7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Мата түрлері. Жіп туралы мәлімет. Жіппен жұмыс түрлері.

Тақырыбы: Мата түрлері. Жіп туралы мәлімет. Жіппен жұмыс түрлері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыныбы:2Тақырыбы: Мата түрлері. Жіп туралы мәлімет. Жіппен жұмыс түрлері. Мақсаты:1.Оқушыларға мата тарихынан, түрлерінен мағұлмат беру2.Ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту3.Өнерді сүюге, құрметтеуге, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеуТүрі: аралас сабақ.Әдісі:
предварительный просмотр материала

Күні:16.01.2015

Сыныбы:2

Тақырыбы: Мата түрлері. Жіп туралы мәлімет. Жіппен жұмыс түрлері.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға мата тарихынан, түрлерінен мағұлмат беру

  2. Ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту

  3. Өнерді сүюге, құрметтеуге, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, сарамандық жұмыс.

Көрнекілігі: альбомдар, мата қиындылары, қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, назарларын сабаққа аудару.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол болады.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

Ал, ендеше сабаққа дайын болсақ, сабаққа керек заттарыңды,, оқу-құралдарыңды ,қажетті заттарыңды алып, артық заттарымызды сөмкемізге салып қоямыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үлгі бойынша қол арба құрастыру.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: балаларға сабақтың мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ. Кіріспе.

Балалар бүгінгі сабағымызда мата туралы өтеміз. Мата дегеніміз не? Мата қайдан алынады? Матаның жібек, мақта-мата және жүн сияқты түрлері бар. Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы-талшықтан жіп жасау. Мата негізінен талшықтан тұрады. Талшық табиғи және қоспалы болып бөлінеді. Табиғи жіп жануарлардан мысалы:қой, ешкі, түйеден алынады. Бұл табиғи жіп. Табиғи талшықтарға өсімдік (мақта, зығыр да жатады). Мақта қазір өзімізде Оңтүстік Қазақстанда арнайы өсіріледі. (Шымкентте). Бұрын матаны шетелден Ұлы Жібек жолы тасымалдау арқылы киім тікті. Маталар бір-біріне түсі өрнегі, қалыңдығы мен төзімділігіне қарай ажыратылады. Матаның оң және теріс беті болады. Мата гүлді болса да, гүлсіз болса да оң және теріс беті білініп, көрініп тұрады.

Мата түрлері

Сырт киімдік бағалы маталар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап.

Жібек маталар: баршын, кініпас, кіріс, кіләңкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы.

Жұқа маталар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.

Арзанқол маталар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, аңзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке.

Жіп - қысқа талшықтардан ширатылған, және тоқуға, киім, , т.б. тігуге, , т.б. пайдаланылатын жеңіл өнімі.

Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Оның біріншісі - ұршық. Екіншісі - . Ұршықпен жүн иірудің де екі түрлі әдісі бар. Бірі - шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі - шүйкені жоғары (үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және т.с.с.) іліп қойып иіру. Екеуінде де иіруші шебердің созу, оны іліп, иіріліп келе жатқан жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыптығырлай отыруын, саусақтарының шебер, ширақ қимылдауын керек етеді. Иіріп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен жалғастырады.

Сергіту сәті.

Қолымызды жазайық, алақанды ашайық

Оң жағыма шапалақ, Сол жағыма шапалақ,

Шапалақ та шапалақ, Шапалақ та шапалақ!


Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап жалаңаш өзі безді. (ине)
Екі басты жалмауыз,
Керіп аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер,
Өзінен өзі қашады. (қайшы)
Қимылдаса қос шебер
Қыруар істі бітірер (қол)

Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Қайшыны лақтырып, сермеме;

  2. Қайшының ашасын ашық тастама;

  3. Қайшыны партаның оң жақ шетіне қой;

  4. Қайшыны ұстағанда өзің жүзінен ұстап, алушыға сабын бер.

Сарамандық жұмыс. Ары қарай жұмысымызды жалғастырайық. Олай болса балалар біз матаға түйме қадауды үйренейік.

Ү. Қорыту. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

1.Мата дегеніміз не екен?

2. Мақта қазір өзімізде қай жерде өсіріледі? Оңтүстік Қазақстанда

3. Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп жіберейікші?

ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын көрме түрінде бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: қауіпсіздік ережелерін жаттап келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал