- Учителю
- 'Мақта және зығыр талшықтарымен танысу. ' (5- класс)
'Мақта және зығыр талшықтарымен танысу. ' (5- класс)
Сабақтың тақырыбы: Мақта және зығыр талшықтарымен танысу.
Сабақтың мақсаты:
♦ Оқушыларды талшық түрлерімен таныстыра отырып, оның ерекшелігін ажырата білуге, талшық қасиетін жіктей білуге үйрету.
♦ Зерттеу барысында оқушылардың өз ұстанымдарын нақты қоя білуге дағдыландыру.
♦ Еңбексүйгіштікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сарамандық;
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, демонстрациялау, зерттеу.
Пән аралық байланыс: математика, биология, әдебиет.
Көрнекілігі: үлгі-суреттер, кестелер, мата түрлерінен жинақтама, « Маталар қасиетінің салыстырмалы сипаттамасы», ұлғайтқыш шыны (лупа).
Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Өткен сабаққа шолу;
ІІ. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақты хабарлау; Дәріс;
Практикалық жұмыс;
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Сабақты бекіту; үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру бөлімі
Өткен сабақ бойынша диктант-сұрақ:
-
Негізгі жіп, матаның жиегіне----------------орналасқан. (бойлай, параллель)
-
Арқау жіп,негізгі жіпке қарағанда--------------болады.(жуандау, қысқа)
-
Бөлек-бөлек қысқа талшықтардан тұтас жіп (иірімжіп) алу процесі-------------------- деп аталады. (иіру)
-
Жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап--------- деп аталады.
-
Тығыз тоқылған арқау жіп пен бойлық жіптің негізінде матаның шетін бойлай--------------- пайда болады. (жиек)
ІІ. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ хабарланып, мақсат-міндеті қойылады. Оқушылардың назарына мақта мен зығырдың өсімдік түрі ұсынылады.(суретті бейнесі)
Мақта мен зығырдың түрі, қасиеті туралы мәтін таратылады. Мәтінді мұқият оқу, класс ішінде талдау, талқылау (Бірлесіп оқу)
Практикалық бөлім: Оқушылар жұптасып жұмыс жасауға болады. Зығыр мен мақта мата түрінен мата қиындысы таратылып, талшықтарының айырмашылығын салыстыру. Мәтінге сүйене отырып, «Зығыр және мақта матасының құрылысы» кестесін толтыру.
ІІІ. Қорытынды бөлім: материалды бекіту;
Пысықтауға арналған сұрақтар:
Зығыр және мақта талшықтарынан қандай мата түрлерін білесіңдер?
Жауабы: зығыр матасының түрлері: кенеп, зығыр полотносы,зығыр бәтесі т.б.
Мақта матасының түрлері: шыт, бәтес, джинсалық мата, ши барқыт т.б.
Зығыр, мақта талшықтары қандай талшық түріне жатады?
Жауабы: табиғи.
Оқушыларды бағалау: сабаққа белсене араласқан оқушыларды атап, бағалау
Үйге тапсырма: талшықтардың суреттерін салып келу.