- Учителю
- 6 Сыныпка арналган конспект 'Матаны пишуге дайындау пишу'
6 Сыныпка арналган конспект 'Матаны пишуге дайындау пишу'
Матаны пішуге дайындау.
-
Матаның сапасын тексеру: матаның жыртылған жері, жіптердің ашылып қалғанын, дақтар, боялған ақаулары.
-
Матаның оң және теріс жақтарын анықтау. Негіз жібінің бағытын және суретін анықтау.
-
Матаны үтіктеу.
-
Матаның енін және ұзындығын өлшеп матаның ұздығымен шетіндегі жиектерін қиып тастау.
-
Негіз жібі бойымен матаның оң жағын ішке қаратып екі бүктеп түйреуіштермен қадап қою.
-
Мата қиындысының енін түзулеп сызғышпен перпендикуляр сызып қиып тастау.
Матаға пішім бөлшектерін орналастыру.
-
Негізгі пішім бөлшегін матаның бүгілген жағына сызылған сызығынан 2 см шегіндіріп (астынғы қиындыны өңдегенге) орналастырып түйреуіштерімен қадап қою.
-
Пішім бөлшектің иық сызығы бойымен матаның ені бойы сызықты жүргізу.
-
Белгіленген иық сызығы бойымен матаны көлденең бүгіп қойып түйреуіштермен түйреу (егер матаның беті тегіс боялған немесе негіз жібі белгілі бір бағытталмаса). Матаның қалған жерін кесіп тастау.
-
Әдіптің пішімдерін матаның қалған қиығының бүгілген жағына суретте көрсетілгендей орналастырып түйреуіштермен түйреп қою.
-
Пішім бөлшектерінің шетін айналдыра сызу.
-
Қосымшалардың енін өлшеп белгілеп айналдырып сызып қою.
Өзін өзі тексеру. Тексеру: 1. Пішім бөлшектерінің белгіленген негіз жібінің бағыты матаның бағытымен сәйкестігі; 2. Пішім бөлшектегідей қосымшалары матада дұрыс алып белгілегені.
Матаны пішу.
-
Бөлшектерді және әдіптерді қосымшаға алынған сызығы бойынша пішу. Көйлектің жағасын қимау керек.
-
Бөлшектерді пішілгенін аударып қою. Пішім болшектерін алып тастап мата пішімін түйреуіштерімен қадап қою.
Өзін өзі тексеру. Тексеру:1. қосымшалардың ені пішкен кезде біркелкі болуы; 2. Жұмысты ұқыпты жасалғаны - айналдырып сызған сызығы түзу, тиянақты орындалғаны, қосымшаның ені пішім бойы біркелкі, тиянақты түзу орындалғаны.
Бөлшектерді көктеуге дайындау.
-
Бөлшектерді пішкеннен кейін симетриялы бөлшектерге сызықтарды жүргізу. Көшіру тігістерін жүргізіп айырып жжіптердің ортасынан қиып аламыз.
-
Ең алдымен ұсақ бөлшектерді көктеу керек. Содан кейін арқа бөлшектерін дайындайды. Ол үшін қынамаларды, рельефті тігістерді, бүкпелерді орындайды. Содан кейін ірі бөлшектерді иық сызығынан және жан сызығы бойымен көктейді.
Өлшемдер алу.
-
Өлшемдерді тұлғадан оң жақтан өлшейді; Белді алдын ала баушамен байлап қояды.
-
Өлшемдерді алған кезде өлшенетін адам түзу тұру керек; Өлшемдерді сантиметірлік лентамен өлшейді, өлшеген кезде лентаны тартпай ұстайды.
-
Ұзындық өлшемдерді толық жазылады; ал енін және қынау өлшемдерін жартылай жазылады. Өйткені сызбаны тұлғаның жартысына құрастырылады.