7


Урок по технологий (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Үй мәдениеті. Электро техникалық жұмыс негіздері.

Үй өсімдіктері пәтер интерьерінде.


Сыныбы: 5 а,б сынып күні: 25.02

Сабақтың мақсаты:

а) Қыз балалары үй мәдениетіне үйді жинау, тазалауға

үйрету.

ә) Әрдайым таза, ұқыпты жүру арқылы қыздарды әдемі,

сұлу көрінуге дағдыландыру.

б) Үйді жинау, тазалау арқылы қыз балаларды тазалыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ , буклет, суреттер.

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

  2. Жаңа сабақ


Үй мәдениеті - Бұл тұрғын үйдiң әдемiлiгi, тазалық пен тәртiптi сақтау, отбасы адамдарының өзара жақсы қатынасы, силастығы, мейрамдарды көтерiңкi көңіл-күй мен ынтымақпен еткiзу.

Сендер де үй мәдениетiн қолдауларыңа болады. Калай деп сұрайсыңдар ғой?

Мысалы, үйдi өсiмдiктермен, гүлдермен көркемдеу. Үй өсiмдiктерi хош иiсi мен түрiнің әдемiлiгiмен, түсiмен табиғатпен етене бiрiгуге себепкер болады. Олар адамдарға жағымды әсер етедi, көңiл-күйiн көтередi, кызбалығын түсiредi. Олар шаңды жұтып, ауаны тазартады, ылғалдайды және микробтарды залалсыздандырады. Өсiмдiктер, өздерiң бiлесiңдер, тұрғын жайдың тазартушылары.

Үй өсiмдiктерiн орналастырудың негiзгi төрт әдiсi бар: жеке өсiмдiктер, сауытты композициясы, бөлме бақшасы, террариум.

Құмырада өсетiн гүлдердiң арасында кейбiр гүлдер көзтартарлық әсем болғандықтан оларды баскалардан бөлек қойған дұрыс болады. Оларға ампельдi бегония, глоксиния, тортензия т.б. жатады. Көңiл аудар: ас iшетін үстелдiң үстiнде кесiп алынған тiрi гүлдердiң орнында сауытта өсетiн гүлдер. Бұл гүлдер биiк болмау керек, әңгiмелесiп отырғандарға кедергi жасамайтындай (крокус, мәңгi гүлдеушi бегония, майда жапырақты плющ). Отырғандардың тәбетiн бұзатын шектен тыс хош иiстi өсiмдiктерден аулақ болыңдар.

Сауытты өсiмдiктер композициясы (1,2-суреттер) - терезе алдында өсетiн гүлдер. Олар қоршаған ортаға сейкес болуы қажет.


Қорытындылау:

  1. Үй мәдениеті дегеніміз не?

  2. Тұрғын үйге қандай тазалық - гигиеналық талаптар қойылады?

  3. Қандай бөлме өсімдіктерін білесіздер?

Үйге: Бөлме өсімдіктері туралы мәлімет жинау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал