1) Тігіс дегеніміз не ?

2) Тігістер нешеге бөлінеді ?

3) Шет тігістері не үшін пайдаланылады ?

4) Қол жұмыстарына қажетті құралдарды ата .

Бекіту мақсатында оқушыларға тігіс суреттері салынған карточкалар таратылады, оған олар тігіс аттарын жазады.

Сарамандық жұмыс.

Әр оқушыға таратылып берілген тігіс түрлері матаға тігіледі.

Қорытынды: оқушылардың сарамандық жұмыстарын тексеру , бағалау.

Үй тапсырмасы. Қол тігістерін орындауға байланысты пайдалы кеңестер жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал