7


  • Учителю
  • Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік

Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ШҚО

Семей қаласы

№25 орта мектеп

Дайындаған: Технология пәнінің мұғалімі: Жұмақұлов Б.А.

Пән: Технология .

Сыныбы: 5 «А».

Сабақтың тақырыбы: Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағаш өңдейтін құрал-сайман түрлерімен таныстыру.

1. Білімділік: ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандарымен таныстыру, өңдеу әдістерін меңгеру.

2. Дамытушылық: ағаш материалдарын пайдалану, оқушылардың өңдеуге ой-өрісін дамыту, шеберлігін, іскерлігін, икемдеу, және дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық және әсемдікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: көрнекілік суреттер, құрал-сайман түрлері ара, сүргі, қашау, балға және т.б.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,өз бетімен жұмыс

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа тақырыпты пысықтау

4.Өздік жұмыс

5. Жаңа сабақты бекіту

6. Сабақты қорытындылау

7. Оқушыларды бағалау

8. Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу және оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру: Ағаш материалдарына сипаттама беріп келу.

3. Жаңа тақырыпты пысықтау: Ағаш өңдеу және оның құрал-саймандары туралы танысамыз. Ағаш өңдеу - Ағаш материалдарын өңдеу үшін оның түр-түсінің, ерекшеліктері, тығыздығы, жұмсақ, қаттылығы, жылумен ылғал өткізгіштігі т.б. қасиеттері ескеріледі. Ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткізу барысында дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу және т.б. Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарының, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін өңдеуге қолданған. Әр түрлі ағаштан жасалған әшкей бұйымдарды ең алдымен жасау үшін ағаш бетіне үйлесімді сай келетіндей ою-өрнек, суреттер қолданады. Ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын қол немесе механикаландырылған құралдар. Оған: - қолмен жұмыс жасайтын құрал-саймандардың түрлері балта, бұрауыш, тістеуік, егеу,қашау ара, сүргі, және т.б. Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған. Механика құрал-саймандарға - электр ара, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электр фреза, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптарын пайдаланады. Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінікАғашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінікАғашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік

Ағашты өңдеу және оның құрал-саймандары туралы түсінік



















4.Өздік жұмыс: Бүгінгі сабақта біз ағаш өңдеуден бастап. Ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын қолмен жұмыс жасайтын құрал-сайман түрлерінің ішінен қол арамен жұмыс жасайтын боламыз. Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу. Араның қалыңдығы әр түрлі болаттардан жасалады. Ара тістері үшбұрышталып қиғаш қайралады. Ара тісі екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден ол ағаш талшығын кеседі, екіншіден кескенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады. Жұмыс алдында: Арнаулы

киімді дұрыс ки. Құрал-жабдықты түгендеу.Шеберүстелдегі артық құрал-жабдықтарды ретімен қойып шығу.Жұмысты бастамас бұрын біз қол арамен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаумыз қажет. Ағаш кесетін қол арамен жұмыс жасаған кезде араны дұрыс бағытта ұстай білу керек. Ағаш кесу кезінде жасалатын бұйымға ағаш түріне қарай әр түрлі араны пайдалануға болады. Ағашты арамен кесу кезінде денеңді, араны дұрыс ұстау керек. Ара оң қолыңда, сол қолыңмен кесетін ағашты тіреп тұрасың. Оң аяғың сол аяқтан сәл алшақтау болсын. Араны күшпен кесуге болмайды. Бірқалыпты жұмыс жасау қажет. Оқушыларға ағаш бетіне түзу сызық сызып, сызықтан асырмай, түзу кесіп шығу. Шеберүстелін қалдықтардан, жоңқалардан тазартып отырады.Жұмыс жасап жатқанда басқа оқушыларға кедергі жасауға болмайды.Жұмыс істеп тұрған құрал бұзылып істен шығып қалса, оны тез арада мұғалімге айтып, алмастырады.Жұмыс соңында аяқталмаған жұмыс материалдарын мұғалімге немесе кезекшіге өткізу.Құрал-жабдықты қайта өз орнына қою.

5.Жаңа сабақты бекіту: Бүгінгі сабақта біз қол арамен жұмыс жасау технологиясын меңгердік. Ағаш бетіндегі түзу сызықты қол арамен түзу кесіп шықтыңдар жарайсыңдар. Балалар, біз бүгін не үйрендік? Не білдік?

1.Ағашты өңдеу кезінде құрал-сайман түрлерін атап бер?

2. Ара не үшін қажет?

3. Сүргіні не үшін қолданамыз?

4. Ара тісі не үшін қиғаш болады?

5. Арамен жұмыс кезінде өзіңді қалай ұстайсың?

6.Сабақты қорытындылау: Әр оқушы өздері жасаған жұмысына талдау жасайды.

Жұмыс барысында өзіне қандай жаңа әдіс-тәсіл меңгергенін, қандай құрал-сайман пайдаланғанын айту, өздері істеген жұмысын қорғау.

</ 7.Оқушыларды бағалау: Бүгінгі жаңа сабақта түгелдерің Ағашты өңдеу және олардың құрал-сайман түрлерімен таныс болдыңдар. Жасаған жұмыстарыңда өте әдемі жақсы деңгейде шықты.

8.Үй тапсырмасы: Үйден ағаш өңдейтін станоктар жайлы мағлұмат жазып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал